Метка: Басты оқиғалар

  • ІІМ Хасан Қасымбековке қатысты пікір білдірді

    ІІМ Хасан Қасымбековке қатысты пікір білдірді

    Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёха құқық қорғау органдарында ұйымдасқан қылмыстық топтардың тізімі бар екенін растап, Хасан Қасымбаевқа қатысты пікір білдірді.

    Еске сала кетейік, күні кеше Хасан Қасымбаевтың екі айға қамауға алынғаны белгілі болды. Осы орайда журналистер Игорь Лепёхадан қазақстандықтардың аузында жүрген «Хуторлықтар» тобы туралы сұрады. Бұған дейін ІІМ мұндай қылмыстық топтың бар екенін жоққа шығарған еді.

    «Бір қылмыстық топ жойылса, жаңалары пайда болады, біз оларды есепке аламыз. Бұл тұрақты жұмыс қой. Алайда, қазір 90-жылдардағыдай қылмыстың өршуі мен ұйымдасқан топтар бар деп айтуға болмайды», – деді Лепёха.

    Ол Хасан Қасымбаевқа қатысты істің егжей-тегжейіне әлі толық үңілмегенін, себебі бұл тергеу ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының құзыретінде екенін айтты.

    «Барлық мәселелер қылмыстық іс аясында анықталады. Әзірге біздің қызметкерлердің қатысы бар деген күдік жоқ. Барлық әрекеттер прокуратураның бақылауында. Жаңадан ашылған мәліметтерге сәйкес ол жауапкершілікке тартылады», – деп қорытындылады Лепёха.
    Оның айтуынша, қызметкерлердің барлық іс жүргізу әрекеттері прокуратураның бақылауында және әр кезең қадағалауда.

  • Колледж студенттері онлайн оқуы мүмкін

    Колледж студенттері онлайн оқуы мүмкін

    Елімізде колледж студенттері онлайн оқуы мүмкін. Алайда бұл өзгеріс барлық мамандыққа қатысты емес.

    Оқу-ағарту министрінің айтуынша, онлайн оқыту форматын енгізудің негізгі мақсаты – колледждерге білім беру бағдарламаларын икемді бейімдеу, ал студенттерге жұмыстарын үзбей-ақ нақты практикалық дағдыларды қалыптастыруға жағдай жасау. Экономиканы цифрландыру жағдайында ерекше сұранысқа ие IT-мамандықтарға басты назар аударылмақ.

    Ғани Бейсембаев мұндай тәжірибе АҚШ, Канада, Қытай, Австралия және Ұлыбританияда оң нәтиже бергенін айтты. Бұл елдердегі онлайн оқыту білім беру процестерінің тиімділігін арттырған.

    «Бүгінде еңбек нарығы талаптарына жауап беретін мамандарды сапалы даярлауды іске асыру үшін колледж жүйесіне онлайн-оқытуды енгізу ұсынылады. Бұл өзгеріс өндірістен қол үзбей кадр даярлау мәселесін шешуге бағытталған және студенттерге оқу мен қызметін үйлестіре отырып, жеке бағдарламалар бойынша оқуға мүмкіндік беру көзделген», – деді министр.

  • Дональд Трамп сайлауда жеңіске жетіп, АҚШ-тың 47-президенті атанды

    Дональд Трамп сайлауда жеңіске жетіп, АҚШ-тың 47-президенті атанды

    АҚШ-тың 47-президенті ретінде Дональд Трамп ресми түрде танылып, сайлаудың шешуші 270 дауысын иеленді.

    АҚШ ірі ақпарат құралдары ақпараты бойынша, Трамп Камала Харриске қарағанда дауыс жинап, президенттік орынға қайта оралуда. Дегенмен, ресми қорытындылар әлі жарияланған жоқ.

    Трамп жақтастарына арнаған сөзінде Американың алдағы «алтын ғасырына» жол ашылатынын уәде етті.

    «Мен сіздер үшін күн сайын күресемін. Біздің балаларымыз бен сіздер лайықты тыныш және гүлденген Американы құру үшін тынымсыз еңбек етемін. Бұл біздің жаңа алтын дәуіріміз болады», – деді ол.

