Метка: алматы

  • Алматыдағы мейрамханада ер адам 6 жастағы баланы ұрған

    Алматыдағы мейрамханада ер адам 6 жастағы баланы ұрған

    Алматыдағы жоғары деңгейлі мейрамханалардың бірінде 6 жастағы баланы ересек ер адам ұрып жіберді. Оқиға 4 мамыр күні балаларға арналған ойын бөлмесінде болған. Бұл сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

    Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, ер адам балалар ойнап жүрген сәтте 6 жастағы ұл балаға себепсіз екі рет соққы жасаған. Анасы ойын бөлмесіне жүгіріп келгенде, күдікті кешірім сұраудың орнына балағат сөздер айтып, оқиға орнынан қашып кеткен.

    Айтуларынша, анасы бірнеше рет полиция шақырғанымен, тәртіп сақшылары үш сағат бойы келмеген. Ақырында, отбасы өздері бөлімшеге барып арыз жазуға мәжбүр болған. Балаға медициналық тексеру жүргізіліп, “кеуде қуысының жарақаты” диагнозы қойылған.

    Зардап шеккен баланың туыстары күдіктінің Алматы қаласы әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі екенін алға тартуда. Қазір бұл жайт әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр.

  • Алатау ауданында үй опырылып, бір адамның мәйіті табылды

    Алатау ауданында үй опырылып, бір адамның мәйіті табылды

    Алматының Алатау ауданында 1980 жылы салынған жеке тұрғын үй опырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, газ құрылғысы жарылып, алайда өрт болмаған. Жарылыстың соңы үйдің құлауына себеп болды.

    Құтқарушылар үйінді астынан 1949 жылы туған ер адамның денесін тапты.

    Оқиға орнында жедел штаб, құтқарушылар, кинологтар, медицина мамандары және қалалық қызметтер жұмыс істеуде. Тергеу тобы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

  • Алматыда маска киген топ балтамен жүр: Полиция пікір білдірді

    Алматыда маска киген топ балтамен жүр: Полиция пікір білдірді

    Әлеуметтік желіде Алматыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінен маска киген бірнеше жігіттің шығып келе жатқан видеосы тарады. Біреуінің қолында балтаға ұқсас ауыр зат болған. Видео тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызды. Оқиғаға қатысты Алматы қалалық Полиция департаменті түсініктеме берді.

    @almatynews_kaz парақшасында жарияланған видеоларда бір топ жігіт маска киіп, көпқабатты үйдің маңында жүргені көрсетілген. Алғашқы бейнежазбада үш адам кіреберісте тұр, олардың бірінің қолында балтаға ұқсас зат бар. Кейін тағы бірнеше адам кіреберістен шыққан.

    Екінші бейнежазба – үй ішіндегі камерадан алынған. Онда сол топ пәтерлер орналасқан жоғарғы қабатқа көтеріліп бара жатыр. Біреуінің қолында қылыш тәрізді зат байқалады.

    Жазба авторының айтуынша, бұл жағдай 2 маусым күні таңертең Маметов көшесі, 47-үйде болған. «Бетперде таққан бірнеше ер адам балта және басқа да суық қаруға ұқсас затпен тұрғын үйге кірмек болды. Куәгерлер олар өте агрессивті болып, біреуді іздегендей әрекет етті. Жергілікті тұрғындар учаскелік полицейге шағымданған», – делінген сипаттамада.

    Алайда Алматы қаласы Алмалы ауданы полиция басқармасы бұл ақпаратты теріске шығарды.
    «Бұл жайт бойынша ешқандай арыз-шағым, ресми хабарлама не шұғыл қоңырау тіркелмеген. Видеоның шынайылығын дәлелдейтін нақты мәліметтер жоқ», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

  • Алматыда бос тұрған әкімшілік ғимараттан өрт шықты

    Алматыда бос тұрған әкімшілік ғимараттан өрт шықты

    Түрксіб ауданындағы Громов көшесінде орналасқан екі қабатты әкімшілік ғимараттан өрт шықты. Өртті сөндіруге келген өрт сөндірушілер ғимараттың ашық күйде жанғанын анықтап, жалынды тез арада локализациялады. Өрттің көлемі 290 шаршы метрді құрады.

