Метка: Ақтөбе

  • Ақтөбеде Harmony Rider Technology қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды

    Ақтөбеде Harmony Rider Technology қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды

    Тергеу амалдарын Ақтөбе облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті жүргізді.

    Тергеу барысында 2024 жылы бір топ тұлға шетелде электросамокаттарды жалға берумен айналысатын халықаралық компания кейпінде қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырғаны анықталды. Салымшылардың табысы тек жаңа қатысушылардың қаражатын тарту есебінен қалыптасқан. Салымдар көлемі 350-ден 20 000 АҚШ долларына дейін болған. Қызметке заңды сипат беру үшін Ақтөбеде кеңсе жұмыс істеп, үгіт-насихат жұмыстары әлеуметтік желілер мен офлайн-презентациялар арқылы жүргізілген.
    Қаржы пирамидасына жалпы сомасы 197 млн теңгеден астам қаражат құйған 115 салымшы тартылған. Алынған табыс криптоәмияндар арқылы шығарылып, кейіннен конвертацияланған.

    Осы қаражатқа ұйымдастырушылар үш автокөлік сатып алған, олар сот шешімімен мемлекет пайдасына тәркіленді.

    Ұйымдастырушылар 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сот үкімі заңды күшіне енді.

  • Ақтөбеде әйнекті сындырып, қымбат смартфондарды ұрлаған ер адам ұсталды

    Ақтөбеде әйнекті сындырып, қымбат смартфондарды ұрлаған ер адам ұсталды

    Ақтөбе қаласында ұрлық дерегі бойынша күдікті ұсталды. Оқиға түнгі уақытта болған, деп хабарлайды Sona.kz Policia.kz-ке сілтеме жасап.

    Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам дүкеннің кіреберіс есігінің әйнегін балғамен сындырып, ішке заңсыз кірген.

    Ол жерден жалпы саны 18 ұялы телефонды алып кеткен. Дүкен иесінің бағалауынша, келтірілген шығын шамамен 15 миллион теңгені құраған.

    фото: Policia.kz

    Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басын анықтаған. Көп ұзамай ол қала көшелерінің бірінде ұсталған.

    Ұсталған кезде ер адам ұрланған телефондарды сатуға әрекеттеніп жатқан. Барлық гаджеттер тәркіленіп, иесіне қайтарылған.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

    Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

  • Ақтөбеде пауэрбанк жарылып, бір отбасы 6 жыл салған үйінен айырылды

    Ақтөбеде пауэрбанк жарылып, бір отбасы 6 жыл салған үйінен айырылды

    Ақтөбе қаласының «Арман» тұрғын алабында қарапайым пауэрбанк үлкен трагедияға себеп болды. Портативті қуаттағыш құрылғының жарылуы Тимур Майрумбаевтың отбасын баспанасыз қалдырды. Тимур екі ұлымен және әкесімен бірге тұрған үй 28 ақпанда толығымен жанып кетті.
    Отбасының атасы Құрман Майрумбаевтың айтуынша, жарылыс немерелерінің бөлмесінде құрылғы токқа қосулы тұрғанда болған. Қатты дыбыстан кейін от бірден жиһазға жайылып, үйдің ішін қою түтін басқан. Қария азаматтарды мұндай құрылғыларды пайдаланғанда абай болуға, әсіресе балаларға ұстатпауға шақырды.
    Ақтөбе облыстық ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабарлама кешкі уақытта түскен. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 21 минут ішінде (сағат 20:02-ден 20:23-ке дейін) толық ауыздықтағанымен, үйдің ішкі бөлігі мен мүлкін аман алып қалу мүмкін болмады. Тек құжаттарын ғана алып үлгерген отбасы қазір туыстарының үйін паналап отыр. 6 жыл бойы салынған баспананы енді нөлден бастап қайта тұрғызу қажет.

  • Ақтөбеде күйеуінің өліміне қатысты сотталған әйел амнистиямен босатылды

    Ақтөбеде күйеуінің өліміне қатысты сотталған әйел амнистиямен босатылды

    Ақтөбе қаласында күйеуінің өліміне байланысты сотталған Ксения Седова ісі қайта қаралды. Сот бастапқы үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Sona.kz CHECK-POINT.KZ-ке сілтеме жасап.

