Метка: Басты оқиғалар

  • Шерзат соты: Судьяны шеттету шағымы қанағаттандырылмады

    Шерзат соты: Судьяны шеттету шағымы қанағаттандырылмады

    28 мамырда Шерзат Полат ісі бойынша сот отырысында қорғаушы Ж. Әбенов судья Ержан Жанұзақовқа қарсылық білдірді. Ол судья Шынасылдың өтініштерін қабылдамай, видеожазба деректерін тексеруге мүмкіндік бермеді деп мәлімдеді.

    Шағымды Алматы облыстық сотының судьясы Асқар Бейімбетов қарап, судья Жанұзақовты істен шеттетпеу туралы қаулы шығарды. Мемлекеттік айыптаушылар да шағымды негізсіз деп бағалады.

  • Судьяға сенімсіздік: Шерзат ісінде қорғау тарабы қарсылық білдірді

    Судьяға сенімсіздік: Шерзат ісінде қорғау тарабы қарсылық білдірді

    Талдықорғанда Шерзат Болат ісі бойынша бүгінгі сот отырысы күтпеген жерден аяқталды. Себеп — айыпталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы судья Е.С. Жанұзақовқа қарсылық білдірді.

    Сот-медициналық сарапшының жауабынан кейін қорғау тарабы судьяны істен шеттету туралы өтініш жасады. Енді бұл мәселені соттың басқа судьясы — А.А. Беймбетов қарайды.

  • “Мылтықпен ұрған ба?”: сарапшы Шерзаттың ағасының жарақатын түсіндірді

    “Мылтықпен ұрған ба?”: сарапшы Шерзаттың ағасының жарақатын түсіндірді

    Талдықорғанда Шерзат Болат ісі бойынша сот жалғасып жатыр. Кезекті отырыста сарапшы Өмірбек Жолымбетов марқұмның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жарақаттарын сипаттады.

    Оның сөзінше, Ғайыпбаевтың денесінде көгерулер, сызаттар мен бөкседе пышақ іздері болған. Сондай-ақ бас-ми шайқалуы, гематома мен кеуде жарақаты анықталған.

    Сарапшы мұндай жаралар есінен тануға себеп болуы мүмкін екенін растады. Ал бөкседегі пышақ жаралары өлімге себеп болмайды деді.

  • Сарапшы: “Шерзаттың жарасы — әдейі күшпен салынған соққы”

    Сарапшы: “Шерзаттың жарасы — әдейі күшпен салынған соққы”

    Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Болат ісі бойынша тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров сотта жауап берді. Оның айтуынша, пышақ қатты күшпен салынған.

    Сарапшының сөзінше, жарақат тереңдігі пышақтың ұзындығынан асып кеткен. Бұл пышақ сабына дейін толық кіріп, күшпен салынғанын білдіреді.

    — Егер пышақ 9-10 см болса, ал жара 12 см терең болса, онда бұл қатты күшпен сұғылған деген сөз, — деді ол.

    Халимназаров жәбірленуші тараптың сұранысымен сараптама жасаған. Қорытындысында: Шерзат кеуде жарақатынан көз жұмған.

  • Шерзат соты: Сот залында жер сілкінісі

    Шерзат соты: Сот залында жер сілкінісі

    Талдықорғанда Шерзат ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысы кезінде жер сілкінісі сезілді. Оқиға тікелей эфирге жазылып қалды.

    Осы сәтте сарапшы Тахир Халимназаров жауап беріп жатқан. Ол — Қуандық Бишімбаев ісіне де қатысқан танымал сот-медициналық сарапшы.

    Дүмпу сезілген соң судья отырысқа үзіліс жариялады.

  • Шерзат соты жалғасуда

    Шерзат соты жалғасуда

    Талдықорғанда Шерзат Болаттың (Полат) өліміне қатысты атышулы іс бойынша сот отырысы жалғасуда. Жетісу облыстық мамандандырылған сотында қаралып жатқан процесте тоғыз айыпталушы, соның ішінде бір кәмелетке толмаған сот алдында жауап беруде.

    Қылмыстық істің ауқымы айтарлықтай:
    – 62 том іс;
    – 40 сот сараптамасы;
    – 200-ге жуық куәгер;
    – 8 видеоайғақ.

    Сот онлайн форматта көрсетіліп жатыр. Бұл – қоғамның назарын өзіне аударған резонансты іс.

