Метка: Басты жаңалықтар

  • Заңсыз микрокредит ұйымдастырғандар 32 млрд теңге пайда тапқан

    Заңсыз микрокредит ұйымдастырғандар 32 млрд теңге пайда тапқан

    Алматыда «Creditum» МҚҰ, «Sofi Finance» МҚҰ, «Hava Finance» МҚҰ, «SF Offline» МҚҰ, «POS Credit» МҚҰ, «Сәлем Кредит» МҚҰ басшыларына қатысты алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактілері бойынша тергеу жүріп жатыр.

    Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, аталған МҚҰ-лардың заңсыз әрекетінің салдарынан 327 мыңнан астам азамат зардап шекті, оларға келтірілген шығын көлемі 30 млрд теңгені құрайды.

    Төлемдері кешіктірілген қарыз алушылар Hava.kz, Koke.kz, Tengo.kz компаниялармен кепілдік шарттарын жасасуға мәжбүр болған.

    Бұл ретте, кепілгердің жауапкершілігі тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда ғана қарастырылған.

    «Бұл қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлем алынып, азаматтарды қарызға батырған. Нәтижесінде, қарыз алушылар несие сомасынан 3-5 есе артық ақша төлеуге мәжбүр болған.  Микроқаржы ұйымдарының есепшоттарына 1,8 млрд теңге көлемінде тыйым салынды, сондай-ақ 30 млрд теңге мөлшерінде несие портфеліне шектеу қойылды.

    МҚҰ ұйымдастырушысы 2 айға қамауға алынды. Оның жалпы құны 225 млн теңге көлемінде 2 тұрғын үйі мен BMW X6, Toyota Tundra маркалы автокөліктеріне тыйым салынды», – делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

  • ҰҚК: Террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 34 адам сотталды

    ҰҚК: Террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 34 адам сотталды

    Ақтөбе қалалық сотының шешімімен Ақтөбе облысының бір тұрғыны терроризмді насихаттағаны және атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

    ҰҚК тергеген қылмыстық іс шеңберінде, оның айналасындағыларды лаңкестер жағында шетелдегі соғыс қимылдарына қатысуға шақырғаны, сонымен қатар өзі де оларға қосылуды жоспарлағаны анықталды.

    «Тінту барысында одан 2 автомат, 8 тапанша, 8 мылтық, 3 шолақ қару, жасырын тасымалданатын гарнитурасымен 6 радиостанция, 3 түтін шашкасы, 1 жарық гранатасы және 581 патроны табылды», – делінген ҰҚК хабарламасында.

    Сондай-ақ ҰҚК материалы бойынша Алматы облыстық сотының шешімімен Каскелең қаласының бір тұрғыны терроризмді насихаттағаны және террористік әрекеттерді ұйымдастыруға адамдарды тартқаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Фигурант Қазақстанда резонансты зорлық-зомбылық акциясын жасау үшін лаңкестік топ құруды жоспарлаған. Осы мақсатта басқа діндар адамдарға лаңкестік идеологияны қабылдатып, оларды өз қатарына тартуға әрекеттенген.

    «Жалпы осы жылдың басынан ҰҚК тергеген қылмыстық істер бойынша террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін әртүрлі мерзімге 34 адам, сондай-ақ 2 шетел азаматы сотталған. Олар терроризмді насихаттағаны, діни араздық тудырғандығы, террористік және экстремистік топтардың әрекетіне тартқаны, құрғаны және оларға қатысқаны, тыйым салынған ұйымдардың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған», – делінген хабарламада.

  • ҚазГПЗ-ның экс-директоры Болат Байшуақов 4 жылға сотталды

    ҚазГПЗ-ның экс-директоры Болат Байшуақов 4 жылға сотталды

    Жаңаөзен аудандық соты «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС бұрынғы директоры Болат Байшуақовқа қатысты үкім шығарды. Ол кәсіпорын мүлкін аукционсыз заңсыз сатып, түскен қаражатты иемденгені үшін кінәлі деп танылды.

    Сот шешімімен Болат Байшуақов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол өмір бойына мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда жұмыс істеу құқығынан айырылды.

    Айта кетейік, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

  • Мопед мінсең – техосмотрдан өт

    Мопед мінсең – техосмотрдан өт

    Қазақстанда мопедтер енді толыққанды көлік деп танылады. 5 сәуірден бастап оларды тіркеу ғана емес, техникалық байқаудан өткізу де міндетті.

    Қайда барамыз?
    Еліміз бойынша 2000-ға жуық стационарлы, 750 мобильді техорталық бар – кез келгеніне барып тексертесіз.

    Нені қарайды?
    – Тежегіш
    – Шамдар
    – Руль мен дөңгелек

    Кімге міндетті емес?
    Жасалғанына 1 жыл толмаған жаңа мопедтерге техосмотр талап етілмейді.

    Қысқасы: Енді мопед иелері де көлік жүргізушілерімен бірдей талапқа бағынады.

  • Онлайн төлемнен бас тартса, не істеу керек?

    Онлайн төлемнен бас тартса, не істеу керек?

