Метка: Басты жаңалықтар

  • Конституцияның 40-қа жуық бабына өзгеріс енгізілуі мүмкін — Тоқаев

    Конституцияның 40-қа жуық бабына өзгеріс енгізілуі мүмкін — Тоқаев

    резидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елдің Негізгі заңының шамамен 40 бабына түзетулер енгізіледі, деп хабарлайды Sona.kz Ақордаға сілтеме жасап.

    Мемлекет басшысы бұл өзгерістерден кейін кемінде 10 конституциялық заң мен 50-ден астам кодекс пен заңды сәйкестендіру қажет болатынын айтты.

    «Бұл процесс іс жүзінде жаңа Конституция қабылдаумен тең. Осыншама көлемді жұмысты бір мезетте орындау мүмкін емес. Сондықтан мұқият дайындық қажет», — деді президент.

    Тоқаев атап өткендей, конституциялық реформалар елдің құқықтық жүйесін жетілдіруге және мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға бағытталған.

  • Жаңа Салық кодексі күшіне енген соң Қазақстанда шамамен 300 мың компания жабылуы мүмкін

    Жаңа Салық кодексі күшіне енген соң Қазақстанда шамамен 300 мың компания жабылуы мүмкін

    Қазақстанда жаңа Салық кодексі қабылданғаннан кейін шамамен 300 мың компания өз қызметін тоқтатуы мүмкін, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

    Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амриннің айтуынша, кодексте бизнес құрылымын жасанды түрде «дробтау» тәжірибесіне шектеу қойылады. Бұған дейін кәсіпкерлер ҚҚС шегінен аспау үшін бірнеше компания тіркеп келген.

    «Жабылатын бизнес, әрине, болады. Бірақ ол — бұрын бөлініп, бірнеше компания ашқан кәсіпкерлер. Енді оған құқықтық негіз жоқ. Жалпы шек 2 млрд 350 млн теңге көлемінде белгіленді», — деді вице-министр.

    Амрин атап өткендей, жаңа талаптар ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге мүмкіндік береді, ал жасанды бөлініс жасағандар нарықтан кетеді.

  • Қазақстанда кәмелетке толмағандарды «алып қашу» бойынша алғашқы қылмыстық істер қозғалды

    Қазақстанда кәмелетке толмағандарды «алып қашу» бойынша алғашқы қылмыстық істер қозғалды

    Қазақстанда алғаш рет «алып қашу» — яғни, қызды еріксіз некеге мәжбүрлеу деректері бойынша қылмыстық істер тіркелді, деп хабарлайды Sona.kz Hola.news-ке сілтеме жасап. Оқиғалар Шымкент қаласы мен Қызылорда облысында болған. Жәбірленушілер — кәмелетке толмаған қыздар.

    2025 жылдың қыркүйегінен бастап елде жаңартылған Қылмыстық кодекс күшіне енген. Енді «алып қашу» үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Егер бұл әрекет ауыр зардаптарға әкелсе, жаза мерзімі он жылға дейін ұлғаяды.

    Қазіргі таңда істер прокуратураның бақылауында. Жәбірленушілерге психологиялық және құқықтық көмек көрсетіліп жатыр.

  • Алматыда “Дикий Арманның” ісі бойынша аппеляциялық сот басталды

    Алматыда “Дикий Арманның” ісі бойынша аппеляциялық сот басталды

    14 қазан күні Алматыда 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларына қатысты іс бойынша апелляциялық сот отырысы басталды. Фигуранттардың бірі — “Дикий Арман” атанған Арман Жұмагелдиев, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Қалалық сотта өтіп жатқан тыңдау жабық режимде ұйымдастырылды — БАҚ өкілдері мен тыңдармандар қатыстырылған жоқ. Апелляциялық шағымдарды сотталғандар, соның ішінде Арман Жұмагелдиевтің өзі де түсірген. Ол үкімнің қайта қаралуын сұрап отыр.

    Еске салайық, 2025 жылғы 27 қаңтарда сот Арман Жұмагелдиевті қылмыстық топ құрғаны, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны және 24 адамды ұрлағаны үшін кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

    Сонымен қатар, Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген 8 жылға, ал ҰҚК-нің 5-басқармасының экс-басшысы Руслан Искаков 15 жыл 6 айға сотталып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған.

    Дикий Арманның ұйымдасқан тобының 13 мүшесіне 10 жылдан 15 жыл 6 айға дейін жаза тағайындалды. Ал өзге қатысушыларға 1,5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзім берілді. Кейбірі сот залынан босатылды — тергеу абақтысында өткізген уақыты жазасына есептелді.

    Апелляциялық сот отырыстары алдағы күндері жалғасады.

  • Қарағандыда Threads желісінде жазба жариялағаны үшін 22 жастағы Алика Мұхамадиева сот алдында жауап беруде

    Қарағандыда Threads желісінде жазба жариялағаны үшін 22 жастағы Алика Мұхамадиева сот алдында жауап беруде

    Қарағандыда 22 жастағы Алика Мұхамадиеваға қатысты сот процесі басталды. Ол әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздырды деген айыппен жауапқа тартылуда, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Қылмыстық іс Қазыбек би аудандық сотында қаралуда. Отырысты судья Арғын Құтышев жүргізіп отыр. Айыпталушыға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы, 1-бөлігі бойынша («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру») айып тағылған.

