Метка: Басты жаңалықтар

  • Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласы іздеуде жүр

    Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласы іздеуде жүр

    ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов бес күннен бері іздеуде жүр. Ол жайлы ақпарат Бас прокуратураның құқықтық статистика порталында жарияланды.

    Іс Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Оны ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жүргізіп жатыр. 

    Қылмыстық істің не үшін қозғалғаны әлі де белгісіз. Азамат Қапенов Мәсімовтың үлкен қызының күйеуі болған. Қаңтар оқиғасынан кейін олар активтерін жасырып қалу үшін құжат бойынша ғана ажырасқан.

    Сондай-ақ күйеу баланың Ресейде де іздестіріліп жатқаны мәлім болды.

  • Долан ауылы сусыз қалды: әкімдік жауабы қандай?

    Долан ауылы сусыз қалды: әкімдік жауабы қандай?

    13 тамыз күні Алматы облысы Қарасай ауданы Долан ауылының халқы «Дихан» дүкенінің жанына жиналып, ауыз судың жоқтығына наразылықтарын білдірді. Әкімдіктегілердің сөзінше, сорғы істен шығып, аумаққа су беру тоқтатылған. Мердігер компания жабдықты бірден жаңартқан.

    «Елге суды орташа қысымда беріп жатырмыз, желілер мен мұнаралар суға толтырылуда. Тұрғындардан әлеуметтік желіде тараған жел сөздерге емес, ресми мәліметке сенулерін сұраймыз. Жағдай жергілікті әкімдіктің бақылауына алынды», – деп жазды облыстық әкімдік.

  • Балқашта үлкен есірткі плантациясы өсірілген

    Балқашта үлкен есірткі плантациясы өсірілген

    Алматы облысының полицейлері Балқаш өңірін әуеден барлау кезінде үш тоннаға жуық голланд қарасорасын тапты. Барлау жұмыстары «Қарасора – 2024» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында ұйымдастырылған. 

    «Есірткі плантациясы Балқаш көлінің аралдарының бірінде анықталды. Жалпы салмағы 2 тонна 740 келі болатын 6122 өсімдік бұтасы тәркіленді. Жүргізілген сараптама нәтижесінде оның каннабис өсімдігі екені расталды», — деп жазды Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

    Күдіктілер әлі де іздестіріліп жатыр. Олар есірткіні өсіру үшін арнайы суару жүйесін жасаған. Оған дәлел – екі қап тыңайтқыш пен қарасораны суару және өңдеу туралы жазбалары бар дәптердің табылуы. Бұдан бөлек, полицейлер аралдағы шатырдан суық қару тауып алған.

    Аталған жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалды.

  • Шамалғанда жеткіншектердің қатысуымен жол апаты болды

    Шамалғанда жеткіншектердің қатысуымен жол апаты болды

    Алматы облысы Шамалған ауылында Hyundai Tucson және Toyota Camrу маркалы көліктерінің қатысуымен жол апаты орын алды. Жүргізуші мен үш жолаушы зардап шеккен.

    Оқиға 13 тамыз күні болған. Көлікті ішімдікке сылқия тойып алған 15-17 жасар жеткіншектер тізгіндеген.

    Алматы облысы ПД болса, қылмыстық іс тіркеліп, қажетті сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.

  • «АЛМАТЫЭЛЕКТРОТРАНС» ЖШС 250 МЛН ТЕҢГЕНІ ЗАҢСЫЗ ЖҰМСАМАҚ БОЛҒАН

    «АЛМАТЫЭЛЕКТРОТРАНС» ЖШС 250 МЛН ТЕҢГЕНІ ЗАҢСЫЗ ЖҰМСАМАҚ БОЛҒАН

    «Алматыэлектротранс» ЖШС 250 млн теңгені заңсыз жұмсамақ болған. Құйтырқы әрекетті шарт жасау барысында жүзеге асырған. Дау міндетті сақтандыру шартына қатысты. Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, заң жүзінде олар шартты мемлекеттік сатып алу порталына қатысу арқылы жүзеге асыруы тиіс еді. Бірақ, талапты орындамай, қағаз түрінде заңсыз жасаған. Міндетті сақтандыру шарты сот тәртібімен бұзылды. 250 млн теңге бюджет қаражаты мемлекетке қайтарылды. Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  • Түркістан облысында адам саудалаған азамат ұсталды

    Түркістан облысында адам саудалаған азамат ұсталды

    Ол мүмкіндігі шектеулі екі азаматты 400 мың теңгеге сатпақ болған жерінен ұсталған.