    Соттың анықтауынша, оқиға кезінде әйел қатты эмоциялық күйзеліс жағдайында болған. Оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

    Алайда айыпталушы амнистияға ілініп, жазасын өтеуден босатылды. Бұл шешімнен кейін оған қатысты бұлтартпау шарасы жойылып, сот залында босатылды.

    Қаза болған азаматтың туыстары үкіммен келіспей, істі қайта қарауды талап еткен. Олар қылмыс қасақана жасалған деп есептеп, нақты бас бостандығынан айыру жазасын және 20 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуді сұраған.

    Іс материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға өткен жылдың көктемінде болған. Жанжал алкогольді тоқтату туралы талаптан басталып, төбелеске ұласқан. Соның салдарынан ер адам пышақ жарақатын алған.

    Сот барысында үш сараптама тағайындалды. Олардың барлығы оқиға сәтінде әйелдің аффект күйінде болғанын растады. Осыған байланысты сот бастапқы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

  • Ақтөбе облысында КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

    Ақтөбе облысында КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

    Ақтөбе облысында Ақтөбе – Орынбор тас жолы бойында жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қаза тапты. Полицияның мәліметінше, жеңіл автокөлік жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, КамАЗ жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

    фото: скриншот

    Соқтығысу салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекпегені хабарланды. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады.

    Алдын ала мәлімет бойынша, апат жол ережесін бұзумен байланысты болуы мүмкін. Полиция жол қозғалысы ережелерін сақтау және күрделі ауа райы жағдайында жылдамдықты азайту қажеттігін ескертті.

    Облыста соңғы уақытта қыс мезгіліндегі жол-көлік оқиғалары жиілеп отырғаны байқалады. Мамандар жүргізушілерді қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

    Оқиғаға байланысты қосымша ақпарат тергеу аяқталған соң жарияланатыны айтылды.

  • Ақтөбеде әйел мен оның үш баласы қаза тапты

    Ақтөбеде әйел мен оның үш баласы қаза тапты

    Ақтөбе қаласында әйел мен оның үш баласының мәйіті табылды, деп хабарлайды Sona.kz өңірдің полиция Департаментіне сілтеме жасап.

    Оқиға 9 ақпан күні шамамен сағат 12:00-де қаланың жеке тұрғын үйлерінің бірінде тіркелген.

    Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандар  1993 жылы туған әйел және оның кәмелетке толмаған үш баласы.

    Құқық қорғау органдарының мәліметінше, өлім табиғи газдан улану салдарынан болуы мүмкін.

    Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу амалдары жүргізілуде.

    Мамандар барлық мән-жайды анықтау үшін сот-медициналық және өзге де сараптамалардың нәтижелерін күтуде.

    Қайтыс болудың нақты себептері сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.

    Оқиғаға қатысты өзге мәліметтер жарияланбай отыр

  • 7 мың теңге әр балл: Ақтөбеде мұғалім ҰБТ-дан “табыс тапты”

    7 мың теңге әр балл: Ақтөбеде мұғалім ҰБТ-дан “табыс тапты”

    Сот баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Ж. есімді мұғалім 80 балл алу үшін ата-аналардан әр баллға 7 000 теңге сұрап, әрқайсынан 560 000 теңге алған. Алынған қаражат жеке қажеттіліктерге жұмсалған, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Сотта Ж. кінәсін толық мойындады. Оның кінәсін куәгерлердің айғақтары, банк төлемдері және басқа да дәлелдер растайды.

    Сот смягчающими (жеңілдететін) жағдай ретінде кінәсін мойындауы, өкінуі және кәмелетке толмаған балаларының болуын есепке алды. Қиындататын жағдайлар анықталған жоқ.

    Үкім: 3 жыл 6 айға дейінгі бостандығын шектеу және 3 жылға педагогикалық қызметтен айыру.
    30 жылдық Конституцияға байланысты қабылданған амнистия аясында жазаның орындалмаған бөлігі 1/3 қысқартылып, соңғы жазасы – 2 жыл 4 ай. Үкім заңды күшіне енді.

