Метка: Басты жаңалықтар
-

Алматы облысы Іле ауданының экс-әкімі Бағдат Қарасаевқа қатысты сот үкімі шықты
Ол лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу деректері бойынша 3 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды. Іле аудандық соты Бағдат Қарасаев және де басқа да фигуранттарға қатысты іс бойынша үкім шығарғарды, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.Тергеу материалына сәйкес, Қарасаев жеке компанияға жер учаскесін заңсыз беру арқылы лауазымдық өкілетін асыра пайдаланып, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын басқару кезінде аталмыш кәсіпорынға жүйелі түрде қамқорлық көрсеткен. Сондай-ақ ол заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан деп танылды.Сот үкімі бойынша:•Қарасаев – ҚК 361-бабы 3-бөлігі және 364-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды;•Б. – ҚК 361-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жылға бостандықты шектеу, мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды;•Д. – ҚК 195-бабы 4-тармағы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бостандықты шектеу, мемлекеттік мүлікті сеніп басқару саласына 3 жылға тыйым салынды;•М. – ақталды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.Бұған дейін хабарланғандай, Бағдат Қарасаев Іле ауданының әкімі қызметін 2018 жылдың қыркүйегінен бастап атқарған. Оны Антикор қызметкерлері 2024 жылдың қыркүйегінде сыбайлас жемқорлық күдігімен ұстаған болатын.Кейін Антикор оған бірнеше айып тақты: қаржы жымқыру, өкілеттігін асыра пайдалану, өрт қауіпсіздігі нормаларын бұза отырып, аффилиирленген компанияға санитарлық-эпидемиологиялық рұқсатсыз қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын сенімгерлік басқаруға беру. Тергеу дерегінше, компания шарт міндеттемелерін орындамаған, ал одан түскен табысты әкім жеке пайдасына қолданған.Экологияға келтірілген залал 204 млн теңге деп бағаланған.2025 жылдың маусымында Қарасаевқа қатысты сот процесі басталғаны хабарланған болатын. -

Алматы-Бішкек тас жолында жеті адам қаза тапты
Қайғылы оқиға халықаралық маңызы бар автожолдың 129-шақырымында түн жарымында болған. Алдын ала деректерге сәйкес, Honda Odissei жүргізушісі көлікті басқара алмай, алда келе жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі соққының күшті болғанын, салонда болғандардың ешқайсысы аман қалмағанын мәлімдеді. Жеті адам оның ішінде жүргізуші де бар. Оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Қаза тапқандардың жеке басы анықталып жатыр.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер жол апатының нақты қалай болғанын анықтау үшін барлық қажетті шараларды жүргізіп жатыр: көліктердің техникалық жағдайы, ауа райы, қозғалыс жылдамдығы және басқа да ықтимал себептер тексерілуде.
Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жолда, әсіресе түнгі уақытта, сақ болуға және жылдамдықты шектен асырмауға шақырады.
-

