ҚФФ «Оқжетпесті» қытайлық компания сатып алады деген қауесетке жауап берді

Әлеуметтік желілерде Қытай компаниясы клубты сатып алуға ниетті деген ақпарат тараған болатын, Sona.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды

«Әзірге күтейік. Келіссөздер жүргізіледі деп білемін. Олардың нәтижесін кейін көреміз. Егер шетелдік инвестор капитал салуға дайын болса, бұл өте қызықты тәжірибе болмақ», — деді Давид Лория.

Оның айтуынша, шетелдік инвестиция тарту — әлемдік тәжірибе.

«Мысалы, Англия премьер-лигасындағы көптеген клубтар америкалық, қытайлық және тай инвесторларға тиесілі. Бұл — қалыпты жағдай. Егер мұндай тәжірибе біздің футболды дамытуға мүмкіндік берсе, неге пайдаланбасқа?» — деп түйіндеді ол.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерді клубтық футболды бизнес ретінде қарастыруға шақырған еді. Биыл бәсекелестік ортаға берілетін нысандар тізіміне елдегі жеті футбол клубы енгізілген.