Метка: Басты оқиғалар

  • Оңтүстік Корея президенті қамауға алынды

    Оңтүстік Корея президенті қамауға алынды

    Ұзақ қақтығыстардан кейін, биліктен қуылған президенттің резиденциясында тергеушілер Юн Сок Ёлды жемқорлықты тергеу бюросына жеткізді.

    Бұған дейін ол өзінің қамауға алынуын әлі де заңсыз деп санайтынын айтқан қысқаша бейне хабарлама жазып алған. Юн полицияға бағыну шешімін қантөгіске жол бермеу ниетімен түсіндірді. Қаңтар айының басында мемлекет басшысын ұстау әрекеті тергеушілер мен оның жақтастары арасында кикілжің тудырды.

    Содан кейін Юн Сок Ёлдың жүздеген жақтастары резиденцияға кіруді жауып тастады, ал президенттің қауіпсіздік қызметі аумақтың қорғалған мәртебесін алға тартып, тергеушілерді кіргізбей қойды. Бес сағаттық қақтығыстардан кейін ордердің орындалуы уақытша тоқтатылды.

    Оңтүстік Корея президенті желтоқсанның басында елде әскери жағдай енгізуге әрекеттенді, содан кейін парламент оны көтеріліске әрекеттенді деп айыптап, импичмент жариялады.

    Юн 14 желтоқсаннан бері президент қызметінен уақытша шеттетілді, бірақ оны қызметінен кетіру үшін конституциялық сот бекітуі керек. Сот шешім қабылдағанға дейін Юн Сок Ёль ресми түрде президент болып қала береді.

    Юнның өзі желтоқсанның бірінші жартысында көтеріліске әрекеттенді деген айыптауларды жоққа шығарып, соғыс жағдайын енгізу «саяси есептелген шешім» екенін және оны мемлекетті оппозициядан қорғау үшін қабылдағанын айтты.

     

  • Алматы-Өскемен тасжолында 18 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды

    Алматы-Өскемен тасжолында 18 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды

    – 2025 жылғы 15 қаңтар сағат 07:30 шамасында «Алматы-Өскемен» автожолының 28 шақырым учаскесінде («Алматы-Қонаев» бағытында) 18 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат қалың тұман кезінде болды.

    Алдын ала мәліметке сәйкес, оқыс оқиға жүргізушілер шектеулі көрініс кезінде жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтамауы салдарынан болған, – делінген хабарламада.

    Оқиға болған жол учаскесі ІА техникалық санатқа жатады, 6 жолақты. Жолдың жүру бөлігі құрғақ, ақаусыз және бөгде заттар болмаған.

    Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қосымша мәліметтер анықталуда.

     

  • Қаскелең қаласында базар өртенді

    Қаскелең қаласында базар өртенді

    Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматы облысы Қаскелен қаласындағы құрылыс дүкенінің қоймасындағы өртті сөндірді.

     Оқиға орнына өрт сөндіру жедел штабы жетті.

    Жақын орналасқан тұрғын үйлерді оттан қорғау және өртті сөндіру үшін су оқпандары берілді.

    Барлығы ТЖД 30 адамға жуық жеке құрам және 10 бірлік техникасы жұмылдырылды.

  • Доллар құны тағы да өсті

    Доллар құны тағы да өсті

    Астана мен Алматыдағы валюта айырбастау пункттерінде 1 доллар 529-534 теңгеден саудаланып жатыр.

    Kurs.kz мәліметінше, бүгін Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 530 теңге, сатып алу құны – 534 теңге. Еуро 541 теңгеден сатылып, 546 теңгеден сатып алынуда.

    Ал Алматыдағы валюта айырбастау пункттерінде доллар 529,05 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 532 теңге. Мұнда еуроның бағасы 539-545 теңге аралығында құбылып тұр.

    Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,07-5,17 теңгеден саудаланып жатыр.

  • Қазақстанның бірнеше өңірінде діни радикалдар ұсталды

    Қазақстанның бірнеше өңірінде діни радикалдар ұсталды

    2025 жылғы қаңтарда ҰҚК полициямен бірлесе және прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті.

    Терроризмді, оның ішінде телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы насихаттады деген күдікпен 3 адам қамауға алынды.

    Екі фигурант бұрын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені, қарақшылық жасағаны, есірткі заттарын заңсыз алғаны және сақтағаны үшін сотталған. Тағы біреуі бұрын шетелдік содырлар лагерлерінде дайындықтан өтіп, Қазақстанға тапсырмамен оралған, сонда ұсталып, сотталған. Ұзақ мерзімді жазасын өтеп бостандыққа шыққаннан кейін де радикалды идеологиядан бас тартпаған.