    Сот отырысы ашық форматта өтуде. Алайда Мұхамадиева мен оның қорғаушысы журналистерге айыпталушының жүзін фото және бейнежазбаға түсірмеу туралы өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырды. Прокурор Фарида Сәдуова процесті жабық өткізуді сұрағанымен, сот бұл ұсынысты қабылдамады.

    Соттың мәліметінше, Алика Мұхамадиева — жүк жеткізу және киім дүкені бизнесін жүргізетін кәсіпкер. 2025 жылдың жазында ол Threads әлеуметтік желісінде жазған пікірлерінен кейін қоғам назарын аударған.

    Айыпталушы сотта кінәсін толық мойындап, өкініш білдіріп, халықтан кешірім сұрады. Қорғаушысы істі қысқартылған тәртіпте қарауды сұрады.

    Бұған дейін Мұхамадиева өзінің сөздері контекстен үзіп алынғанын және ешкімнің намысына тию ниеті болмағанын айтқан еді. Қазір ол қамауда отыр, іс бойынша тергеу жалғасуда.

  • Олжас Бектенов үш облыстың әкіміне ескерту жасады

    Олжас Бектенов үш облыстың әкіміне ескерту жасады

    Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Абай, Ұлытау және Атырау облыстарының әкімдеріне экономикалық көрсеткіштер бойынша артта қалып отырғаны үшін ескерту жасады, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Бектеновтың айтуынша, 2025 жылдың басынан бері елдің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 6,3 пайызға өскен. Премьер негізгі салалар — өнеркәсіп, құрылыс, сауда және көлік бағыттарында өсім қарқынын арттыру қажет екенін атап өтті.

    «Ең алдымен өңдеу өнеркәсібіндегі өсімді қамтамасыз ету керек. Жылдық жоспарлы көрсеткіштерге жету үшін барлық резервтерді тиімді пайдалану қажет. Бұл — өңірлердің жауапкершілігі. Әкімдер нақты нәтижеге бағытталуы тиіс», — деді Үкімет басшысы.

    Қаржы блогының мәліметінше, елдің 11 өңірінде макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалған. Алайда Абай, Ұлытау және Атырау облыстары жоспардан төмен нәтиже көрсетіп отыр.

    «Бұл облыстардың әкімдері жағдайды өзгерту үшін бар күшін салуы тиіс. Тиісті шаралар қабылдап, нақты нәтижеге жету қажет», — деп атап өтті Бектенов.

    Үкімет экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту және тұрақты жұмыс орындарын құру бағыттарын басты басымдық ретінде белгілеген. Билік пен бизнестің өзара тиімді серіктестігі арқылы өңірлік экономиканың теңгерімді дамуы көзделген.

  • Күзгі дала жұмыстары: Шеңгелдіде 25 мың тоннадан астам өнім жиналды

    Күзгі дала жұмыстары: Шеңгелдіде 25 мың тоннадан астам өнім жиналды

    Қонаев қаласында ауыл шаруашылығы саласы биыл айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуде. Бұл туралы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асқар Ибраимов айтты.

    Алдымен ол жалпы өнім көлеміне тоқталып өтті. Сөзінше, жыл басынан бері бұл көрсеткіш 13,5 млрд теңгені құраған.

    «Шеңгелді ауылдық округінде егістік алқабының жалпы көлемі 14 812 гектарды құрайды. Соның ішінде көктемгі дала жұмыстары аясында 11 769 гектар жер игерілді. Өнім алу бойынша 2024 жылмен салыстырғанда барлық салада өсім бар», — деді ол.

    Қазіргі таңда күзгі өнім жинау қарқынды жүргізілуде:
    • бидай – 210 гектардан 315 тонна өнім жиналды (өнімділік 11%-ға артты),
    • арпа – 2 157 гектардан 3 127 тонна өнім алынды (өсім 7,3%),
    • картоп – 120 гектардан 3 360 тонна өнім жиналды (өсім 12%),
    • пияз – 350 гектардан 14 мың тонна өнім алынды (өсім 4,7%),
    • бақша дақылдары – 256 гектардан 4 430 тонна өнім алынды.

    «Шаруалар 250 тонна субсидияланған дизель отынын алды. Одан бөлек, 263,4 млн теңгеге 10 жаңа ауыл шаруашылығы техникасын (SEMAZ, Massey Ferguson, Беларусь тракторлары) сатып алынды. Сондай-ақ биыл 1 331 тонна минералды тыңайтқыш пайдаланылып, 819 тонна тұқым себілді. Ал 2026 жылғы егіс маусымына арналған 1 058 тонна тұқым қоры дайындалуда», — деді Асқар Ибраимов.

    Сонымен қатар ол мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы жайында атап өтті.

