Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев 11 жылға сотталды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот шешімімен оның барлық мемлекеттік наградалары мен мүлкі тәркіленбек.

Сот процесі Бішкектегі Бірінші Май аудандық сотында өтті. Атамбаевпен бірге экс-депутаттар, бұрынғы мэр, ішкі істер министрі мен президент аппаратының бұрынғы басшысы да айыпталушылар қатарында болды. Тергеу ісі бес жылдан аса уақытқа созылған.

Атамбаевқа ЖЭО-ны жаңғырту кезіндегі заңсыз байыту, 2019 жылғы Қой-Таш оқиғалары мен сол ауылдан заңсыз жер телімін алу бойынша айып тағылды. Сот үкіміне сәйкес, ол және экс-депутат Аскарбек Шадиев мемлекетке келтірілген шығын ретінде 5,4 млрд сом өтеуі тиіс.

Айта кетейік, 2023 жылы Атамбаев колониядан босатылып, кейін шетелге кеткен. Соңғы рет ол Еуропадағы метро станцияларының бірінде көзге түскен.