Мүгедектікті қашықтан белгілеу: жаңа жүйе қалай жұмыс істейді
2025 жылдың басынан бері осы форматта 100 мыңға жуық өтінім қаралып, қызмет көрсету уақыты едәуір қысқарды және азаматтарға түсетін әкімшілік ауыртпалық азайды. Бұл туралы Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.
2025 жылдың қаңтарынан бастап мүгедектікті қашықтан белгілеуге арналған пилоттық жоба шеңберінде еліміздің барлық өңірінен 99,6 мың өтінім қаралды. Бүгінде 30 нозологиялық форма бойынша қашықтан тексеру жүргізіледі.
Министрлік мәліметінше, 2024 жылы қашықтан форматта 96,9 мыңнан астам өтінім мақұлданған. Бұл — сол кезеңде МӘС-тен өткен азаматтардың жалпы санының 37,4%-ы.
Ведомство өкілдері атап өткендей, қашықтан анықтау тетігі Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында жүктеген тапсырмалардың бірі. Президент ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасауды, қағазбастылықты жоюды және қызмет алушы мен көрсетуші арасындағы тікелей байланысты болдырмауды тапсырған.
Пилоттық жоба Еңбек министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және Цифрлық даму министрлігінің бірлескен жұмысы аясында еліміздің 20 өңірінде іске асырылып жатыр.
Қызмет алу үшін тұрғындар тек тұрғылықты жердегі емханасына барып, қажетті медициналық тексеруден өтеді. Одан кейінгі барлық рәсімдер ақпараттық жүйелер интеграциясы арқылы автоматты түрде жүзеге асады.
Министрлікке сәйкес, қашықтан тексеру жүйесі:
* әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді азайтады;
* МӘС шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
* мүгедектікті белгілеу және әлеуметтік қолдау шараларын үйден шықпай алуға мүмкіндік береді;
* қызмет көрсетуші мен қызмет алушының тікелей байланысын болдырмай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.Бұған дейін Еңбек министрлігі мүгедектік тобын анықтауда қолданылатын жасанды интеллект моделін әзірлеп жатқанын хабарлаған болатын.
-

Австралиядағы казиноны алдап, 1,18 млн доллар ұрлады деп айыпталған қазақстандық жұп
Тергеу мәліметінше, олар Crown казиносында жасырын камера мен арнайы құрылғыларды пайдаланып, 1,18 млн доллардан астам қаржы ұтып алған, деп хабарлайды Sona.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.Дильноза Исраилова мен Алишерыхожа Исраилов Австралия полициясының нұсқасы бойынша жасырын техниканы қолдану арқылы ірі ұтыстарға қол жеткізген.
фото : коллаж SONA.KZ Жаңа Оңтүстік Уэльс полициясының мәліметінше, казино қызметкерлері 36 жастағы әйелдің Микки Маус бейнесі бар футболкасына бекітілген шағын камераны байқап қалған. Одан кейін Дильноза мен 44 жастағы жұбайы казино аумағында қамауға алынған.Тергеу деректеріне қарағанда, ерлі-зайыптылар:•магниттік датчиктерді,•батареяларды,•бейне түсіруге арналған арнайы құрылғысы бар мобильді телефонды,•ойын кезінде нұсқаулық алу үшін жасырын орналастырылған құлаққаптарды қолданған. -

Түркістан облысындағы өрттен зардап шеккен 7 жасар қыз көз жұмды
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қыздың өміріне араша түсу мүмкін болмағанын растады. Дәрігерлердің айтуынша, барлық қажетті реанимациялық шараларға қарамастан, баланың жүрек соғысын қалпына келтіру мүмкін болмаған, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
«30 қараша күні 2018 жылы туған пациент, Жетісай ауданындағы өрттен кейін өте ауыр жағдайда жеткізілген, көз жұмды. Интенсивті терапия мен профильді мамандардың кеңесі, толық көлемдегі реанимациялық іс-шаралар жүргізілгеніне қарамастан, жүректің жұмысын қалпына келтіру мүмкін болмады», — делінген ведомство ақпаратында. Басқарма марқұмның отбасына көңіл айтты.
Қыз бала туған ауылында жерленді.
Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін баланың жағдайы аса ауыр болғанын, ал өрттен аман қалған екі ересек адамның жағдайы тұрақты екенін мәлімдеген.
Еске салайық, қайғылы оқиға 18 қарашада Түркістан облысының Алғабас ауылында болған. Жеке тұрғын үйдегі өрт салдарынан 12 адам қаза тапты. Қаза болған 7 жасар қыз — осы трагедиядан көз жұмған оныншы бала.
-