  • Ақтөбеде психотроптық заттар сататын интернет-дүкен жойылды

    Ақтөбеде психотроптық заттар сататын интернет-дүкен жойылды

    Ақтөбе облысында арнайы прокурорлар интернет-дүкен «Qymyz shop» арқылы психотроптық заттарды ел аумағында сатқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Sona.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

    Заңсыз әрекет дерегі Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп анықталды. Дүкеннің жалпы айналымы 50 млн теңгеден асты.

    Интернет-дүкеннің жұмыс схемасы «Telegram» қосымшасы арқылы «контактісіз байланыс» түрінде ұйымдастырылған. Ақша қозғалысы «дропперлердің» банктік карталары арқылы жүргізілген.

    Барлық анықталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 262, 297 және 299-1-баптары (ұйымдасқан топ құру және басқару, психотроптық заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, сату мақсатында пайдалану, насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша тергеу жүргізілді.

    Оперативті-тергеу шаралары нәтижесінде Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Астана қаласы аумағында 6 тұлға анықталып, ұсталды. 10 кг-нан астам психотроптық зат тәркіленді.

    Жүргізілген процессуалдық іс-шаралар нәтижесінде интернет-дүкен толық жойылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қаралу үшін сотқа жолданды.

  • Ақтөбедегі экскаваторшы сот алдында жауап береді

    Ақтөбедегі экскаваторшы сот алдында жауап береді

    Ақтөбе облысында 45 жастағы экскаваторшы техника қауіпсіздігін бұзғаны үшін бірнеше тұрғын үй массивіндегі су құбырларын өшіруіне байланысты іс қозғалды, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.

    Полиция мәліметінше, ер адам жалға алған техникамен жер жұмыстары жүргізіп жүргенде экскаватор шөміші арқылы су мұнарасын қоректендіретін электр сымын зақымдаған. Нәтижесінде авариялық жағдай туып, су жабдығы істен шыққан.

    Салдарынан Авиагородок, ГМЗ, Думан, Көкжиде, сондай-ақ 11 және 12-ші шағын аудандардың тұрғындары жарты күн бойы су тартпай қалды. Аталған аймақтарда 20 мыңнан астам адам тұрады.

    Коммуналдық қызметтер тез арада қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, су беру жүйесін қайта іске қосты.

    Полиция келтірілген материалдық шығын көлемін анықтап жатыр, сондай-ақ оқиғаның барлық мән-жайын тексеруде.

    Ер адамға қатысты басқаға тиесілі мүлікті абайсызда жою немесе зақымдау фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.

     

  • Ақтөбеде әйелін қызғанышпен пышақтаған ер адам 3,5 жылға сотталды

    Ақтөбеде әйелін қызғанышпен пышақтаған ер адам 3,5 жылға сотталды

    Ақтөбеде 41 жастағы жұмыссыз ер адам әйеліне пышақ жарақатын салғаны үшін қатаң режимдегі колонияда 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Оқиға ер адам мас күйінде әйелін таңертең көршісінің үйінен тек халатпен шыққанын көрген кезде болған. деп хабарлайды Sona.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

    Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам алдымен әйелінің бетінен ұрған. Қорыққан әйел ас үйдегі пышақты қолына алған, алайда күйеуі пышақты жұлып алып, әйелінің ішіне сұғып жіберген. Жара ішкі ағзаларды зақымдамағанымен, әйел ауруханаға жеткізілді.

    Сондай-ақ ер адамның қызғанышына көршісінің әйелінің киімдері мен кілттерін қайтарып беруі де себеп болған. Сотта көрші екеуі түнде бір бөтелке арақ ішкенін, содан кейін әйел үйіне кеткенін, арасында ешқандай күмәнді жағдай болмағанын растады.

    Сот процесінде айыпталушы жасаған ісіне өкінетінін айтып, әйелінен кешірім сұрады. Әйелі де оны кешіретінін жеткізді. Алайда сот оның қауіпті әрекетін және бірнеше рет сотталғанын ескере отырып, қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеу туралы шешім қабылдады.