    Күдікті екі жыл бойы адамдардың қиын жағдайын пайдаланып, оларды қайыр тілеуге мәжбүрлеген.

    Сондай-ақ осы қылмысқа қатысы болуы мүмкін 10 адам туралы дерек тексерілуде. Қазіргі таңда тергеп-тексеру жүріп жатыр.

  • Түркістан облысында гидроцикл адамдарды қағып кетті

    Түркістан облысында гидроцикл адамдарды қағып кетті

    Жаға ұстатарлық кадрлар куәгерлердің телефон камерасына түсіп қалған. Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап, жұрт қызу талқылап жатыр.

    Кадрлардан үлкен жылдамдықпен келе жатқан гидроциклдің үрлемелі дивандағы адамдарды қағып кеткенін анық көруге болады. Аталған жайт 8 тамыз күні Шардара су қоймасында орын алған.

    Түркістан облыстық ПД мәліметінше, апаттан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

    «Гидроциклдің жүргізушісі ұсталды. Су көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Сондай-ақ гидроциклді жалға берушілерді жауапкершілікке тарту үшін шаралар қабылдануда», — деп жазды жергілікті ПД.

  • Мұратхан Тоқмәди шартты түрде бостандыққа шығады

    Мұратхан Тоқмәди шартты түрде бостандыққа шығады

    Сот сотталған Мұратхан Тоқмәдидің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Sona.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

    «Қонаев қаласы сотының 2024 жылы 26 шілдедегі қаулысымен М. Тоқмәдидің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қанағаттандырылды», — делінген сот мәліметінде.

    Еске салайық, кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди 2017 жылы маусымда қамауға алынған болатын. Сол жылы қазанда ол орта қауіпсіздік мекемесінде үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сот Мұратхан Тоқмәдиді бопсалау және қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру үшін кінәлі деп тапты. Ол әділеттілікпен келісім жасады.

    Кейінірек КТК телеарнасына берген сұхбатында Мұратхан Тоқмәди Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындады. Ол «Тұран Әлем Банкінің» бұрынғы басшысын (кейіннен БТА Банкі) өлтіруді Мұхтар Әблязов тапсырғанын мәлімдеді. 2018 жылы наурызда Мұратхан Тоқмәди 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

    Банкир Ержан Тәтішев 2004 жылы 19 желтоқсанда Отар станциясының маңында аң аулау кезінде қаза тапты. Toyota Land Cruiser көлігін жүргізіп келе жатып, ол жыртқыштарды далада қуып жүрді. Оларды қуып жетіп, ол 12 калибрлі мылтықты қасында отырған Мұратхан Тоқмәди берді. Сарапшылардың тұжырымдарына сәйкес, осы уақытта жол талғамайтын көлік күтпеген жерден соққыға жығылып, мылтық өздігінен атылды. Оқ банкирдің басына тиді. Ержан Тәтішев бастың желке бөлігінің оң жағында оқтан жарақат алды. Оқ сол көзден өтіп кетті. Содан кейін ол «апат» деп аталды.

     

  • Талғар ауданында су тапшы: әкім уәде бергенмен, мәселе шешілмеді

    Талғар ауданында су тапшы: әкім уәде бергенмен, мәселе шешілмеді

    Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындары су тапшылығынан зардап шегіп отыр. Тіпті, олар жиналып, наразылыққа шыққан. Аудан әкімі Танат Айдарбековке қояр талаптары біреу – нақты іске көшіп, мәселенің түйінін тарқату.

