Жамбыл облысында жұмыс істеп жүрген қытай азаматтары қамауға алынды. 119 шетелдік Сарысу ауданында салынып жатқан Сода зауытының құрылысына тартылған. Оларды кәсіпорын аумағынан Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері мен полиция бірлесіп ұстады. Құжаттары тексеріліп, ел аумағында заңсыз жүргені анықталды. Барлығының жұмыс визасы жоқ болып шықты. Сарысу аудандық сотының шешімімен 16 қытай азаматы елден шығарылатын болды. Қалғандарының құжаттары әлі тексеріліп жатыр.
Қызылордада өлімге әкелген жол апатының күдіктісі іздестірілуде
Қызылордада әйел мен оның сәбиін қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші іздестіріліп жатыр. Ауруханаға жеткізілген бала қайтыс...




