Метка: Басты жаңалықтар

  • Қайтарылған активтер есебінен екі облыста әлеуметтік нысандар салынады

    Қайтарылған активтер есебінен екі облыста әлеуметтік нысандар салынады

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Ақмола облысының Зеренді ауылында құны 2,1 млрд теңге болатын спорт кешенін және Түркістан облысының Темірлан аулында 890 млн теңгеге музыка мектебін салу жөніндегі алғашқы екі әлеуметтік жобаны іске асыруға арнаулы мемлекеттік қордан қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.

    Бұл бастамалар тұрғындарды білім беру және спорттық қызметтермен қамтуды арттыру үшін ауылдық жерлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

    Мәселен, Ақмола облысының Зеренді ауылында ауданы 6 мың шаршы метрден асатын, бір ауысымда 80 адамды қабылдайтын спорт кешенін салу жоспарланып отыр. Нысан белсенді тұрғындарға бос уақытытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді – ауданда 14,5 мыңнан астам адам жүйелі түрде спортпен шұғылданады. Жобаға сәйкес, орталықта күрес, бокс, шаңғы тебу сынды спорт түрлерімен айналысу үшін жабдықталады, 2 жаттығу залы қажетті құрал-жабдықтармен қамтылады. Сондай-ақ кешенде спортшыларды жаттықтыру мен сауықтыру жұмыстарын сапалы әрі тиімді іске асыру үшін қажетті құрал-жабдық және басқа да қосалқы үй-жайлар қарастырылған.

    Түркістан облысының Темірлан аулында 300 орындық жаңа өнер мектебін салу жоспарланып отыр. 1974 жылы қабырғасы каркастан салынған қазіргі ғимарат заманауи санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай емес, күрделі жөндеуге жарамайды. Соған қарамастан бүгінгі таңда кешен жұмыс істеп тұр – орталықта 420-ға дейін бала оқиды, бұл оның қазіргі қабылдау мүмкіндігінен 2 есеге артық, 45 мұғалім сабақ береді. Жаңа жоба ауылда өнер саласында қосымша сапалы білім алу үшін жағдай жасайдыі. Балалар жайлы ортада музыкамен, хореографиямен айналысуға мүмкіндік алады.

    Бүгінде арнаулы мемлекеттік қорда 177 млрд теңге жинақталған. Бұл қаражаттың барлығы әлеуметтік және инфрақұрылымдық объектілерді салуға, басқа да әлеуметтік маңызды мақсаттарға, соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, бұқаралық спорт және тағы басқа салалардағы жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.

  • Қазгидромет: Тұман түсіп, көктайғақ болады

    Қазгидромет: Тұман түсіп, көктайғақ болады

    Қарағанды облысының шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады.

    Күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкент пен Түркістан қалаларында да күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с.

    Түнде және таңертең Астанада тұман болады деп күтіледі. Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болатыны болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ Көкшетау қаласында да тұман болады.

    Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ Атырау қаласында да тұман түседі деп күтіледі.

    Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман болады.

    Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ Петропавл қаласында да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

    Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Павлодарда да түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

    Абай облысында батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

    Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

    Күндіз Алматы облысының орталығында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Қонаев қаласында да оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

  • 6 ауданның халқы Өскеменге тез жетеді: ең ұзын көпір ашылды

    6 ауданның халқы Өскеменге тез жетеді: ең ұзын көпір ашылды

    Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын автомобиль көпірінің ашылуына орай ШҚО-дағы алты ауданның тұрғындары Өскеменге жылдам қатынайтын болады. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

    Жоба көлік қатынасының ұзақ жылғы мәселесін шешуге бағытталған, көпір алты ауданды: Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Қатонқарағай, Тарбағатай және Зайсанды байланыстырады.

    «2019 жылы Мемлекет басшысы тарихи шешім қабылдап, 2020 жылы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталды. Көпірдің стратегиялық,, әлеуметтік, туристік және транзиттік маңызы бар. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, көпірдің маңында орналасқан алты ауданның, яғни 120 мыңнан астам азаматтың бүгінде облыс орталығына тәулік бойы қатынай алатынын атап өткен жөн», – деді Марат Қарабаев

     

    Министр сонымен қатар ең басты мақсат – көпірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін айтты. Ол үшін екі жағынан 40-қа жуық арнайы мұзжарғыш және көпірді тәулік бойы бақылау үшін тиісті камералар толығымен орналастырылған.

