Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Зерттеу

Жемқорлық жайлы хабарлағандар 35,5 млн теңге сыйақы алды

Былтыр Антикордың Call-орталығына 26 мыңнан астам өтініш түскен.

Тоғжан Төлеген
19 марта, 2025
Зерттеу
A A
Жемқорлық жайлы хабарлағандар 35,5 млн теңге сыйақы алды
WhatsappTelegram

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәселелері бойынша 5,8 мыңнан кеңес берілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері бар 862 хабарлама түсті. Call-орталық арқылы келіп түскен хабарламалардың нәтижелері бойынша ашылған қылмыстық істердің саны артып келеді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдем көрсететін адамдарға, егер кінәлі адамға қатысты сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, біржолғы ақшалай сыйақы төленетінін еске саламыз», – деді Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Ресми өкілдің мәлімдеуінше, сыйақы қағидалармен регламенттелген және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру және азаматтық қоғамды ынталандырушы тетік.

«Сыйақы 10%-ға дейін, бірақ 4 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайды. Яғни, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы сенімді ақпарат бергені үшін 15,7 млн теңгеге дейін сыйақы көзделген. 2024 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жалпы сомасы 35,5 млн теңгеге 104 азаматты көтермеледі, оның ішінде 38 мемлекеттік қызметші грамоталармен марапатталды», – дейді ол.

Еске сала кетейік, Антикор іске қосқан WhatsApp чат-ботына жемқорлық туралы хабарласаңыз, 15,7 млн теңге сыйақы алуға мүмкіндік бар.

 

Тегтер: АнтикорБасты жаңалықтарБасты оқиғаларЖемқорлықСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігісыйақы
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Мемлекет басшысы әлеуметтік саладағы ірі алаяқтық фактілеріне пікір білдірді

Мемлекет басшысы әлеуметтік саладағы ірі алаяқтық фактілеріне пікір білдірді

Дана Альсеитова
10 февраля, 2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) қызметіне қатысты анықталған жымқыру фактілері бойынша пікір білдірді, деп...

Комик Нұрлан Сабуровқа қатысты бейнежазба бойынша тексеру талап етілді

Комик Нұрлан Сабуровқа қатысты бейнежазба бойынша тексеру талап етілді

Дана Альсеитова
10 февраля, 2026

Қазақстандық белсенді Марат Тұрымбетов комик Нұрлан Сабуровқа қатысты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына арыз жолдады, деп хабарлайды Sona.kz...

Полиция Жылыойского района выявила нарушения при хранении служебного оружия

Жылыой ауданында қызметтік қаруды сақтау кезінде заңбұзушылықтар тіркелді

Дана Альсеитова
9 февраля, 2026

Жылыой ауданында үш мекемеде қару айналымы ережелерінің бұзылғаны анықталды. Бұл туралы Жылыой аудандық полиция басқармасы хабарлады. Тексеру...

Семей тұрғыны әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды

Семей тұрғыны әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды

Дана Альсеитова
9 февраля, 2026

Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында терроризмді онлайн-платформалар арқылы насихаттады деп айыпталған қала тұрғынына қатысты қылмыстық...

Қатысты жаңалықтар

Әлемде Дүниежүзілік радио күні мерекеленуде

Әлемде Дүниежүзілік радио күні мерекеленуде

13 февраля, 2026
Президент 2026 жылғы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

Президент 2026 жылғы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

11 февраля, 2026
Қонаевта газ-ауа қоспасының жарылуы жиіледі: комиссия мүшелері үйлерді аралайды

Қонаевта газ-ауа қоспасының жарылуы жиіледі: комиссия мүшелері үйлерді аралайды

11 февраля, 2026
В Алматы неизвестные насильно увезли мужчину, представившись сотрудниками органов

Ер адамды әкету фактісі бойынша «ұстап алу» жоспары енгізілді

11 февраля, 2026
Қазақстанда 11 мың шақырым жол жаңғыртылып, әуежайлардың өткізу қабілеті артады

Қазақстанда 11 мың шақырым жол жаңғыртылып, әуежайлардың өткізу қабілеті артады

10 февраля, 2026
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz