Метка: Президент

  • 15 наурыз – Конституция күні: Президент жаңа мемлекеттік мерекені жариялады

    15 наурыз – Конституция күні: Президент жаңа мемлекеттік мерекені жариялады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген Exit-poll нәтижелері жарияланғаннан кейін «Қазмедиа орталығы» студиясында мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысы бұл күнді еліміздің тарихындағы бетбұрысты кезең деп атап өтті.

    Президент мәлімдемесінің негізгі тұстары:
    Тарихи таңдау: Қазақстандықтар референдумға қатыса отырып, конституциялық реформаны қолдады және Отанымыздың болашағы үшін дауыс берді.
    Жаңа мереке: Бұдан былай 15 наурыз елімізде басты мерекелердің бірі – Конституция күні ретінде жыл сайын атап өтілетін болады.
    Жаңғыру жолы: Дауыс беру нәтижесі халықтың елді жаңарту мен жаңғыртуға деген ниетін айқын көрсетті.

    «Біздің халқымыз дауыс беру барысында Қазақстанның бұдан былайғы даму жолы мен тағдырын айқындап берді. Сіздердің ерік-жігерлеріңіз әлемдік шежіреде мәңгі қалады. Баршаңызды осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын!» – деді Мемлекет басшысы.

  • Президент брифингі: Вице-президент лауазымы, 2029 жылғы сайлау және Трамптың бастамасы

    Президент брифингі: Вице-президент лауазымы, 2029 жылғы сайлау және Трамптың бастамасы

    №51 сайлау учаскесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық және шетелдік журналистерге арнап үлкен брифинг өткізді. Мемлекет басшысы билік транзиті, халықаралық қауіпсіздік және елді реформалау мәселелеріне қатысты нақты жауаптар берді.

    Вице-президент және сайлау мерзімі туралы:
    Реформаның дайындық жылдамдығына қатысты сынға жауап бере отырып, Президент бұл жұмыстың екі жыл бұрын басталғанын айтты. Вице-президент лауазымының енгізілуі билік институттарын нығайтуға бағытталған. Тоқаев кезекті президент сайлауы Ата заңда белгіленген мерзімде – 2029 жылы өтетінін және ешқандай алаңдауға негіз жоқ екенін нықтап айтты.

    Қос билік пен халықаралық қатынастар:
    Мемлекет басшысы Ирандағы жағдайды мысалға ала отырып, мемлекеттік басқарудағы тұтастықтың маңызын түсіндірді. Ол Қазақстанның төрт жыл бұрынғы «қос билік» жүйесінен алған ащы сабағын еске салып, жаңа Конституция мұндай тәуекелдерді жоятынын жеткізді.
    Сонымен қатар, Қазақстанның Дональд Трамп бастамашы болған «Бейбітшілік кеңесіне» мүше болу себебін түсіндірді: бұл жай ғана резолюция қабылдау емес, бизнес пен дипломатияны біріктіріп, Газа секторы сияқты аймақтардағы халыққа нақты көмек көрсету мүмкіндігі.

    Жаңа Конституцияның сипаты:
    Брифинг соңында Президент жаңа Ата заңды үш сөзбен сипаттады:
    Әділетті Қазақстан Конституциясы;
    Заң мен Тәртіп Конституциясы;
    Жастарға арналған болашақтың бағдары.

  • Президенттің баспасөз қызметінде кадрлық өзгеріс: жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

    Президенттің баспасөз қызметінде кадрлық өзгеріс: жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

    Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sona.kz  Ақордаға сілтеме жасап.

    Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Ол бұрын атқарған лауазымынан босатылды.

    Айбек Смадияров бұған дейін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметін атқарған.

    Президент Әкімшілігіндегі кадрлық өзгерістер туралы қосымша ақпарат берілген жоқ.

  • Президент Конституциялық комиссия құруды жариялады және референдумға дайындықты бастады

    Президент Конституциялық комиссия құруды жариялады және референдумға дайындықты бастады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық Курултайда Кызылордада жарияланған бастамалар елдің саяси жүйесін түбегейлі жаңартуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл өзгерістер жаңа сын-қатерлерге тиімді жауап беру үшін қажет.

    Егер қазақстандықтар ұсынылған өзгерістерді референдумда қолдаса, елдің саяси жүйесі түбегейлі жаңартылады, — деді Президент.

    Алдағы жұмыс аясында Тоқаев Конституциялық комиссия құру туралы мәлімдеді. Комиссияға 100-ден астам адам кіретін болады және ол барлық ұсыныстарды талдап, сараптайды. Комиссия жұмысы аяқталған соң, жалпыұлттық референдумның күні белгіленеді.

    Президент әрбір шешімді ұлт пен мемлекет мүддесінде қабылдайтынын атап өтіп, халыққа қолдағаны үшін шынайы алғыс айтты.

    Алда әлі көп жұмыс бар. Ұлттың болашағын айқындайтын ең маңызды істер енді ғана басталады, — деді Тоқаев.