    «Аграрлық секторды қолдау мақсатында өңір шаруашылықтары «Кең дала 2» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несиелер алып отыр. Мысалы, «Марьям» шаруа қожалығы 288 гектар жерге егін егу үшін 40 млн теңге несие алды, ал «Ақбидай» ЖШС 17,5 млн теңге несие алуға өтінім берді. 2026 жылы тағы 5 шаруашылықты қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр», — деді бөлім басшысы.

    «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 13 жеке үміткер мен 1 кооператив жалпы сомасы 124 млн теңге болатын өтінім тапсырған. Екі жеке үміткер 15,5 млн. теңгеге несие алды. Қалған өтінімдер «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында қаралуда.

    Қонаев өңірінің агроөнеркәсіптік кешені жыл сайын жаңарып, инновациялық тәсілдер енгізіліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қоспақ.

  • Қонаевта «Ауылым – алтын бесігім» мәдениет күндері өтті

    Қонаевта «Ауылым – алтын бесігім» мәдениет күндері өтті

    Алматы облысында әр аудан, қалада «Ауылым – алтын бесігім» мәдениет күндері өтіп жатыр.

    Қонаевтағы іс-шара күрделі жөндеуден өтіп, қолданысқа берілген кітапхана жұмысымен танысудан басталды. Қазір мұнда 90 мыңға жуық кітап бар. Оқырман залында балалар шығармашылығы мен шетелдік шығармалар, тіпті, 100 жылдық бірегей кітаптар да орын тепкен. Сондай-ақ мұнда кітап алу, өткізу жүйесі автоматтандырылған, арнайы бағдарлама арқылы жүзеге асырылады.

    Алдағы уақытта кітапханада жастарға арналған TikTok аймақ ашылады деп күтілуде.

    Содан кейін комиссия мүшелері Б.Соқпақбаев атындағы Орталық саябаққа барып, амфитеатр мен балалар жазушысының ескерткішін көрді.

    Іс-шара Мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен жалғасты. Ал Мәдениет үйінің ауласында киіз үй тігіліп, бесікке бөлеу дәстүрі көрсетілді. Түрлі ұлт өкілдері де қалыс қалған жоқ. Олар көрме ұйымдастырып, мәдени мұраларын паш етті. Мәдениет күндері концерттік бағдарламаға ұласты.

  • Жүргізушілерді даярлау мектептерін ашу тәртібі қатаңдайды — ІІМ жаңа ережелер енгізбек

    Жүргізушілерді даярлау мектептерін ашу тәртібі қатаңдайды — ІІМ жаңа ережелер енгізбек

    Қазақстанда жүргізушілерді даярлайтын мектептерді ашуға қойылатын талаптар күшейтіледі. Енді көлік жүргізушілерін даярлайтын оқу орталықтары Ішкі істер министрлігінің ресми рұқсатын алғаннан кейін ғана жұмыс істей алады, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    ІІМ басшысы Ержан Саденовтің айтуынша, қазір жүргізушілерді даярлайтын мектептердің қызметін рұқсат беру тәртібімен реттеу жөнінде заңнамалық түзетулер әзірленіп жатыр. Министр атап өткендей, 2018 жылы мемлекеттік бақылаудың алынып тасталуы оқыту сапасының төмендеуіне және жалған құжаттар жасау секілді заңсыздықтарға жол ашқан.

    «Барлығын қайта ретке келтіріп жатырмыз. Өткен жылы өзін-өзі даярлау жүйесін тоқтаттық, барлық жүргізушілерді даярлайтын мектептер есепке алынды. Курстар мен медициналық анықтамалар электрондық форматқа көшірілді. Енді жүргізушілерді даярлайтын мектептерді тек ІІМ рұқсатымен ғана ашуға мүмкіндік болады», — деді Ержан Саденов.

    Министрдің айтуынша, бұл шаралар саладағы заңсыз қызметтің алдын алып, болашақ жүргізушілердің білім сапасын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, ІІМ біртұтас деректер базасын енгізу және емтихан өткізу процесін автоматтандыру мәселесін қарастырып жатыр.

    Жаңа талаптар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырып, жүргізушілерді даярлау жүйесін халықаралық стандарттарға жақындатуы тиіс.

  • Шерзат Болат ісі: Куә ретінде өткен азаматшалар жауапкершілікке тартылмайды — ІІМ

    Шерзат Болат ісі: Куә ретінде өткен азаматшалар жауапкершілікке тартылмайды — ІІМ

    Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов Шерзат Болат ісі бойынша куә ретінде өткен азаматшаларға қатысты қылмыстық іс қозғалмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    «Біз бастапқы бағасын бергенбіз. Аталған азаматшалардың әрекеттерінде қылмыс құрамы жоқ. Барлық материалдар мұқият қаралды. Олар тек куә ретінде өтті», — деді министр.

    Айта кетейік, Шерзат Болатқа қатысты іс қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Бұған дейін оның бірқатар құқықбұзушылықтарға қатысы бар деген күдікпен ұсталғаны хабарланған.