    Қазақстанда әр сатып алушы өзі таңдаған тәсілмен төлеуге құқылы — онлайн, карта арқылы немесе қолма-қол. Алайда кей дүкендер тек “наличный” сұрап, онлайн төлемнен бас тартып жатады. Бұл — заң бұзу.

    Сатушы төлемнің кез келген заңды түрін қабылдауға міндетті. Егер бас тартса, алдымен ескерту беріледі. Қайталанса — 157 280 теңге айыппұл төлейді.

    Ондай жағдай болса, e-Otinish платформасы арқылы немесе Мемлекеттік кірістер департаментіне шағымдануға болады. Фото, чек сияқты дәлелдер қосқаныңыз дұрыс.

    Сонымен қатар, чек бермегені немесе тиынды қабылдамағаны үшін де жауапкершілік бар.

  • Қазақстандық оқушылардың жобасы әлем үздіктері қатарында

    Қазақстандық оқушылардың жобасы әлем үздіктері қатарында

    Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары NASA мен АҚШ Ұлттық ғарыш қоғамы ұйымдастырған Space Settlement Contest 2025 байқауында топ жарды.

    25 елден 26 мыңнан аса оқушы қатысқан додада Анастасия Цой, Юлия Ким, Камила Ертісқызы мен Ілияс Дәулет ұсынған YURT жобасы бірінші орынды иеленді. Олар Юпитер орбитасындағы 30 мың адамға арналған ғарыш стансасын таныстырды.

    Екінші орынды иеленген «Икарус» жобасы Ганимед орбитасындағы 45 мың тұрғынға арналған станса идеясына негізделген. Команда құрамында 10 оқушы, жетекшісі – Әділет Сандықбаев.

    Байқау оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыруға бағытталған.

  • ChatGPT әлемдегі ең көп жүктелген қосымша атанды

    ChatGPT әлемдегі ең көп жүктелген қосымша атанды

    2025 жылдың наурызында ChatGPT қосымшасы TikTok пен Instagram-ды басып озып, әлем бойынша ең көп жүктелген қосымша болды. Appfigures дерегінше, бір айда ChatGPT 46 миллион рет жүктелген — бұл ақпанмен салыстырғанда 28 пайызға көп.

    Instagram екінші, TikTok үшінші орынға түсті. Ал үздік ондыққа WhatsApp, Telegram және Threads та енді. Барлығы 339 миллион қосымша жүктелген — бұл алдыңғы айдан 40 миллионға артық.

    Қосымшаның танымалдығы Studio Ghibli стиліндегі сурет генерациясы мүмкіндігінің жаңаруымен және дауыстық режимнің жетілдірілуімен байланысты. Сонымен қатар, визуалды контент модерациясы жеңілдеген.

  • Петропавлда Ұлттық ұлан курсанттары жаппай төбелес шығарды

    Петропавлда Ұлттық ұлан курсанттары жаппай төбелес шығарды

    Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сай, жанжалға 20-40 шақты адам қатысқан. Кейбір курсанттар жеңіл жарақат алып, медициналық көмек көрсетілген.

    Академиядағылар бұл оқиғаны растады. Төбелеске бірінші курс студенттері қатысқан. Зақым алғандарға ауруханаға жатқызу қажет болмаған.

    Қазіргі таңда болған жайтқа байланысты тексеріс жүргізілуде. Академияда Қазақстанмен қатар Тәжікстаннан келген курсанттар да білім алады.

  • Семейде полиция алаяқтардың 10 млн теңгені жымқыруына жол бермеді

    Семейде полиция алаяқтардың 10 млн теңгені жымқыруына жол бермеді

    Семей тұрғыны енесінің телефон арқылы күмәнді адаммен сөйлесіп жатқанын байқап, дереу полицияға хабарлаған. Бейтаныс адам өзін құқық қорғау қызметкері ретінде таныстырып, зейнеткерді алдап, 10 млн теңгені алмақшы болған.

    Жағдайға жедел әрекет еткен полицей Айдана Қозыбаева зейнеткермен байланысып, ешқандай дерек пен ақша бермеу керегін түсіндірген. Соның арқасында алаяқтар алмақшы болған 10 млн теңге дер кезінде бұғатталды.

    Полиция тұрғындарға:
    — телефон арқылы ешкімге жеке деректер мен банк ақпаратын бермеңіз;
    — күмәнді қоңырау түссе, бірден полицияға хабарласыңыз, — деп ескертеді.

  • Ақсуатта мектепке пышақпен кірген 19 жастағы жігіт ұсталды

    Ақсуатта мектепке пышақпен кірген 19 жастағы жігіт ұсталды

    Оқиға 10 сәуір таңғы сағат 7-ге таман болған.

    Куәгердің айтуынша, күдікті мектеп ішінде қолына пышақ ұстап шамамен 20 минут жүрген. Бұл уақытта мектепте сабақ басталмаған, оқушылар мен мұғалімдер әлі келмеген. Ең сорақысы — сол сәтте мектепте күзетші де болмаған.

    Егер сол кезде балалар келіп қалса не болар еді деген алаңдаушылық бар.

    Полиция күдіктіні ұстады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.