    Ал әкім проблеманы шешу үшін жұмыс жасалып жатқанын алға тартты. Сөзінше, су тапшылығы «Тас-Құм Су» мекемесінің «Алматы суға» қарыз болуынан туындаған. «Алматы су» ауыз су жеткізуді тоқтатып, орнына «BAUYR LTD» ЖШС жұмыс істей бастаған.

    «BAUYR LTD» ЖШС басшылығы ақпан айында су құбырларын ауыстырып, жазда мәселені шешемін деп уәде берген. Сөзінде тұрмады. Алайда, 4,6 млрд. теңгеге жоба жасалып, құрылыс жұмыстары басталған. Қазір арнайы техникамен жұртқа су тасымалдап жатырмыз. Таңертең және кешке 3-4 сағатқа су қосылады», – деді әкім.

    Бұдан бөлек, Бесағаштағы су желілері 95% тозған. Қазір мұнда 25 мыңға жуық тұтынушы бар.

    «BAUYR LTD» ЖШС желілерді күтіп ұстау жұмысын мойнына алғанмен, «Алматы судан» техникалық шарт ала алмады. Нәтижесінде Бесағашқа су беру мүлде тоқтатылды. Түйткілді шешу мақсатында «Талғар су» ШЖҚ МКК ауылдың оңтүстік жағына ауыз су жеткізуге келісімшарт жасалды», — деді Танат Айдарбеков.

    «BAUYR LTD» жұмысы қашан жанданатыны белгісіз, ол меморандумда көрсетілген талаптарды орындамаған. Ал «Талғар су» ЖШС болса, тамыздың ортасына таман орталықтандырылған суға құбырларды жалғау жұмысын аяқтамақ.

  • Жетісуда жемқорлыққа қарсы кампанияға миллиондар бөлінеді: шын күрес пе, шығын ба?

    Жетісуда жемқорлыққа қарсы кампанияға миллиондар бөлінеді: шын күрес пе, шығын ба?

    Жетісу облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы бейнероликтер түсіру үшін 12 млн. теңге қаржы бөлінбек. Оларды «Хабар» және «24KZ» телеарналарында, радио мен әлеуметтік желілерде тарату көзделуде.

    Құжаттарға сүйенсек, видеоларды түсіруге қатаң талап қойылған. Түсірілімге кәсіби 5 актер қатысуы тиіс, ал музыка авторлық құқықты сақтай отырып қолданылуы қажет. Сценарийді бұрын осы қызметте еңбек өтілі бар маман жазуы керек, режиссердің портфолиосында Youtube және кинохостингтарда жарияланған екі көркем фильмі болуы тиіс.

    Бұдан бөлек, қазақ және орыс тілдерінде  бір минуттық 5 аудиоролик жасау жоспарланған. Оны республикалық радиода 5 жылдық еңбек өтілі бар диктор дыбыстауы қажет. Аудиоматериалдар республикалық және жергілікті радиоларда, қоғамдық орындар мен сауда орындарында күніне 4 рет қойылмақ.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы контентті әлеуметтік желілерде жариялауға ерекше назар аударылуда. Мемлекеттік тапсырысты беруші – Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы. Аталған басқарма бейнероликтерді оқырманы миллионнан кем емес блогерлердің парақшасында жариялауға талап қойып отыр. Сондай-ақ материалдар Жетісу облысындағы аудиториясы 100 мың болатын парақшаларда жариялануы қажет.

    Осы орайда, Sona.kz редакциясы Жетісуда миллион оқырманы бар блогерлердің жоқ екенін алға тартады. Танымал парақшалар Қайрат Әбдірахманға, Айдос Кертаевқа тиесілі. Олардың жазылушыларының саны – 200 мыңнан кем.

    Соңғы деректерге сүйенсек, Жетісуда 698 987 адам тұрады. Тапсырыс берушінің талаптарына көз жүгіртсек, жобаның мақсаттарының бірі – аталған халық санынан 1,5 есе көп аудиторияны қамту. Жергілікті «Жетісу» телеарнасы жұмыс істеп тұрса да, лотты ұйымдастырушылар жобаға республикалық арналар мен инфлюэнсерлерді тартпақ. Ал инфлюэнсерлердің негізгі аудиториясы –ТМД елдерінің жұрты.