Метка: Басты жаңалықтар

  • Атыраулық полицей «көмек» үшін​ 15 миллион теңге айыппұл төлейді

    Атыраулық полицей «көмек» үшін​ 15 миллион теңге айыппұл төлейді

    Атырау қаласының №2 сотында Қылмыстық полиция басқармасының бұрынғы жедел уәкіліне қатысты үкім шығарылды. Ол қылмыспен күресудің орнына, қызметтік жағдайын пайдаланып алаяқтық жасағаны үшін айыпталды.

    Сот анықтағандай, Х.Н. есімді полиция қызметкері басқалардың проблемасынан пайда табуды шешкен. Азамат М.К.-ның қылмыстық іс бойынша айыпталушы екенін біліп, оның заңдық сауатсыздығы мен эмоционалдық осалдығын пайдаланып, М.К. мен оның танысы А.К.-ны 1,5 миллион теңгені айыппұл төлеу үшін беру керек деп сендірген.

    Бұл сценарий ескі болса да, әлі күнге дейін тиімді жұмыс істеп тұр: Х.Н. бұл ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

    Прокуратура 4 жылға бас бостандығынан айыруды және мемлекеттік секторда жұмыс істеу құқығынан өмір бойы айыруды талап етті. Жәбірленушілер, керісінше, жұмсақтық танытып, соттан айыпталушыны бас бостандығынан айырмауды сұрады. Х.Н. өз кінәсін мойындап, процесті созбады. Сондықтан іс қысқартылған тәртіпте қаралды. Айтпақшы, ол ақшаны қайтарып, жеңілдік сұраған.

    Кәмелетке толмаған баланың болуы, кінәні толық мойындау және залалды өтеу жеңілдететін жағдайлар ретінде танылды. Ауырлататын жағдайлар анықталмады.

    Нәтижесінде, сот үкімі бойынша 15 миллион теңге айыппұл салынды (ұрланған сомадан 10 есе көп), мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеу құқығынан өмір бойы айырылды. Сонымен қатар, Х.Н. «полиция капитаны» арнайы атағынан айырылды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

    Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

    Бұл шешімге инфляция қарқыны, сыртқы жағдайлардағы тұрақсыздық және экономикалық белгісіздік себеп болған. Келесі жоспарлы шешім 5 маусымда жарияланады.

    Базалық мөлшерлеме – банк секторы мен несие нарығына бағыт беретін негізгі құрал. Ол экономиканың ақшалай айналымына, инфляция деңгейіне тікелей әсер етеді.

  • Атбасардағы азаптау ісі: ақталған 12 қызметкерге қатысты үкім жойылды

    Атбасардағы азаптау ісі: ақталған 12 қызметкерге қатысты үкім жойылды

    Сот үкімді қайта қарауға себеп – процесс барысында заңбұзушылықтар болған. Алқабилерге қойылмауы тиіс сұрақтар ұсынылған, кейбір жәбірленушілерге сөз берілмеген.

    Бұл іс енді сол сотта, бірақ жаңа құраммен қайта қаралады.

    Бұған дейін алқабилер соты оларды кінәсіз деп таныған. Алайда прокурорлар бұл шешіммен келіспей, шағым түсірген.

    Айта кетейік, 2023 жылдың қыркүйегінде тұтқындарды ұрып-соққан сәттер түсірілген видео әлеуметтік желіге тараған.

  • Екібастұзда күзет ұйымының директорын тонағандар жауапқа тартылуда

    Екібастұзда күзет ұйымының директорын тонағандар жауапқа тартылуда

    Павлодар облысында ірі күзет компаниясының директорын тонаған күдіктілер ұсталды. Polisia.kz мәліметінше, олар Екібастұзда пәтерге заңсыз кіріп, 11 миллион теңгеден астам мүлікті алып кеткен. Оқиға сәті бейнебақылауға түсіп қалған.

    Тінту кезінде айғақ заттар табылып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.

  • Қазақстанда төрт жаңа су қоймасы салынады

    Қазақстанда төрт жаңа су қоймасы салынады

    Елде төрт жаңа су қоймасы салынып, тағы төртеуі қайта жаңғыртылады. Сонымен қатар 115 канал жөнделіп, Астана су қоймасын толтыру жобасы қолға алынады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді.