    Құтқарушылар келген кезде өрт толықтай жайылып кетпегенімен, өртті жою барысында ешкім зардап шекпегені белгілі болды. МЧС мәліметі бойынша, оқиға орнында ешқандай адам шығыны мен зардап шегушілер тіркелген жоқ. Өрттің шығу себебі әлі анықталмаған.

  • Алматының тағы бір басты көшесінде BRT құрылысы басталды

    Алматының тағы бір басты көшесінде BRT құрылысы басталды

    25 сәуірде Almaty Joly қалада Желтоқсан көшесі бойындағы BRT желісінің құрылысы басталатынын мәлімдеді.

    BRT жолақтары жолдың шетінде салынады, бұл үшін ғимараттарды сүру немесе жолды кеңейту қарастырылмаған. Аялдамалар қозғалысы шектеулі адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып жабдықталады

    «Сәуірдің 26-сынан бастап олар инженерлік желілерді, бордюрлер мен арықтарды қалпына келтіруге кіріседі. Көлік қозғалысына шектеу қойылмайды. Асфальт төсеу жұмыстары маусым айында 36 сағатқа дейін жартылай жабылумен басталады. Өзгерістер алдын ала хабарланады», – делінген хабарламада.

    Жоба жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын, бағдаршамдарды және жарықтандыруды жаңартуды қамтиды. Жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіз айналма жолдар орнатылады.

    «BRT солтүстік-оңтүстік және шығыс-батыс бағыттарында көлік байланысын жақсартады. Автобус жылдамдығы 40%-ға, жолаушылар ағыны 30%-ға артады. Көше бойындағы көлік тұрағы уақытша тегін болады», – деп атап өтті Almaty Joly.

    Құрылыс жаңартуларын Telegram Almaty_Joly арнасында және 2GIS және Yandex карталарында бақылап отыруға болады.

    Қалада Райымбек батыр даңғылында BRT құрылысын салу жұмыстары басталып та кетті. Құрылыс екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезең: жұмыстың басталуы – 23 сәуір, аяқталуы – 17 мамыр, екінші кезең: жұмыстың басталуы – 18 мамыр, аяқталуы – 16 маусым.

  • Алматыда трейлер арқылы табыс уәде еткен қаржы пирамидасы әшкереленді

    Алматыда трейлер арқылы табыс уәде еткен қаржы пирамидасы әшкереленді

    АФМ департаменті Warner Bros, Roborock және NFT+TRX атауларымен жұмыс істеген қаржы пирамидаларының қызметін тоқтатты. Ұйымдастырушылар азаматтарды трейлерлерді көру арқылы жоғары пайда табуға сендіріп, орташа 225 мың теңге көлемінде инвестиция салуға үгіттеген. Барлық төлемдер USDT криптовалютасы арқылы жүргізілген.

    9 деңгейден тұратын жүйе жаңа қатысушыларды тарту арқылы табыс әкеледі деген желеумен құрылған. Тергеу барысында 3,8 млн USDT сомасындағы криптоактивтерге сот санкциясымен бұғат қойылды.

  • Алматыда марихуананың ірі партиясы тәркіленді

    Алматыда марихуананың ірі партиясы тәркіленді

    Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Әуезов аудандық полициясының жедел уәкілдерімен бірлесіп, есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру дерегін анықтады.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктер өсірілетін, жабдықталған фитозертхананы анықтады.

    Ғимараттан өзіне тән иісі бар 31 түп өсімдіктер, сондай-ақ арнайы техникалар: шамдар, таразылар, тыңайтқыштар, судың қышқылдығы мен температурасын өлшейтін құрылғылар тәркіленді.

