Метка: АЭС

  • Ерлан Қарин: ТМД және Орталық Азияда референдум өткізіп жатқан бірден-бір елміз

    Ерлан Қарин: ТМД және Орталық Азияда референдум өткізіп жатқан бірден-бір елміз

    «Кез келген референдумға маңызды мәселе шығарылады. Бүгінгі референдумдағы АЭС салу мәселесі де өте маңызды. Қабылданған шешімге байланысты еліміздің экономикалық даму бағыты айқындалады. Референдумға шығарылып отырған мәселеден бөлек, референдумды өткізудің өзі де маңызды. Біз ТМД және Орталық Азия елдері бойынша референдум өткізіп жатқан бірден-бір елміз. Мұның өзі көп нәрсені аңғартады, яғни мемлекет пен қоғам арасында жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпалы бар», – деді Ерлан Қарин дауыс берген соң БАҚ өкілдеріне берген жауабында.

  • Қазақстанда АЭС салуға қатысты дауыс беру басталды

    Қазақстанда АЭС салуға қатысты дауыс беру басталды

    12 миллионнан аса азамат елде АЭС салу-салмауға қатысты дауыс бере алады. Референдумдағы учаске саны – 10 327. Азаматтардың тіркелген жері бойынша сайлау учаскесі – 9 709, уақытша – 618. Оның ішінде 78 сайлау учаскесі (63 елде) шетелде болады. Сайлау комиссиялары мүшелерінің саны – 70 049 адам.

    6 қазан – референдум өтетін күні дауыс беру сағат таңғы сағат 7:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жүргізіледі. Дауыс берушілерге ыңғайлы болу үшін аумақтық референдум комиссиялары өзге уақытты белгілеуі мүмкін.

    Ал бюллетеньде «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» және дауыс берушінің жауап нұсқалары «Иә, келісімен», «Жоқ, келіспеймін» деп жазылған.

    12 сағаттың ішінде дауыс саналады. Өңірлерге Орталық референдум комиссиясына дауыс беру қорытындысының жиынтық хаттамасын жинауға және жеткізуге 2 күн беріледі.

    Орталық комиссия 7 күн ішінде референдумның қорытындысын анықтап, ресми хабарламаны БАҚ-та жариялауға тиіс.

     

  • 5 қазаннан бастап референдум туралы үгіт-насихат жүргізуге болмайды

    5 қазаннан бастап референдум туралы үгіт-насихат жүргізуге болмайды

    Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты. Ол қоғамдық пікірге сауал салу қорытындысын, референдумға байланысты өзге де зерттеулер мен дауыс беру нәтижесінің болжамын, дауыс берілетін күні БАҚ-та және онлайн платформаларда жариялауға болмайтынын ескертті.
    Республика бойынша 10 мың 323 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Дауыс беру құқығына ие 12 млн 244 мың 683 адам бар.

  • 5 қазаннан бастап реферандум туралы үгіт-насихат жүргізуге болмайды

    5 қазаннан бастап реферандум туралы үгіт-насихат жүргізуге болмайды

    Биыл 5 қазаннан бастап реферандум туралы үгіт-насихат жүргізуге болмайды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты.

    Бүгін түнгі сағат 00:00-де үгіт-насихат аяқталады. Бұған дейін үгіт жүргізуге болады. Ертең – тыныштық күні. Сондықтан бүгін сағат 00:00 кейін ешқандай үгіт жүргізуге болмайды. Яғни тыныштық күні және дауыс беру күні үгітке байланысты кез келген әрекетке тыйым салынады. Ол үшін заңда құқықтық жауапкершілік қарастырылған, – деді Нұрлан Әбдіров.

    Ол 6 қазанда реферандумға байланыс зерттеу қорытындысын, дауыс беру нәтижесінің болжамын БАҚ-та жариялауға болмайтынын ескертті.

    Қоғамдық пікірге сауал салу қорытындысының, референдумға байланысты өзге де зерттеулер, дауыс беру нәтижесінің болжамын дауыс берілетін күні БАҚ-та және онлайн платформаларды жариялауға жол берілмейді. Дауыс беру күні дауыс беруге арналған үй жайда немесе пункте қоғамдық пікірді білу үшін сауалнама жүргізуге де тыйым салынады. Мұны ұмытпаңыздар, – деді төраға.