  • Президент мемлекеттік символдарды дұрыс қолданудың маңыздылығын атап өтті

    Президент мемлекеттік символдарды дұрыс қолданудың маңыздылығын атап өтті

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдағы сөзінде мемлекеттік символдарды қолдану ережелерін сақтаудың маңыздылығына ерекше тоқталды, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform.

    Мемлекет басшысы бұл мәселе арнайы нормалар мен заңдармен реттелетінін және мемлекеттік символдарға құрметсіз қарау мүлде қабылданбайтынын айтты.

    «Заң талаптары әрқашан сақталуы тиіс. Алайда ең алдымен оның шынайы мәнін терең түсіну қажет», — деді Президент.

    Токаев мемлекеттік Туды үйлерде, автокөліктерде, көшелерде және спорттық шараларда желбіреткенді көргенде қуанышты екенін атап өтті. Бұл ел бірлігі мен күшін көрсететінін жеткізді.

  • Президент Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығымен танысты

    Президент Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығымен танысты

    Президент Жапонияға жасаған сапары аясында Токио қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығының жұмысымен танысты. Бұл орталық мегаполистегі азаматтық қорғаныс пен қауіп-қатерлердің алдын алу жүйесінің негізгі буыны болып саналады, деп хабарлайды Sona.kz Aqorda-ға сілтеме жасап.

    Орталықтың басты міндеті  қаладағы жағдайды тәулік бойы бақылау, ықтимал қатерлерді талдау және төтенше жағдай туындаған кезде мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіру.

    Ахуалдық орталықта жер сілкінісі, тайфун, су тасқыны, ірі техногендік апаттар мен лаңкестік қауіптерге қатысты ақпарат жиналып, жүйеленеді. Осы деректер негізінде дағдарыс жағдайында жедел басқару шешімдері қабылданады.

    Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жалған ақпараттың таралуына қарсы іс-қимылға ерекше назар аударылады. Бұл бағытта тәулік бойы мониторинг жүргізетін арнайы бөлімше жұмыс істейді.

    Күнделікті қызмет аясында орталық дағдарыс жағдайларын басқару жүйелерін жоспарлау және жетілдірумен, азаматтық қорғаныстың өңірлік жоспарларын әзірлеумен, оқу-жаттығуларды дайындау және өткізумен, сондай-ақ халықты құлақтандыру және төтенше жағдай салдарын жоюға арналған ақпараттық жүйелерді дамытумен айналысады.

  • Президент Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесті

    Президент Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесті

    Кездесу барысында тараптар цифрландыру саласындағы ынтымақтастық, Smart city технологияларын дамыту, жасанды интеллект, қала дамуының тұрақтылығы және қала басқаруына инновациялық шешімдерді енгізу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Sona.kz Aqorda-ға сілтеме жасап.

    Сонымен қатар мегаполистер тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы, экологиялық таза, қауіпсіз және инклюзивті орта құру мәселелері қаралды.

    Мемлекет басшысы екі астананың қала басқаруында жасанды интеллект интеграциясы бойынша ынтымақтастығында үлкен әлеует көретінін атап өтті.

    Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Токио қаласының Smart city концепциясы таныстырылды. Бұл концепция өмір сапасын арттыру, басқару тиімділігін жоғарылату және тұрақты даму мақсатында озық технологияларды қолдануды көздейді.

  • Иран Президенті: «Өзара сауданы 3 млрд долларға дейін жеткізу үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз»

    Иран Президенті: «Өзара сауданы 3 млрд долларға дейін жеткізу үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз»

    Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиян Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты айтарлықтай кеңейтуге ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Акордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүргізілген кеңейтілген келіссөздер барысында айтты. Оның сөзінше, тауар айналымының 40 пайызға өсуі екі ел арасындағы серіктестіктің жоғары әлеуетін көрсетеді, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Масуд Пезешкиянның айтуынша, иран-қазақ қатынастарының тарихи бастауы тереңде жатыр. Ол екі ел арасындағы байланыстар Ұлы Жібек жолы кезеңінен бастау алатынын және Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін де үзілмегенін атап өтті. Президент Иран үшін Қазақстанмен әріптестік стратегиялық маңызға ие екенін айтты.

    Иран басшысы халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша екі мемлекеттің ұстанымдары көбіне ұқсас екенін атап өтті. Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Ислам ынтымақтастығы ұйымы алаңдарында бірлесіп жұмыс істеп келеді. Президенттің айтуынша, бұл платформалар саяси диалогты күшейтуге және экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге мүмкіндік береді.

    Пезешкиян екіжақты сауданы 3 млрд долларға дейін жеткізу бұрын келісілген мақсат екенін еске салды. Ол Иран бұл міндетке жету үшін бар күшін салатынын айтты. Сауда кеңеюінің негізгі тетігі ретінде Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы Еркін сауда туралы келісім көрсетілді.

