Метка: Басты жаңалықтар

  • Президент Режеп Ердоғанға көңіл айтты

    Президент Режеп Ердоғанға көңіл айтты

     Мемлекет басшысы Анкара қаласының маңындағы TUSAŞ аэроғарыш корпорациясының ғимаратына жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айтты.

    Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

    – Суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан бейбіт тұрғындарға қарсы қастандық әрекетті қатаң айыптайды. Осындай ауыр сәтте Сізге және барша түрік халқына, сондай-ақ қайтыс болған азаматтардың жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың жаны жаннатта болсын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

  • Анкарада теракт болды

    Анкарада теракт болды

     Түркияның Анкара қаласында әскери ұшақтар мен ғарыш техникасын шығаратын «TUSAŞ» корпорациясы ғимаратының маңында теракт болды. Бұл лаңкестік әрекетті ұйымдастырды деген екі күдікті мерт болды, тағы бір адам бостандықта жүргені айтылады. Бұл туралы Түркияның Sabah агенттігі хабарлады.

    Басылымның хабарлауынша, жергілікті уақытпен сағат 15:20 шамасында Анкараның Кахраманказан ауданындағы «TUSAŞ» корпорациясы ғимаратының жанында бомба жарылды. Жарылыстар мен оқ даусын естіген қауіпсіздік күштері, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем бригадалары оқиға орнына дереу жеткен.

    Түркия Ішкі істер министрі Али Ерликая екі лаңкестің (әйел адам және ер адам) көзі жойылғанын растап, олардың аты-жөні анықталып жатқанын хабарлады. Ол сондай-ақ, соңғы лаңкес жойылғанға дейін күрестің жалғасатынын айтып, ресми ақпарат көздерінің мәлімдемелеріне құлақ түруді сұрады.

    Біз лаңкестерді анықтауды жалғастырудамыз, олардың кім екенін анықтағаннан кейін олардың қай лаңкестік ұйымға жататынын хабарлаймыз, – деді министр.

    Ел президенті Режеп Тайып Ердоған БРИКС саммиті аясында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде 4 адамның қаза тауып, 14 адамның жараланғанын хабарлады.

    – Осы жантүршігерлік лаңкестік әрекетті айыптаймын, шейіттерімізге Алладан рақым тілеймін, – деді.

    Елдің Әділет министрі Йылмаз Тунчтың айтуынша, Анкара Бас прокуратурасы лаңкестік әрекетке қатысты тергеуді бастап, оқиғаны тергеуге бас прокурордың 1 орынбасары мен 8 прокурор тағайындалған.

  • Жамбыл облысында бірнеше ауыл әкімі жауапқа тартылды

    Жамбыл облысында бірнеше ауыл әкімі жауапқа тартылды

    Ақпаратқа сәйкес, экология департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеру жүргізілген. Оның нәтижесінде қалдықтарды басқару, оларды орналастыру және сұрыптау көлемін есепке алу мәселесінде жүйелі бұзушылықтар анықталды.

    Облыстың 24 полигоны экологиялық рұқсатсыз жұмыс істегені, 100-ден на астам полигон жыл сайынғы есептілікті тапсырмайтыны анықталды. Бұл қалдықтардың көлемі бойынша ресми статистика мәліметтерінің бұрмалануына әкелді, – делінген прокуратура хабарламасында.

    Прокуратураның араласуынан кейін Жамбыл, Тұрар Рысқұлов, Мойынқұм, Қордай аудандарында қалдықтардың пайда болуы мен жинақталу нормаларын бекіту мәселелері бойынша тиісті актілер, сондай-ақ Жуалы, Талас, Рысқұлов аудандары мен Тараз қаласында тарифтерді бекіту шаралар қабылданды.

    Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша стихиялық қоқыс үйінділері үшін 9 аудан әкімінің орынбасары мен ауылдық округ әкімдері әкімшілік жауаптылыққа тартылды, – делінген хабарламада.

    Сондай-ақ, Жамбыл облысының бас мемлекеттік экологиялық инспекторының міндетін атқарушы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

  • Тергеу изоляторынан қашқан күдікті: Өз ісіне салғырт қарағаны үшін кім жазаланады?

    Тергеу изоляторынан қашқан күдікті: Өз ісіне салғырт қарағаны үшін кім жазаланады?

    Бұл мәселеге қатысты журналистердің сұрағына Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Игорь Лепеха пікірін білдірді.

