Жапонияда 88 жастағы ер адам өлім жазасын күтіп түрмеде 56 жыл отырған. Бірақ өткен тәулікте сот Ивао Хакамаданы ақтап шығарды. Себебі ол 1966 жылы тұтас бір отбасыны өлтірді деген айып жалған болып шықты. Айта кетсек, бұл — әлемдегі үкімнің орындалуын күткен ең ұзақ мерзім. Адвокаттарының айтуынша, ондаған жылдар бойы ең ауыр жазаны күткен Хакамада психикалық ауруға шалдыққан. Сондықтан қария кешегі сот тыңдалымына қатыса алмады.
Таиланд алапат тасқынға дайындалып жатыр
Таиландтың орталығындағы провинциялар алапат тасқынға дайындалып жатыр. Себебі мұнда бірнеше апта бойы жаңбыр тоқтаусыз төпелеп жауған. Cалдарынан...