  • Астанада атом энергиясына арналған мурал пайда болды

    Астанада атом энергиясына арналған мурал пайда болды

    Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде референдум мен атом энергиясына арналған мурал пайда болды. Бұл сурет қала көшесіне сән беріп қана қоймай, жұртшылықты еліміздің болашағы және атом станциясының энергетикалық қауіпсіздік тұрғысындағы маңыздылығы туралы ойлануға шақырады. «Өнер және болашақ энергиясы» — деп аталатын көше туындысының биіктігі 15 қабатты үймен бірдей.

  • Британиялық сарапшы АЭС-қа қатысты пікір білдірді

    Британиялық сарапшы АЭС-қа қатысты пікір білдірді

    Британиялық сарапшылар алдағы 50-100 жылда әлем толығымен таза энергияға бет бұрады дейді. Осы тұрғыда ядролық энергетикаға көшудің маңызы зор деп отыр. Саймон Маршалл — Дүниежүзілік энергетикалық конгрестің өкілі. Штаб пәтері Лондонда орналасқан ұйыммен, 100-ге жуық мемлекет жұмыс істейді. Конгрестің негізгі мақсаты энергетика саласының бүгіні мен болашағын талқылау үшін әлем сарапшыларының басын біріктіру. «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы да конгреспен қоян-қолтық жұмыс істейді. Маршаллдың пікірінше, атом электр станциясын салудың пайдасы көп.

    «Әлбетте, АЭС құрылысы кезінде және пайдалануға берілгеннен кейін де жұмыс орындары ашылады. Таза және сенімді энергия көзі энергетикалық тәуелсіздікке жетелейді. Сырттан тасымалданатын қуат көздеріне деген қажеттілікті азайтады. Және ең бастысы — АЭС экологиялық таза энергия береді», — деді Дүниежүзілік энергетикалық конгрестің сату бойынша директоры  Саймон Маршалл.

  • Әлем бойынша 200 АЭС жұмыс істеп тұр

    Әлем бойынша 200 АЭС жұмыс істеп тұр

    Атом станциясын негізінен дамыған елдер пайдаланады. Францияның тұтынып отырған электр энергиясының 69 пайызын АЭС беріп отыр.

    Бұл көрсеткіш Бельгияда 50, Швецияда 31, Швейцарияда 28, АҚШ-та 19 пайыз, деп жазады qazaqstan.tv.

    Соңғы мәліметтер бойынша, ең қуатты АЭС АҚШ-та. 94 реактор бар. Францияда 56, Қытайда 56, Ресейде 36, Жапонияда 33 реактор энергияны өндіреді.

  • Референдумды 30 мемлекет пен 4 халықаралық ұйымның байқаушылары бақылайды

    Референдумды 30 мемлекет пен 4 халықаралық ұйымның байқаушылары бақылайды

    6 қазанда Қазақстанда өтетін АЭС бойынша референдумды 30 мемлекет пен 4 халықаралық ұйымның байқаушылары бақылайды. Бұл туралы Орталық реферундум комссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәлім етті.

    «3 қыркүйекте қабылданған қаулы негізінде аккредитация 2024 жылғы 30 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де аяқталды. Осылайша, барлығы 177 байқаушы ресми тіркеуден өтті. Олардың арасында 30 шет мемлекеттің байқаушылары және 4 халықаралық ұйымның өкілдері бар», — деді Мұхтар Ерман.

    Сыртқы істер министрлігі 5 ірі халықаралық ұйымға шақыру жолдаған.

    17 қыркүйекте Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ОБСЕ) бас кеңсесінен алдағы айларда жоспарланған сайлауларға байланысты іс-шаралардың көптігін айта отырып, 6 қазанда референдум бойынша миссия жіберу мүмкіндігі жоқ деген жауап алдық. Қазір бақылауға қатысатын халықаралық ұйымдардың қатарында ТМД, ШЫҰ, Түркі мемлекеттерінің ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес бар. Жалпы референдумға 30 шет мемлекеттің өкілдері қатысады, — деді хатшы.

    Олардың арасында 4 елдің орталық сайлау комиссиясының төрағалары (Әзербайжан, Беларусь, Тәжікстан және Өзбекстан) да бар.

    Сондай-ақ Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко референдумда 37 мемлекеттен 200 шетелдік журналист хабар тарататынын атап өтті.