Теміржолда оқыс оқиға: Сарыөзек маңында ер адам жарақат алды
Жетісу облысында жүк пойызы адамға соқтығысу фактісі тіркелді. Оқиға 30 қараша күні Дос – Сарыөзек учаскесінде болған, деп хабарлайды Sona.kz Saryozek_insta-ға сілтеме жасап.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, сағат 14:56-да 43 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан машинист теміржолға адам кенеттен шығып кеткеннен кейін шұғыл тежеу қолданған. Дегенмен, дабыл белгілеріне қарамастан, ер адам тоқтап, тікелей рельске тұрған.
Наезд салдарынан азамат аяқ жарақатын алып, Сарыөзек станциясындағы ауруханаға жедел жеткізілді.
Жүк пойызы 39 минут кідіріп, сағат 15:35-те қозғалысын қайта жалғастырған.
Компания тұрғындарды теміржол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды:
«Теміржолды тек рұқсат етілген жерлерден кесіп өту керек. Ережені бұзу — адам өміріне тікелей қауіп және ауыр салдарға әкелуі мүмкін», ө деп хабарлады КТЖ баспасөз қызметі.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша ҚР ҚК 344-бабының 1-бөлігі («Теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ведомство тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жарияланбайтынын атап өтті (ҚПК 201-бабы).
-

Жітіқарада сумен жабдықтау желілерін салу кезіндегі заңбұзушылықтар анықталды: мемлекетке 112 млн теңге қайтарылды
Жітіқара ауданында сумен жабдықтау желілерінің құрылысына қатысты игерілмеген аванс прокуратураның араласуынан кейін өндіріліп, мемлекет кірісіне 112 млн теңге қайтарылды, деп хабрлайды Sona.kz Azattyq.ruhy-на сілтеме жасап.
Салалық ведомствоның ақпаратына сәйкес, аудандық прокуратура мемлекеттік жобаларды орындау кезінде мердігер ұйымдарға қатысты қабылданатын шаралардың толықтығына талдау жүргізген. Тексеру барысында «Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 2022 жылы «Теплоэнергострой» ЖШС-мен жалпы құны 880,8 млн теңге болатын Чайковское ауылын сумен жабдықтау желілерін салу туралы шарт жасасқаны анықталды. Мердігерге 107,4 млн теңге аванс төленіп, бұл сома сақтандыру компаниясында қамтамасыз етілген.
Алайда мердігер келісімшарт талаптарын орындамаған: орындалмаған жұмыс көлемі 338,1 млн теңгені құрады, ал аванс игерілмей қалған. Шарт біржақты тәртіппен бұзылғанымен, «Теплоэнергострой» ЖШС авансты ерікті түрде қайтармаған. Сақтандыру ұйымы да төлем жасаудан бас тартқан.
Прокуратураның актісінен кейін құрылыс бөлімі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берді. Сот шешімімен сақтандыру компаниясынан бюджетке 112 млн теңге өндірілді.
Сонымен қатар, «Теплоэнергострой» ЖШС бұған дейін мемлекеттік сатып алуға жіберілмейтін қатысушы деп танылып, оған 34 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.
Құрылыс бөлімінің жауапты қызметкерлері заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Құрылысты аяқтау үшін «Story Company Inc» ЖШС-мен жаңа келісім жасалып, бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталғаны, техникалық құжаттаманы келісу жүріп жатқаны хабарланды.
-

«Қайрат» академиясының басшысы және бұрынғы бапкер Кекер дүние салды
Алматының «Қайрат» футбол клубы академиясының жетекшісі Кирилл Кекердің 46 жасында өмірден өткенін хабарлады, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Клубтың ресми хабарламасында Кекердің қайтыс болуы команданың үлкен жоғалтуларының бірі екені айтылды. Ол жас футболшыларды тәрбиелеу, академияның жұмысын дамыту және құрылымдық жүйені қалыптастыру бағытында маңызды рөл атқарған.
Кекер ұзақ жылдар бойы клуб құрылымында еңбек етіп, бапкерлік және академия жетекшісі қызметтерін атқарды. Сонымен бірге Қазақстанның U-19 жасөспірімдер құрамасымен жұмыс істеп, халықаралық жарыстарға дайындыққа атсалысты.
Қайғылы жағдайдың себебі жария етілмеді. «Қайрат» басшылығы марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтты.
-