    Құрылыс тәулігіне 80 мыңға дейін автомобиль өткізе алады, өткелге дейін 18 км жаңа жол салынды.

  • Астанада бірнеше көшенің тұрғындары жарықсыз қалды

    Астанада бірнеше көшенің тұрғындары жарықсыз қалды

    «Сағат 15:06-да Алматы ауданында технологиялық ақау орын алып, салдарынан Мыңжылдық аллеясы мен Тәуелсіздік даңғылы, Қордай, А. Байтұрсынов көшелерінің тұтынушылары жарықсыз қалды», —  деп мәлімдеді Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

    Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қазір жарық қосымша қуат көзі арқылы берілген.

    «Сағат 15:32-де қосымша қуат көзіне ауыстырылды. Қазіргі уақытта аталған мәселенің себебін анықтау мен жою бойынша жұмыстар жүргізілуде»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

  • Оңай жолмен баспаналы болғысы келгендер алданып қалды

    Оңай жолмен баспаналы болғысы келгендер алданып қалды

    Әйелдің үстінен полицияға 10 арыз түскен. Жәбірленушілердің мәліметінше, әйел мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алуға көмек көрсетемін деп, сондай-ақ жоғары оқу орындарына грантқа түсуге жәрдемдесемін деп уәде берген.

    Оның қызметінің құны жүздеген мың теңгеге бағаланған. Алайда, күдікті уәдесін орындамаған. Алматы қаласының ауданаралық тергеу соты күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

    Қылмыстық іс алаяқтық дерегі бойынша тергеліп жатыр.

  • Басы дауға қалған алжирлік спортшы тосын мәлімдеме жасады

    Басы дауға қалған алжирлік спортшы тосын мәлімдеме жасады

    Иман Хелиф алжирлік «En Nahar» басылымына сұхбат берді. Сұхбат барысында спортшы кәсіпқой боксқа ауысатынын айтты. Спортшы қазіргі уақытта кәсіпқой бокстан көптеген ұсыныс түсіп жатқанын атап өтті.

    «Олимпиада чемпионы болу спорт әлемінде үлкен маңызға ие. Сондай-ақ біз, алжирліктер кәсіпқой бокста қандай деңгейде екенімізді көрсеткіміз келеді», – деді Иман Хелиф.

    Еске салайық, бұған дейін 66 кг дейінгі салмақта әйелдер боксынан Алжир спортшысы Иман Хелиф Париж Олимпиадасының финалында қытайлық қарсыласын төрешілер шешімімен 5:0 есебімен ұтып, жеңімпаз атанғанын хабарлаған едік.

  • Мопедті тіркеуге арналған құжаттар тізімі жарияланды

    Мопедті тіркеуге арналған құжаттар тізімі жарияланды

    Енді әрбір қазақстандық мопедті тіркеуге міндетті. Ол үшін қандай құжат керек? Ішкі істер министрлігі тізімді жариялады. Яғни, 5 құжаттар керек.

    • жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық нысанда;
    • Салық кодексінінің 553 және 615-баптарында көзделген тіркеу алымымен КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттарды;
    • бар болған жағдайда техникалық құжатты немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы ашық ақпараттық көздерден алынған  мәліметті; иесінің өтінішін;
    • көлік құралын қарап тексеру актісін (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде).

    Осы құжаттар болған жағдайда мопедті тіркей аласыз. Естеріңізге сала кетейік, мопедті тіркеуге осы көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының жиі орын алуы себеп болды.  Заңға өзгеріс енегізілді. Оған сәйкес, мопедтерді тіркеуге арналған құжаттар тізімі белгіленді. Айта кетейік, мәселен Алматының өзінде жыл басынан бері мопедтің қатысумен 350-ден аса жол-көлік оқғасы тіркелген. 364 адам зардап шегіп, 6 адам көз жұмған.

