Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Мәдениет

Зиялы қауым өкілдеріне мемлекеттік стипендия табысталды

Аида Балаева стипендия иегерлерін құттықтап, олардың қазақ мәдениетін дамытуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Тоғжан Төлеген
16 января, 2025
Мәдениет
A A
Зиялы қауым өкілдеріне мемлекеттік стипендия табысталды
WhatsappTelegram

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева  шығармашылық зиялы қауым мәдени бірегейлікті сақтау, ел бірлігін нығайту және ұлттық құндылықтарды насихаттау ісінде маңызды рөл атқаратынын айтты.

– Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұлттық руханият туралы үнемі айтып, оның елдік жолындағы орасан күші мен мол мүмкіндіктеріне қоғамның назарын аударып жүргені мәлім. Жылдағы халыққа арнаған Жолдаулары, Ұлттық Құрылтайдағы бастамалары, түрлі сұқбаттарының өзегінде – Тәуелсіздік пен Отаншылдық, Бірлік пен Ынтымақ, Әділдік пен Жауапкершілік, Заң мен Тәртіп, Жасампаздық пен Жаңашылдық сияқты бүгінгі Қазақстанға ауадай қажет құндылықтар жатыр. Халықты бірлікке шақыру, татулықты нығайту, жас ұрпаққа ізгі құндылықтарды сіңіру – міне, бұл сіз бен біздің, яғни, зиялы орта мен мемлекеттің ортақ мүддесі, – деді министр.Аида Балаева Мемлекет басшысының барлық бастамасы ең алдымен ұлт бірлігін қалыптастыруға, мемлекетті нығайтуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

– Елдіктің мәртебесін арттыруда өздеріңіздей мәдениет майталмандарына, шығармашыл қауым өкілдеріне жүктелер міндеттің де ауқымы зор. Әрине, осы жолда зиялы қауым өкілдері Президентімізге тірек болып, қашанда қолдау білдіретіндігіне күмәніміз жоқ. Ең бастысы – осы игі бағытта жұдырықтай жұмылып, ел мүддесі үшін аянбай қызмет ету. Мемлекет өз тарапынан мәдениет майталмандарының шығармашылығын қолдауды жүйелі түрде жалғастыра береді, – деді министр.

Стипендия иегерлері қатарында Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова, Олжас Сүлейменов, Иранбек Оразбаев, Нұрғали Нүсіпжан, Тұңғышбай Жаманқұлов, Меруерт Өтекешева, Амандос Ақанаев, Дулат Исабеков, Төлен Әбдікұлы, Татьяна Тарская, Гульвер Разиева және басқа да көрнекті мәдениет қайраткерлері бар.

Тегтер: Аида БалаеваБасты жаңалықтарБасты оқиғаларМемлекеттік стипендия
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Alem: «91-ді масон деді – зерттеп көрдік»

Alem: «91-ді масон деді – зерттеп көрдік»

Дана Альсеитова
30 июня, 2025

Танымал әнші, 91 тобының мүшесі Alem «Айқап» подкастында қоғамдағы конспирологиялық пікірлерге қатысты ойын айтты. Оның айтуынша, топ...

ZAQ: «Қызым Айрин маңдайымен өмірге келді — мұндайды акушердің өзі алғаш көрген»

Рэпер ZAQ: «Жер сілкінісінен кейін Астанаға көшуге мәжбүр болдық»

Дана Альсеитова
23 июня, 2025

  Музыканттың айтуынша, әйелі екіқабат екенін білген сәтте Алматыда жер сілкінісі болған. Бірінші сілкіністен кейін жары өзін...

«91» тобын Сәтпаев қаласынан концертке кіргізбей қойған — Alem

«91» тобын Сәтпаев қаласынан концертке кіргізбей қойған — Alem

Дана Альсеитова
23 июня, 2025

«91» тобының мүшесі Alem «Айқап» подкастында топтың кейбір қалаларда концерт өткізуіне тосқауыл қойылғанын айтты. Оның сөзінше, Түркістанда...

ZAQ: «Қызым Айрин маңдайымен өмірге келді — мұндайды акушердің өзі алғаш көрген»

ZAQ: «Қызым Айрин маңдайымен өмірге келді — мұндайды акушердің өзі алғаш көрген»

Дана Альсеитова
23 июня, 2025

Музыкант үшін ең ауыр әрі ең бақытты күн — қызы Айриннің дүниеге келген сәті болыпты. ZAQ-тың айтуынша,...

Қатысты жаңалықтар

Ауруханадағы алаяқтық: Қызылордада бір медициналық төсек үшін 1,2 миллион теңге төлеген

Ауруханадағы алаяқтық: Қызылордада бір медициналық төсек үшін 1,2 миллион теңге төлеген

11 июля, 2025
Руководитель ДЧС Алматы покинул пост — МЧС прокомментировало

Алматы қаласының ТЖД басшысы қызметінен кетті — ТЖМ түсініктеме берді

11 июля, 2025
Премьер-министр потребовал навести порядок на курортах после критики Токаева

Премьер-министр Тоқаевтың сынынан кейін курорттарда тәртіп орнатуды талап етті

10 июля, 2025

Тоқаев демалыс аймақтарында тәртіп орнатуды және кінәлілерді жазалауды тапсырды

10 июля, 2025
Перизат Кайрат заявила о побоях — появилось видео из СИЗО

Перизат Қайрат соққыға жығылғанын айтты — тергеу изоляторынан бейнежазба жарияланды

10 июля, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz