Астанада танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға (Жанабылова) қатысты алдын ала сот отырысы басталды. Елордалық жұлдызды жұпқа Қылмыстық кодекстің 214-бабы (Заңсыз кәсіпкерлік) және 218-бабы (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе мүлікті заңдастыру) бойынша айып тағылып отыр.
Сот залында блогерлердің адвокаты сот процесін жабық режимде өткізу туралы өтініш білдірді. Алайда прокурорлар бұл ұсынысқа қарсы шығып, сот қорғау тарапының өтінішін қабылдамады. Осылайша, сот отырысы ашық түрде жалғасатын болды. Сонымен қатар Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова БАҚ өкілдерінің өздерін суретке және видеоға түсіруіне үзілді-кесілді қарсылық білдірді.
Бұл іс қоғамда үлкен талқылау тудырып отыр, өйткені айыптау баптары бойынша мүлкті тәркілеу және бас бостандығынан айыру жазалары қарастырылған.
Жаңаөзен әкімінің бұрынғы орынбасары ауруханаға бөлінген қаржыны жымқыру ісі бойынша тексеріліп жатыр
Жаңаөзен әкімінің бұрынғы орынбасары қалалық аурухананы жабдықтауға бөлінген демеушілік қаражатты жымқыруы мүмкін деген іс бойынша күдікке ілінді....