    Келіссөздер барысында тараптар «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізін және Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржол бағытын дамыту мәселелерін талқылады. Пезешкиян бұл бағыттар бойынша транзиттік мүмкіндіктерді арттыру сауда көлемінің өсуіне тікелей ықпал ететінін атап өтті.

    Сонымен қатар, Иран Президенті ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика және жоғары технологиялар салаларындағы бірлескен жобалар ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін айтты. Ол Тегеранның екіжақты серіктестікті тереңдетуге бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.

  • Алматы облысының кәсіпкері Президентке алғыс айтты

    Алматы облысының кәсіпкері Президентке алғыс айтты

    Алматы облысының жас кәсіпкері, Pul.vc венчурлік платформасының негізін қалаушы Бағлан Бауыржанұлы Олжабаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жастар мен инновациялық кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлгені үшін алғыс білдірді.

    Кәсіпкердің айтуынша, Президенттің бастамалары жаңа буын кәсіпкерлері мен IT мамандардың қалыптасуына зор серпін беріп отыр.

    «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Қазақстанның жаңа элитасын – жас кәсіпкерлерді, инженерлер мен IT-мамандарды дамытуға ерекше назар аударып келе жатқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Мемлекет пен кәсіпкерлердің бірлескен еңбегі арқылы Қазақстан инновациялар саласында өңірлік көшбасшы болатынына сенімдімін», – деді Олжабаев.

    Pul.vc платформасы бүгінде қазақстандық стартаптарды дамытуға, инвесторлар мен жас кәсіпкерлерді байланыстыруға ықпал етіп келеді. Оның негізгі мақсаты – әлеуеті бар жобаларды қолдап, оларға халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік беру.

    Кәсіпкердің айтуынша, стартап әлемінде алғашқы қадамдар оңай болмаған.

    «Кәсіпкердің жолы – құлап, қайта тұру. Инвестиция тарту, нарықты зерттеу, өнімге сұранысты анықтау – бәрі тәжірибе арқылы келеді. Ең бастысы – сенімді команда мен нақты мақсат», – деді Олжабаев.

    2024 жылы Pul.vc командасы «Qazinnovations» ұлттық агенттігінің грантын жеңіп алып, 20 млн теңгеден астам қолдау иеленді. Бұл қаражат жоба идеяларын іске асырып, венчурлік инвестиция тартуға мүмкіндік берді.

    Қазір компанияның капитализациясы 10 миллион АҚШ долларына жеткен. Pul.vc Сингапур моделі бойынша жұмыс істейді және бұл формат Орталық Азияда әзірге теңдесі жоқ.

    Бағлан Олжабаев Президенттің жастарға бағытталған саясатының нақты нәтижелерін атап өтті.

    «Қазір жастарға беріліп жатқан импульс өте маңызды. Бұрын мұндай мүмкіндіктер аз болатын. Енді инновация мен IT саласына қызығушылық артып келеді, ал Қазақстан аймақтық технологиялық орталыққа айналып жатыр», – дейді кәсіпкер.

    Бүгінде Алматы облысында жастар кәсіпкерлігін қолдау белсенді дамып келеді. Биылдың өзінде 100-ге жуық жас кәсіпкер грантқа ие болып, өз ісін бастаған.
    Pul.vc сияқты бастамалар өңірде инновациялық экожүйенің қалыптасуына жол ашып отыр.

  • Президент бекіткен жаңа саяси бағдар: ішкі саясаттың негізгі қағидаттары мен құндылықтары жарияланды

    Президент бекіткен жаңа саяси бағдар: ішкі саясаттың негізгі қағидаттары мен құндылықтары жарияланды

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары және бағыттары туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Sona.kz Ақордаға сілтеме жасап.
    Бұл құжаттың мақсаты — мемлекеттік органдардың жұмысын жүйелеу және ішкі саясаттағы бірыңғай тәсілді қалыптастыру.
    Ұсыныс Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтылып, Президент тарапынан қолдау тапқан болатын.
    Құжат Президент Әкімшілігі мен мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен еңбегінің нәтижесінде дайындалған. Онда ел дамуының ұзақмерзімді басымдықтары, Президенттің Жолдауларында және 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында белгіленген міндеттер қамтылған.
     Негізгі қағидаттар:
    •«Заң және Тәртіп»
    •«Еститін мемлекет»
    •«Әртүрлі пікір – Біртұтас ұлт»
    •«Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет»
    •«Адал азамат»
    •«Таза Қазақстан»
    Құжатта сондай-ақ ұлттық бірегейліктің негізін құрайтын жалпыұлттық құндылықтар мен ұлттық рәміздер тізімі берілген.
    Ішкі саясаттың басым бағыттары:
    қоғамдық диалог, этносаралық және діни қатынастар саясаты, мәдени-гуманитарлық, отбасылық, жастар және ақпараттық саясат.
    ? Бұл тұжырымдамалық құжат мемлекеттік органдардың үйлесімді және тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.