  • Қазақстанда АЭС салуды қолдаушылар саны артып келеді – Сауалнама қорытындысы

    Қазақстанда АЭС салуды қолдаушылар саны артып келеді – Сауалнама қорытындысы

    Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша «Демократия институты» ҒЗҚ ҚҰ 2024 жылғы 18 тамыз бен 17 қыркүйек аралығында әлеуметтану зерттеуін жүргізді.

    XXI ғасырда энергетика экономикалық тұрақтылыққа, қоршаған ортаға және адамдардың өмір сүру сапасына әсер ететін жаһандық дамудың негізгі факторларының біріне айналды. Уранның орасан қорына ие Қазақстан маңызды таңдау – электр қуаты тапшылығы мәселесін шешудің жолы ретінде АЭС салу мәселесін қарастыруда.

    Сауалнамада респонденттердің 59,2%-ы дауыс беруге қатысуға дайын екенін білдірді. Оның 41,6 пайызы нақты ниет танытты.

    Бір қызығы, электораттық белсенділік көрсеткіші осы жылдың тамыз айында өткен қоғамдық сауалнамада алынған деректермен сәйкес келеді. Ол кезде сайлауға қатысудың әлеуетті деңгейі 59,0%-ды құраған еді.

    Ал әрбір бесінші респондент әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқ, ал 17%-ы референдумға   қатыспайтынын атап өтті.

    Жалпы, қазақстандықтардың 60,2 пайызы Қазақстанда атом электр станциясын салу идеясына оң көзқарас білдірген. Оның 38,6%-ы оң, 21,6%-ы біршама оң көзқараста. Тамызда жүргізілген сауалнамамен салыстырғанда, АЭС салу идеясын қолдаушылар саны 53,1%-дан 60,2%-ға өскенін байқауға болады.

    24,9%-ы атом электр станциясын салу идеясына теріс көзқарас танытса, оның 9,1%-ы мүлдем теріс, ал 15,8%-ы теріс көзқараста. 14,9%-ы жауап беруге қиналатынын жеткізген. 

    Сауалнама нәтижесі қазақстандықтарды бірінші кезекте АЭС-ның адам денсаулығы мен қоршаған ортаға тигізетін әсері толғандыратынын көрсетті.

    Мысалы, «Сіз бірінші кезекте құрылысы жоспарланған атом электр станциясы (АЭС) туралы қандай ақпаратты білгіңіз келеді?» деген сұраққа: 49,5%-ы «халықтың денсаулығына әсерін» атап өтсе, ал 42,9%-ы «қоршаған ортаға әсеріне» тоқталған. Респонденттердің тағы 22,8%-ы «авариялар мен төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары» деген жауап нұсқасын таңдаған.

    Бұл қорытынды үкімет, сарапшылар және қоғам арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын көрсетеді. Атом электр станциясының құрылысы тек техникалық ғана емес, сонымен қатар азаматтардың белсенді қатысуын талап ететін әлеуметтік жоба.

    Сауалнаманы 2024 жылғы 18 тамыз бен 17 қыркүйек аралығындағы кезеңде «Демократия институты» ҒЗҚ ҚҰ жүргізді. Зерттеуде жеке сұхбат (face-to-face) әдісі қолданылды. Оған 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан респонденттері қатысты. Іріктеу көлемі 8000 респондентті құрады.

  • АЭС: Референдум өткізуге бюджеттен 15,5 млрд теңге жұмсалады

    АЭС: Референдум өткізуге бюджеттен 15,5 млрд теңге жұмсалады

    АЭС салуға қатысты референдумның дайындық жұмыстарына 35 күн уақыт белгіленді. Сайлаушылар тізімін түгендеу басталған және алдағы уақытта тұрғындар дауыс беретін учаскелер бойынша ақпарат беріледі. 12 қыркүйекке дейін азаматтар референдум комиссиялары орналасатын орындардан хабардар болады.

    Дауыс беру 6 қазан таңғы 7:00-ден бастап кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Референдум қорытындысы 7 күн ішінде жарияланады.

    Рефрендум учаскелерінің жалпы саны — 10 327. Оның ішінде 78-сі Қазақстан аумағанын тыс жерде, яғни әлемнің 63 елінде.

    1 шілдедегі жағдай бойынша 12 млн 176 мың 968 азамат дауыс бере алады.

     «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұрақ референдум сауалы болып бекітілді.