    Жұмыстар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстары мен Астанада жүргізіледі. Қазір қажетті құжаттар дайындалып, мемлекеттік органдармен келісу жүріп жатыр.

    Сондай-ақ Ислам даму банкі гранты аясында елдегі су көздерін зерттеу, ерте ескерту жүйесін енгізу және “Қазсушар” мекемесін техникалық жабдықтау жоспарланған.

  • Ақмола облысында су тасқынына қарсы жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде

    Ақмола облысында су тасқынына қарсы жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде

    Жақсы ауданына қарасты Қима ауылы маңында бөгетті нығайту шаралары жүріп жатыр. Құтқарушылар инертті материалдармен қаптарды толтырып, жаға бойына төсеп жатыр.

    Бүгінге дейін 5 мыңнан астам қапшық төселді. Төтенше жағдайлар қызметі су деңгейін бақылауда ұстап, тасқынның алдын алу шараларын үздіксіз жалғастыруда.

  • АҚШ-та Siemens өкілдігінің басшысы отбасымен бірге қаза тапты

    АҚШ-та Siemens өкілдігінің басшысы отбасымен бірге қаза тапты

    Нью-Йорк қаласында жеке тікұшақ апатқа ұшырап, Siemens компаниясының Испаниядағы филиалының бас директоры Агустин Эскобар, оның жұбайы мен үш баласы, сондай-ақ ұшқыш қаза тапты.

    Тікұшақ Гудзон өзеніне құлаған. Оқиға ұшқаннан көп ұзамай болған.

  • Qnet қаржы пирамидасына қатысы бар ұйымдастырушылар сотталды

    Qnet қаржы пирамидасына қатысы бар ұйымдастырушылар сотталды

    Қызылорда облысы бойынша Қаржылық мониторинг департаменті жүргізген тергеу нәтижесінде Qnet құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырғандар сот үкімімен кінәлі деп танылды.

    Олар азаматтарды «QVI tripsaver» атты жалған саяхат карталарын және зергерлік бұйымдарды сатып алуға үгіттеп, көпдеңгейлі маркетинг желісіне инвестиция салуға шақырған. Міндетті шарт — жаңа қатысушыларды тарту болған.

    ▪️Нәтижесінде 51 адам қаржы пирамидасына тартылып, 63 миллион теңгеден астам қаражат салған.

    ▪️Сот үкімімен ұйымдастырушылар 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

    ▪️301 млн теңге тұратын мүлік тәркіленді: Нұр-Сұлтандағы 7 пәтер мен Toyota Camry көлігі.

  • «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ильяс Сариевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды

    «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ильяс Сариевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды

    Ақпаратты Алматы қаласының полициясы растады.

    «Алмалы аудандық полиция басқармасында алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған бірқатар тергеу шарасы жүргізіліп жатыр. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — делінген хабарламада.

    Сәриев әлеуметтік желілерде өзін «Қазақтың Робин Гуды» деп атайды. Instagram парақшасында 600 мыңнан астам жазылушысы бар. Ал қордың парақшасына шамамен 400 мың адам тіркелген. Қор балалар мен қарттарға көмек көрсету үшін қаражат жинаумен айналысқан.

  • Кәсіпқой футболда ойнаған азамат 1,5 келі есірткімен ұсталды

    Кәсіпқой футболда ойнаған азамат 1,5 келі есірткімен ұсталды

    Ол бұған дейін жергілікті футбол командасында кәсіби деңгейде ойнаған. ІІМ мәліметінше, одан 1,5 келі синтетикалық a-PVP есірткісі тәркіленді.

    Күдікті Telegram арқылы таратқан. Қазақстанға 2020 жылы жұмыс іздеп келген. Қазір уақытша ұстау изоляторында.

    Айта кетейік, бұған дейін Семейде тағы бір кәсіби футболшы Азат Ерсалимов 60 млн теңге шығын келтірген 32 алаяқтық дерегі бойынша сотталған еді.