    Тергеу әрекеттері барысында олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша діни әдебиет және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

    Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

  • Қырғызстанда виза беру тәртібі өзгеріске ұшырады

    Қырғызстанда виза беру тәртібі өзгеріске ұшырады

    Қырғызстан еліне іскерлік, туристік немесе басқа да жеке мақсаттармен баруды жоспарлап отырған шетел азаматтарына 22 қаңтардан бастап бір реттік немесе көп мәртелікпен 90 күнге дейінгі мерзімге «Сапар визасы» («J» түрі) енгізіледі. Осы орайда, бұған дейін қолданыста болған «іскерлік», «туристік», «тау туризмі» секілді визалық санаттар жойылады.

    Жаңалықтар 2025 жылдың 22 қаңтарынан бастап «Электрондық виза» порталында қолжетімді болады. 2024 жылдың 5 қыркүйегінен бастап Қырғызстанда шетелдіктерді визасыз тіркеудің жаңа тәртібі күшіне енгені хабарлаған-ды. Яғни, бұл – енді елдегі шетелдік студенттерге деген университеттің жеке жауапкершілігі арта түсті деген сөз.

  • Астанада электронды темекі сатқан адам сотталып кетті

    Астанада электронды темекі сатқан адам сотталып кетті

    Сот үкімімен қала тұрғыны Қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-бөлігімен заңсыз кәсіпкерлік үшін 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тарту арқылы, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

    «Кінәлі тұлға құрамында никотині бар сұйықтықты өндіру бойынша цех ұйымдастырып, заңсыз өндірілген өнімдерді вейп сатумен айналысатын әртүрлі дүкендерге жалпы сомасы 64,4 млн теңгеге өткізген. Елорда прокуратурасы кінәлі тұлғадан мемлекет кірісіне заңсыз жолмен алынған кірістің барлық сомасын өндіру туралы азаматтық арыз келтіруге бастамашылық етті.

     

    Сот шешімімен қала прокурорының талап арызы қанағаттандырылып, сотталушыдан заңсыз жолмен алынған табыс сомасы толығымен өндірілді», – делінген прокуратура хабарламасында.

  • Талғар ауданында теннис клубы отқа оранды

    Талғар ауданында теннис клубы отқа оранды

    Талғар ауданының Бесағаш ауылында әкімшілік ғимарат пен жеке теннис клубының құрылыстары отқа оранды.

    Алматы облысының Бесағаш ауылында әкімшілік ғимарат пен жеке теннис клубының құрылыстары отқа оранды. Өрт 1000 шаршы метрден астам аумақты қамтып, көрші үйге қауіп төндірді.

    «Талғар ауданының Бесағаш ауылында жеке теннис клубының аумағында әкімшілік ғимарат, тенттен жасалған каркасты құрылыс, теннис кортының жабыны мен үрлемелі күмбез жанды», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі

    Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

  • Ақтөбеде оқиғаға байланысты облыс әкімі мәлімдеме жасады

    Ақтөбеде оқиғаға байланысты облыс әкімі мәлімдеме жасады

    Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров тұрғындардың кепілге алынуына қатысты мәлімдеме жасады.

    Бұл туралы әкім әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

    – Облыс орталығындағы қылмыскердің түндегі әрекеті қоғамда жан-жақты талқылануда. Бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтқым келеді. Құқықтық бағасын құзырлы органдар беретін болады. Қазіргі уақытта зардап шеккен жәбірленушіге жан-жақты медициналық және психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр.  Ал марқұм болған азаматтардың жерлеу рәсіміне қажетті көмектер ұйымдастырылады. Осы ретте күдіктіні ұстауда кірпік ілмей, кәсібилік танытқан полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Қауіпсіздік шаралары – бақылауымда, дейді әкім.

    14 қаңтарға қараған түні Ақтбеде белгісіз біреу бір отбасының үйіне басып кіріп, үш адамды кепілді ұстаған болатын.

  • Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасына қарсы сотқа шағым түсірілді

    Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасына қарсы сотқа шағым түсірілді

    Алматы қаласы Түрксіб ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы экс-президенттің қарындасы Әнипа Назарбаеваға қатысты сотқа талап арыз түсірді. 

    Бұл ақпарат Алматы экономикалық сотының анықтамасында көрсетілген. Мемлекеттік орган «CDM Group» компаниясының сатып алу-сату шартын заңсыз деп тануды сұрауда.

    Жауапкерлер қатарында Әнипа Назарбаевамен бірге «CDM Group» компаниясы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және қазақстандық азамат Жанат Мамриева аталған.

    Сотқа жүгінген компания бастапқыда «ТДА Транзит Алматы» деген атаумен тіркелген. Оны 2015 жылдың наурызында Әнипа Назарбаева мен Әли Қылышпаев құрған. 2017 жылдың наурызында компания Жанат Мамриеваға қайта тіркеліп, атауын «CDM Group» деп өзгерткен. Алайда, не себепті Сотта «CDM Group» компаниясын сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талаптың себебі құжаттарда көрсетілмеген.

    Алғашқы сот отырысы 2025 жылдың 6 қаңтарына көрсетілгенмен сот процесі бойынша жаңа мәліметтер  жоқ.