Президенттің баспасөз қызметінде кадрлық өзгеріс: жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sona.kz  Ақордаға сілтеме жасап.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Ол бұрын атқарған лауазымынан босатылды.

Айбек Смадияров бұған дейін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметін атқарған.

Президент Әкімшілігіндегі кадрлық өзгерістер туралы қосымша ақпарат берілген жоқ.