Қонаевта медициналық кампустың құрылысы басталады

Бұл туралы қала әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі мәлімдеді.

Инвесторлық жобаны жүзеге асыруға «Жаңа Іле» аумағынан 100 га жер бөлінген. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаты әзірленуде. Құрылыс биыл басталады деп жоспарлануда.

Медициналық кампус тек ЖОО емес, 60 мың студентке арналған қалашық болмақ.

Қала әкімімен кездесу барысында жобаның толық таныстырылымы жасалды.

Кампус салуға 2 млрд.доллар инвестиция тартылып, 5 жыл ішінде толық жүзеге асады деп күтілуде. Нысан аумағында жатақхана, 1000 орындық аурухана, клиника, оқу корпусы салынады. Нәтижесінде 3800-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылады.

Жоба жетекшілерінің пікірінше, университет өңірдің дамуына серпін беретін негізгі орталықтардың біріне айналуы мүмкін.