    Еске салайық, 2024 жылдың 4 қазанына қараған түні Талғар қаласында болған жаппай төбелес кезінде 17 жастағы Шерзат қаза тапқан. Кейін оның үйі өртеніп, отбасын полиция қорғауға алды.

    Қоғам бұл іске қатысы барлардың бәрі жазалансын деп талап етіп отыр. Сот жалғасуда.

  • Ақнәр Хамиттің жұмбақ қазасы: Анасы шындық іздеуде

    Ақнәр Хамиттің жұмбақ қазасы: Анасы шындық іздеуде

    Ресми нұсқа — «өз-өзіне қол жұмсау», бірақ анасы бұл — қасақана кісі өлтіру деп есептейді.

    Оның қолында қызының азапталғанын дәлелдейтін бейне мен соңғы хабарламасы бар:
    «Қасымыздағы қыз біреуді қылқындырып жатыр…»

    Ақнәрдің денесінде зорлық белгілері анықталған. Сараптама да екі қыздың мас, ал марқұмның қанында ішімдік болмағанын көрсеткен.

    Анасы тергеудің баяу жүріп жатқанына наразы. Полиция тергеу жалғасуда деп жауап берген.
    Халықаралық ұйымдар да істі әділ тергеуді талап етті.

  • «Күмәнді диалог» үшін жеке қаулы шықты

    «Күмәнді диалог» үшін жеке қаулы шықты

    Шерзат Болаттың өліміне қатысты Талдықорғанда өтіп жатқан сот процесінде тікелей эфирге жазылып қалған екіұшты әңгіме жұртшылықтың күдігін күшейтті.

    – Көзіме жас келе жаздады, дұрыс сөйледім бе?
    – Саған көп сұрақ қоймайды, сөйлесіп қойғанмын, – деген сөздер сот тыңдалымы аяқталған сәтте естілген.

    Кімнің айтқаны белгісіз. Судья бұл жайтқа байланысты жеке қаулы шығарып, прокурорға диалог мазмұны мен қатысушыларын анықтауды тапсырды.

    Сот тек заң аясында шешім қабылданатынын ескертті.
    Жеке қаулы – сот процесіне тікелей қатысы жоқ, бірақ құқықтық мәні бар күмәнді жайттарды құзырлы органдарға ескерту құжаты.

  • Шерзат соты: Соттан кейінгі күмәнді диалог жұртты шулатты

    Шерзат соты: Соттан кейінгі күмәнді диалог жұртты шулатты

    Абзал Шынасылдан жауап алынған сот отырысынан кейін тікелей эфирде күмәнді диалог жазылып қалды. Сотқа қатысушылар залдан шығып жатқан сәтте эфирден:
    – Көзіме жас келе жаздады, дұрыс сөйледім бе?
    – Саған көп сұрақ қоймайды, уайымдама, сөйлесіп қойғанмын,
    – деген әңгіме естілді. Бұл жайт әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

  • Абзал Шынасыл: «Пышақты төс қалтадан алып, үш рет тықтым»

    Абзал Шынасыл: «Пышақты төс қалтадан алып, үш рет тықтым»

    Шерзат Болаттың өліміне қатысты сотта күдікті Абзал Шынасылдың оқиға орнында түсірілген видеосы көрсетілді. Видео жасөспірім қаза тапқаннан кейін, 4 қазан кешінде жазылған.

    Шынасыл тергеушілермен бірге «Қамажай» дүкені жанында болған жайттарды баяндады. Ол алғашқыда мылтықпен атқан Нұрғанатты ұрып, кейін біреудің мылтықты тартып алғанын, сол сәтте бір жасөспірім құлап, біреуі «жедел жәрдем» деп айғайлағанын айтты.

    «Сол жерде қара сақалды баланы тептім, ұрдым. Кейін төбелес басталып кетті», – деді күдікті.

    Бастапқыда ол тек Нұрғанатты пышақтағанын айтқанымен, видеода Шерзатқа қатысты ештеңе демейді. Алайда кейінгі кадрда:
    «Құлаған кезде төс қалтадан пышақты алып, ұшынан ұстап, жамбасына үш рет тықтым. Сосын “кеттік” дегенде машинаға отырдық», – деп мойындайды.

    Шынасыл оқиға кезінде өзгелердің қолында пышақ болмағанын да айтқан.

    Кейін ол Шерзат Болатты өлтіргенін ресми түрде мойындады.