3 наурыз күні кешкі сағат жеті шамасында Семейдегі «Bala Park» балалар ойын-сауық орталығында ірі өрт шықты. Оқиға кезінде ғимарат іші балалар мен ата-аналарға толы болған. Куәгерлердің айтуынша, адамдар үрей ішінде далаға қарай қашқан. Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда қатты жарылыс дыбысы естіледі, бірақ Абай облыстық ТЖД бұл хлопокқа не себеп болғанын әлі ресми жариялаған жоқ.
Медициналық көмек және зардап шеккендер:
Абай облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнына 5 жедел жәрдем бригадасы жіберілді:
* Көмекке жүгінгендер: 6 адам (3 ересек және 3 бала).
* Үйіне жіберілгендер: 5 адам тексерістен кейін амбулаторлық емге жіберілді.
* Ауруханаға жатқызылғандар: 2007 жылғы бойжеткен токсикология бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты.
Сөндіру жұмыстары:
Қазіргі уақытта өрт оқшауланды. Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде ғимараттың қабатаралық жабындары құлап кеткен. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қадағалап, құтқарушылардың жұмысына жағдай жасады.
Семей әкімі Әділет Қожанбаев оқиға орнында болып, қаза тапқандар туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. Әкім желіде тарап жатқан жалған ақпараттарға (фейк) сенбеуді сұрады. Өрттің шығу себебі толық сөндіру жұмыстарынан кейін белгілі болады.
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен бала құлап кетті: Бүлдіршін көз жұмды
Астана қаласындағы Тілендиев көшесі, 44А мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үй кешенінде қайғылы жағдай орын алды. Көпқабатты үйдің...