    Бұл сайлауда Трамп шешуші Пенсильвания, Джорджия, Солтүстік Каролина, Невада, Аризона, Мичиган және Висконсин сияқты «айнымалы» штаттарда көш бастады. Бұл штаттардағы 93 дауыс бүкіл күрестің негізгі арқауы болды.

    «Бұл АҚШ тарихындағы ең ұлы саяси камбэк болды», – деп баға берді Трамптың вице-президенттікке кандидаты Джей Ди Вэнс.

    Республикашылдардың басты телеарнасы Foxnews мәліметінше, Трамп 277 сайлаушы дауысына ие болса, Харрис 226 дауыс жинады. Reuters агенттігі Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсонға сілтеме жасап, Трамптың жеңісін жариялады. CNN және NBC News деректері де Пенсильваниядағы жеңісті Трамптың еншісіне жазды, онда дауыстардың 95% өңделген нәтижесінде Трамп 50%, Харрис 48% жинаған.

  • Желтоқсан айынан тальго пойызы 2 жаңа бағытқа жүреді

    Желтоқсан айынан тальго пойызы 2 жаңа бағытқа жүреді

    Тальго пойыздары желтоқсан айында Астана – Алматы және Астана – Шымкент жаңа бағыттары бойынша қатынайды. Пойызға билеттер жүруге 45 күн қалғанда қол жетімді болады.

    «Пойыздар рейстер тиімділігін едәуір арттыруға және жолаушылар қызметінің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті тасымалдаушы

    Сонымен қатар, «Жолаушылар тасымалы» қала маңындағы тасымалдар мен аралас көлік түрлерін дамытуды ескере отырып, жаңа теміржол маршруты желісін құруды қарастырып жатыр.

  • Мемлекеттік бағдарлама бойынша берілетін баспана қымбаттайды

    Мемлекеттік бағдарлама бойынша берілетін баспана қымбаттайды

    Мемлекеттік бағдарлама бойынша берілетін баспана қымбаттауы мүмкін. Себебі қазақстандықтар зейнетақы жинағының артылған бөлігін баспана алуға бағыттап жүр.

    Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ниетті салымшылардан түскен 45 мың өтініш өткен айда мақұлданды. Ипотека рәсімдеушілердің де үлесі артқан. Өткен айда ипотека үлесі 17 пайызға артты. Қазір елде нарық шартымен берілетін ипотекалық несие үлесі артты. Жыл басынан бері 450 млрд теңге рәсімделген.

    Бұл былтырғы сәйкес кезеңнен 42 жарым пайызға көп. Ал жеңілдетілген шартпен рәсімделген қарыз көлемі 876 млрд теңгеге жуықтады. Жалпы банктердің ипотекалық портфелі 5,8 трлн теңге. Қаңтар-қыркүйек аралығында елде 1,4 трлн теңге баспана несиесі берілді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңнен 17 пайызға көп.

    Бірінші несие бюросының дерегіне сүйенсек, өткен айдағы көрсеткіш он бес пайызға артқан. Мақұлданған 45 мың өтініштің жалпы сомасы 37,4 млрд теңге болған.

  • Мектеп директоры 8 млн теңге жымқырған

    Мектеп директоры 8 млн теңге жымқырған

    Астанадағы мектептердің бірінде бюджет қаражаты жымқырылғаны анықталды. Қалалық прокуратура мәліметінше, жыл бойы жұмыс істемейтін қызметкерлерге жалпы сомасы 8 млн теңгеден астам жалақы мен сыйақы аударылып отырған.

    «Сот үкімімен мектеп директоры сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп жымқырғаны және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырыла отырып, оған 52,3 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды», – делінген хабарламада.

    Кінәлі тұлға залалды толық көлемде өтеді. Үкім заңды күшіне енді.

  • Алмасбек Садырбаев: «Ресей мен Украина соғысынан кейін Қазақстанда ашаршылық болады»

    Алмасбек Садырбаев: «Ресей мен Украина соғысынан кейін Қазақстанда ашаршылық болады»

    1,2 миллиард теңге ақша жымқырды деп ұсталған Алмасбек Садырбаев осыдан екі апта бұрын Арман Абдоллаға берген сұхбатында Қазақстанда ашаршылық болатыны туралы тілге тиек еткен еді.