    Айта кету керек, Талғарда уақытша ұстау изоляторынан зорлау қылмысы бойынша күдіктінің қашып кеткеніне қатысты өз ісіне салғырт қараған қызметкерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

    Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Игорь Лепеха қазірдің өзінде кінәлілерге қатысты қызметтік тергеу басталғанын айтты.

    «Біз бұл бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Күдіктіні іздеуді жалғастырамыз. Барлық шара қолданылады. Барлығы жазаланады, өз ісіне жауапкершілікпен қарамағандар үстінен іс қозғалды, біз кінәлілерді жауапқа тартамыз», – деді Игорь Лепеха.

     

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от SONA.KZ — НОВОСТИ КАЗАХСТАНА (@sonanews.kz)

  • Ақтау тұрғындары жолды жауып тастады

    Ақтау тұрғындары жолды жауып тастады

    Ақтаудағы 39-шағын ауданның тұрғындары жолды жауып, әкіммен кездесуді талап етті. Олар пәтерлерінің суықтығына шағымданбақ болды.

    Әлеуметтік желілерде Ақтау көшесінде айғай-шу бейнеленген бейнеролик тарап жатыр. Үйлердің бірінің тұрғындары пәтерлерінде жылудың болмауына байланысты жолды жауып тастағаны белгілі болды. Олар қала әкімімен кездесуді талап етті.

    «Біз уәделерден шаршадық. Олар жылуды ертең береміз дейді, ал біз тоңып қалдық, балалар қатып қалды. Сіз коттеджде тұратын шығарсыз», – деді тұрғындар.

    Lada.kz деректері бойынша Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов тұрғындардың митингісіне келіп, мәселені шешуге уәде берген. Онымен кездесуге «K7 group» құрылыс салушы компанияның өкілі де қатысқан.

    Мердігерге нақты тапсырмалар берілді. Құрылыс компаниясы өз міндеттемелерін орындауға уәде берді. Сондай-ақ тұрғындар тұтынылған газ үшін тұрғын үйге қызмет көрсету бойынша осьтің берешегі туралы мәселені көтерді, – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

    Әкім тұрғындардан енді жолды жауып тастамауды сұрады.

  • Елдос Сметовтың бапкері мен Нұрдәулет Жұмағалидың айлығына 4 млн теңге қосылды

    Елдос Сметовтың бапкері мен Нұрдәулет Жұмағалидың айлығына 4 млн теңге қосылды

    Келесі айдан бастап Әлем чемпионатының жеңімпазы Жарқынай Рахымбаева және қола жүлдегер Серғали Әбілда, биылғы Паралимпиаданың паражүзуден күміс жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали мен бапкері Саттар Бейсембаевтың жалақысы өседі. Ал Елдос Сметовтың бапкері келесі олимпиадаға дейін ай сайын 4 млн теңге қосымша жалақы алады. Осы аптада өткен Жамбыл облыстық мәслихатының сессиясында осындай шешім қабылданды.

    Жарқынай Рахымбаева және Серғали Әбілда 16-26 тамыз аралығында Кишинев қаласында өткен жарыста армрестлингтен жүлдегер атанған болатын.

    Жүлдегерлер жалақысының көтерілуі Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы N262 қаулысына сәйкес жүзеге асты. Енді Жарқынай Рахымбаеваның бұған дейін алып келген жалақысына — 162 448 теңге, Серғали Әбілданың жалақысына — 81 244 теңге, Нұрдәулет Жұмағалидың жалақысына — 2 148 744 теңге, Саттар Бейсембаевтың жалақысына — 974 668 теңге қосылады.

    Бапкер Саттар Бейсембаев осыған дейін 385 044 теңге жалақы алып келсе, Нұрдәулет Жұмағалидың жалақысы 1 271 812 теңге көлемінде болған.

    Тағы бір айтары, Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері Елдос Сметовтың жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевтің де жалақысына қыркүйек айынан бастап 4 млн теңге қосылды. Бұл Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі бұйрығына сәйкес жүзеге асты.

    Жамбыл облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мамандары бұл — спортшылардың әлемдік додаларда жүлде алуына байланысты жалақысына автоматты түрде қосылатын төлем екенін айтады.

    Ал, Елдос Сметовтың жалақысына әл-әзірге ешқандай ақша қосылған жоқ. Сметов облыс әкімінің қаулысына сәйкес ең жоғары жалақы — 2 684 000 теңге алады.

    Енді Жамбыл облыстық спорт басқармасы қаулыға өзгерістер енгізіп, чемпионның да жалақысын көтеруге қадамдар жасап жатыр. Бұл келесі жылдан бастап іске асуы мүмкін.