    Сараптамаға сәйкес, өсімдіктер – марихуана есірткісі деп танылды, оның жалпы салмағы 21 келіден асады. Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

    – Мұндай арнайы іс-шаралар «Профилактика жылы» аясында есірткі қылмысын анықтау және жолын кесу бойынша полицияның жүйелі жұмысының бір бөлігі. Дер кезінде ден қоюға, қызметтер арасындағы белсенді өзара іс-қимылға және жедел ақпаратты тиімді пайдалануға баса назар аударылады, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

  • Алматыда құрылыс дүкені өртеніп кетті

    Алматыда құрылыс дүкені өртеніп кетті

    Өткен түнде Алматы қаласында құрылыс дүкені отқа оранды.

    ТЖМ мәліметінше, құрылыс дүкені Алатау ауданының Солтүстік айналма тасжолында орналасқан.

    Келген бойда ашық жалын сауда орын-жайларының едәуір алаңын алғандықтан өрт сөндіру басшысы өрттің рангін көтерді.

    «Судың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ете отырып және оқпандарды көрші құрылыстарды қорғау үшін беріп, жауынгерлер жақын арада өрттің іргелес қоймаларға таралуына жол бермей, өртті оқшаулап, кейін оны сөндірді», — делінген ТЖМ хабарламасында.

  • Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза болды

    Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза болды

    Алматының Алатау ауданында 14 сәуір күні таңертең жантүршігерлік жол апаты болып, кісі қаза тапты.

    Жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 4:50-де Такежанов көшесінде болған. Mercedes жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Ол жол жиегіне соғылған соң жол белгісін бұзып, артынша ағашқа соғылып, аударылып қалған.

    «Өкінішке қарай, осы апат салдарынан көліктің жолаушысы 25 жастағы ер адам оқиға орнында қаза болды. Жүргізуші қала ауруханаларының біріне жатқызылды», – деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

    Адам өліміне әкеп соқтырған апат бойынша полиция сараптама тағайындап, қылмыстық іс қозғады.

  • Алматыда 10 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріледі

    Алматыда 10 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріледі

    Алматыда әлеуметтік нысандар мен қала тұрғындарының үйлеріне жылу беру 2025 жылдың 10 сәуірінен бастап кезең-кезеңімен тоқтатылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Қала әкімдігінің мәліметінше, Алматы әкімі Ерболат Досаев жылыту маусымын аяқтау және 2025-2026 жылдардағы келесі жылыту маусымына дайындық мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

    Қазіргі жағдай туралы Энергетика және су шаруашылығы басқармасының, «Алматы жылу желілері», «Алматыжылукоммунэнерго», «Алматы электр станциялары», «Алатау Жарық Компаниясы», «Алматы Су», Алматы филиалы «QazaqGaz Aimaq» өкілдері баяндады. Ұйымдардың мәліметінше, 2024-2025 жылдардағы жылу маусымы штаттық режимде өтіп жатыр. Барлығы 404 білім беру, 128 денсаулық сақтау және 8 863 тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген.

    Жылыту маусымын дайындау және өткізу ережесіне сәйкес, Алматыда сыртқы ауа температурасының орташа тәуліктік +8⁰ және одан жоғары болғаны, гидрометеорологиялық қызмет тарапынан бес күн бойы тіркелгені негізінде 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды.

    Жылу беру 10 сәуірден бастап кезең-кезеңімен өшіріле бастайды, алдымен әкімшілік ғимараттар, білім беру мекемелері, мәдениет нысандар және басқалары, кейін тұрғын үйлер (тұрғын үй ғимараттары, жатақханалар, қонақ үйлер) және әлеуметтік нысандар (балабақшалар, емдеу мекемелері, мектептер, кәсіби мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер).

    Кеңес барысында биыл ұзындығы 39 км жылу желілерін реконструкциялау бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланғаны атап өтілді. Қазіргі таңда жылу желілері 56,1% тозған, қабылданған шаралар арқылы бұл көрсеткішті 54,9%-ға дейін төмендету көзделген.Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Айта кету керек, 2024 жылы қалада 20 км жылу жүйесі жаңартылды, 85 қазандықта жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл жылу беру тиімділігін айтарлықтай арттырып, жылыту маусымын өшірмей аяқтауға мүмкіндік берді.