     

     

  • Қонаев тұрғындары жаппай сенбілікке қатысты

    Қонаев тұрғындары жаппай сенбілікке қатысты

    Бұған дейін 4 және 5-шағынауданның тұрғындары сенбілікке шықса, осы жолы 3-ықшамауданның жұрты жаппай сенбілікке қатысты. Олардың қатарында еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін болды. Соның бірі – Айгерім Сәрсенбаева. Ол баласының бойына қазірден тазалық мәдениетін сіңіруге тырысып жатқанын айтты.

    «Балалар да мұндай шарадан тыс қалмауы тиіс. Сонда ғана олар көше сыпырушы мамандардың еңбегін бағалайды, табиғатты аялап ұстауға тырысады, қоқысты кез келген орынға лақтырмайды. Менің ұлымның жасы небәрі 6-да. Десе де, күнделікті қоқысты шашпай, айналаға жанашырлық таныту керек екенін айтып отырамын. Бүгін күрек ұстап, жанымда көмектесіп жүрді», – деді Айгерім.

    Бұл күні 3-шағынауданда орналасқан әлеуметтік нысандардың, бизнес орындарының, тұрғын үйлердің төңірегі түгел тазаланды. Шараға 200-ден астам адам қатысып, олар 7 тоннадан астам қоқыс шығарды.

    Сонымен қатар профилактика үшін абаттандыру ережесін бұзған заңды және жеке тұлғаларға айыппұл салынып жатқанын айта кетейік. Тұрғындарға ірі көлемдегі қоқысты (үй жиһазы, құрылыс материалдары, күл-қоқыс) полигонға өздері жеткізу туралы түсіндіріліп жатыр. Олай болмаған жағдайда полиция басқармасы ҚР ӘҚБтК шеңберінде шара қолданады.

  • «Оскар» дауылы Кубаға жетті

    «Оскар» дауылы Кубаға жетті

    Метеорологтардың мәлімдеуінше, желдің екпіні сағатына 120 шақырымға жеткен. Елдің шығысындағы Кариб теңізі маңында толассыз жауын жауды.

    2 күннен бері электр жарығы жоқ. Басқа да инфрақұрылым қираған, ағаштар опырылып, жағаға жақын аудандар су астында қалды.

    Жалпы «Бостандық аралында» кейінгі 3 жыл бойы электр жарығы жиі өшеді. Оған электр желілерінің ескіргені, су электр стансаларындағы техникалық ақаулар мен жанармай тапшылығы себеп.

  • Ердоғанның басты қарсыласы Фетхуллах Гүлен қайтыс болды

    Ердоғанның басты қарсыласы Фетхуллах Гүлен қайтыс болды

    84 жастағы Гүлен ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы оның немере інісі Эбуселеме Гүлен X әлеуметтік желісінде хабарлады.

    «Фетуллаһ Гүленнің ақтық демі үзілді. Алла Тағала рақымына бөлесін», – деп жазды Эбуселеме Гүлен X әлеуметтік желісінде.

    CNN Turk арнасының таратқан ақпартынан, Фетхуллах Гүленнің соңғы жылдары бүйрегі ауырып, қант диабеті және деменциямен күрескені белгілі болды.

    Естеріңізге сала кетейік, Түрік билігі оны 2016 жылы әскери төңкеріс жасамақ болды деп айыптаған болатын. Төңкеріс салдарынан 251 адам қаза тапты. Гүленнің өзі Түркияда сырттай айыпталып, Анкара Вашингтоннан оны елге экстрадициялауды талап еткен. Түркияда оның FETO қозғалысы террористік ұйым деп танылған.

    Фетхуллаһ Гүлен 1941 жылы Түркияның шығысында дүниеге келген. Діни экстремизмге және исламды саясиландырудың түрлі формаларына қарсы шыққан мұсылман әлемінің ең ықпалды ғалымдарының бірі болды. Ол Түркияда және басқа елдерде, соның ішінде Орталық Азияда оқу мен тәрбие беру, мектептер ашу мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Ол 1999 жылдан бері АҚШ-та тұрды