    Садырбаев өз сұхбатында елдегі нан бағасының қымбат екенін және оның шын бағасы 50 теңге болу керегін айтты. Сондай-ақ, Қазақстанда қашан ашаршылық болатынын жеткізген.

    ”Ресей мен Украина арасындағы соғыс аяқталған кезде Қазақстанда ашаршылық болады. Себебі, Ресей бүкіл әлемді азықтандырушы ел ғой. Ол Беларусьпен бірге бар құшағын ашып, саудасын доллармен өткізеді. Ал біз соңғы қалған фермерлерден де айырылып жатырмыз. Агроөнім өндіретін мамандар жоқ бізде. Осы себептен де Қазақстан соғыстан кейін ашаршылыққа ұшырайды”, – деді ол.

    Еске салайық, бүгін қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы Алмасбек Садырбаевтың аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекетін әшкереледі.

  • Алмасбек Садырбаев 1,2 млрд теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды

    Алмасбек Садырбаев 1,2 млрд теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды

    ҚМА Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген субсидияларды алу кезінде деректерді бұрмалау фактілерінің жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

    Мәселен, агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы Алмасбек Садырбаев аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекетін әшкереледі.

    Ол өзі басқаратын адамдар тобы Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрды деп күдікке ілінді.

    Негізгі мақсат – ұсақ малдың аналық басын ұрықтандыруға субсидияларды заңсыз алу және жемшөп шығындарын өтеу. Бұл үшін заңнамаға қайшы ауылшаруашылық жерлері жоқ шаруа қожалықтары тартылды.

    Бұдан әрі жалған кадастрлық нөмірлерді көрсете отырып, дәйексіз мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға өтінімдер қашықтан берілді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативтері басшыларын хабардар етпей, олардың ЭЦҚ-сы пайдаланылды.

    Осылайша 1,2 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған Алмасбек Садырбаев ұсталды. Оның сыбайласы тергеу сотының санкциясымен үй қамауында.

    ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

     

  • Жанқош Тұраровқа қатысты іс қайта тергеледі

    Жанқош Тұраровқа қатысты іс қайта тергеледі

    Ол бұл туралы Фейсбуктегі парақшасында жазды. «Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс қайта жаңғыртылыпты. Келесі апта тергеу қайта басталады деп хабарлады. Бірақ алдыңғы заңсыз шығарылған қаулыны (қысқартылғаны туралы) әлі алған жоқпыз. Жарты айдан астам уақыт өтті.

    Бас Прокуратураға жазылған шағымның, әлеу.желідегі, БАҚ-ғы жариялылықтың нәтижесі шығар. Соңғы кезде әріптестерімнен, халықтан Бас Прокуратура қызметкерлерінің жақсы жұмыс істеп, көптеген қылмыс пен заңбұзушылықтарды ашуға септігін тигізіп жатқандарын естимін. Бұл да болса, көңілге жағатын, үзілген үмітті жалғайтын, әділетті Қазақстанға сенім оятататын жағымды нәрсе ғой. Тек жаман жағын айта бермей, жақсы жағын да айтайық.

    Сонда да қайтадан “крышаларын”, депутат ағаларын қосып, қылмысын жабуға тағы күш ала ма деген күдік жоқ емес. Біздің елдің органдарын, заңының қалай жұмыс істейтінін білгесін, “жаман айтпай, жақсы жоқ” дегендей, ондай күдіктің болуы да заңдылық. Не жағдай болса да, барлығы ашылып, жасырмай, айтылды», – деді адваокат Ләззат Ахатова.

  • Франция президенті әлеуметтік желіге қазақ тілінде пост жариялады

    Франция президенті әлеуметтік желіге қазақ тілінде пост жариялады

    Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құрмет танытып, өзінің твиттердегі парақшасында қазақ тілінде пост жариялады,.

    «Қош келдіңіз құрметті серіктес, құрметті дос.

    Сіздің мемлекеттік сапарыңызбен біз Қазақстан мен Францияны, қазақстандықтар мен француздарды біріктіретін терең достықты атап өтудеміз», – делінген жазбада.

    Айта кетейік, екі мемлекет басшылары Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту туралы келіссөздер өткізді.