  • Республика күніне орай Қазақстанның туы Нью-Йорк төрінде көкке көтерілді

    Республика күніне орай Қазақстанның туы Нью-Йорк төрінде көкке көтерілді

    Ту көтеру рәсіміне Нью-Йорк мэриясы, қаладағы қазақ диаспорасы, бірқатар шет мемлекеттердің дипломаттары, Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігі мен Бас консулдығы қатысты. Алаңға АҚШ-тағы Димаштың жанкүйерлері де келген. Қала мэрі Эрик Адамс жиналғандарды Республика күнімен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастықты атап өтті.

    «Ту халқымыз үшін әрқашан да бірлік пен ерліктің символы болып қала береді. Біз АҚШ-тағы әріптестерімізбен бірге осындай шара өткізіп, ұйымдастырғанымызға қуаныштымыз», – деді ҚР Нью-Йорк қаласындағы бас консулы Рауан Тілеулин.

    Ал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің АҚШ-тағы жанкүйері Тная Янг біздің елімізді қонақжай халық ретінде таниды.

    «Мен Димаштың концерті үшін Қазақстанға барған едім. Үлкен мега-концерт болды. Барша жанкүйерлерге ұнады. Қазақстан сондай қонақжай ел. Барша қазақстандықтарды және Димашты мерекемен құттықтаймын!», – деді ол.

  • Қазақстанның бірнеше өңірі уақытты екі сағатқа алға жылжытуды ұсынды

    Қазақстанның бірнеше өңірі уақытты екі сағатқа алға жылжытуды ұсынды

    E-Petition.kz порталында жаңа петиция пайда болды, оның авторлары Энергетика министрлігіне «уақытты екі сағатқа алға жылжыту және оны кері қайтармау» мүмкіндігін қарастыруды ұсынып отыр. 

    Бұл тәжірибені Орталық және Шығыс Қазақстанда, соның ішінде Астана, Алматы және Шымкентте енгізу ұсынылады.

    «Ақылды шешімдер қабылдаудың халықаралық тәжірибесінің тамаша мысалын Бразилиядан көруге болады. Дәлірек айтқанда, Бразилияның энергетикалық билігі жалғасып жатқан құрғақшылық жағдайында энергия тұтынуды азайту шарасы ретінде жазғы уақытты қайтаруды мақұлдады», — дейді құжат авторлары.

    Петицияда айтылғандай, қысқы уақытты ауыстыру энергияны айтарлықтай үнемдейді, күндізгі жарықты көбірек пайдалануға мүмкіндік береді.

  • Заңсыз қарумен қоқан-лоққы жасаған депутат ұсталды

    Заңсыз қарумен қоқан-лоққы жасаған депутат ұсталды

    Қарағанды облысының маслихат депутаты Серік Бекмағамбетов ауыл тұрғынына қауіп төндіргені және заңсыз қару ұстағаны үшін ұсталды деп хабарлайды ҚазТАГ.

    Оқиға 21 қазанда Нұра ауданындағы Ахметауыл ауылында болды. 38 жастағы депутат, масаң күйде 60 жастағы жергілікті тұрғынды автоматпен қорқытып, шабуыл жасапты.

    Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарасақ, Бекмағамбетов жолда Нұра – Ахметауыл трассасында өзінен озып кеткен ауыл тұрғынына қауіп төндірген. Депутаттың іс-әрекеті «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша бағаланып, ол 15 күнге қамауға алынды. Сонымен қатар «қауіп төндіру» және «заңсыз қару ұстау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

  • Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді

    Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді

    Халықаралық Lonely Planet журналының сарапшылары жыл сайын саяхатшылар, қызметкерлер, авторлар және туризм саласындағы басқа да мамандардың ұсыныстарына негізделген бағыттарды мұқият талдап, үздіктерді анықтайды. 2025 жылғы таңдау Қазақстанға түсіп отыр.
    Еліміз өзінің бай тарихымен, алуан түрлі табиғатымен және қайталанбас мәдени мұрасымен шетелдік сала мамандарын қызықтырған.

    «Қазақстанның Lonely Planet секілді әлемдегі беделді басылымның Best in Travel 2025 рейтингінде болуы – еліміздің туризміне әлем бойынша қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Елдің шынайы мәдениеті мен алуан түрлі табиғатын халықаралық деңгейде ілгерілетуді жалғастыра отырып, біз тұрақты туризм принциптерін ұстанамыз», деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.