ШҚО-да медицина нысандарына қатысты шағымдардан кейін жағдай бақылауға алынды
Шығыс Қазақстан облысында медициналық инфрақұрылым сапасына қатысты мәселелер қайта көтерілді. Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнематериалдардан кейін тұрғындар ауруханалардағы жағдайға алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.
Шемонаиха орталық аудандық ауруханасында екі айлық сәбиімен жатқан тұрғын палатада жылыту болмағанын хабарлады. Оның айтуынша, алдымен әйел үйде емделу туралы қолхат жазған, алайда баланың жағдайы нашарлаған соң стационарға қайта түсуге мәжбүр болған. Пациенттің айтуынша, басқа палатадағы жағдай да талапқа сай болмаған: қабырғалардың тозуы, суық дәретхана және жалпы санитарлық жағдайдың нашарлығы.
Аурухана өкілдері ғимараттың күрделі жөндеуді қажет ететінін растады. Медициналық мекеме пациенттің уақытша резервтік палатаға орналастырылғанын, себебі ОРВИ өршуіне байланысты орын тапшылығы болғанын айтты. Медицина көмегі толық көлемде көрсетілген. Инфекциялық бөлімнің жаңа корпусы 2026 жылы салу жоспарда, сондай-ақ негізгі ғимаратты жаңғырту жобасы әзірленуде.
Усть-Каменогорск қаласының блогері түсірген тағы бір видео қоғамдық резонанс тудырды. Ол ШҚО мамандандырылған медициналық орталығының корпустар арасындағы өткелі ретінде пайдаланылатын жертөлесін көрсетті. Автордың айтуынша, дәл осы жолмен ауыр науқастар, азық-түлік және қайтыс болғандардың денелері тасымалданады. Кадрларда – ылғал, зең және тот басқан құбырлар.
Орталықта қазіргі уақытта кезең-кезеңімен жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Инсульт, нейрохирургия және нефрология бөлімдері жаңартылғанымен, өзге қабаттарда құрылыс жалғасуда. Пациенттер хирургиялық бөлімде жөндеу шуына және палаталардағы құрылыс шаңына шағымдануда.
Жақында орталыққа ШҚО әкімі орынбасары Жақсылық Омар барып қайтты. Акиматтың мәліметінше, модернизация жалғасады. Алайда қоғамда резонанс тудырған жертөледегі жағдайға қатысты ресми түсініктеме әлі берілген жоқ.
-

Аида Балаева Қазақстанның вице-премьері болып тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Аида Балаева Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол бұл лауазымды Мәдениет және ақпарат министрі қызметімен қатар атқарады.Ақорда мәліметінше, Балаеваның вице-премьер қызметіне келуі гуманитарлық саясат, ақпараттық қауіпсіздік және мәдени индустрияны дамыту бағыттарындағы үкімет жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған. Ол үкімет деңгейінде медиа, ақпараттық саясат, азаматтық қоғам және мәдениет салаларын үйлестіреді.Анықтама
Аида Балаева 2023 жылғы қыркүйектен бері Мәдениет және ақпарат министрлігін басқарып келеді. Бұған дейін Президенттің көмекшісі және Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 2020–2022 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрі болды.
Балаева медиа саласын дамыту, қоғамдық коммуникацияларды жетілдіру және мәдени саясатты жаңғырту бағыттарында негізгі шешім қабылдайтын тұлғалардың бірі саналады.Үкімет құрылымындағы өзгерістерБалаеваның вице-премьерлікке келуі 2024–2025 жылдардағы үкіметтің жаңару кезеңінің бір бөлігі ретінде қарастырылып отыр. Бұл қадам ұлттық жобаларды жүзеге асыру аясында гуманитарлық блокты күшейту қажеттілігімен түсіндіріледі, соның ішінде:•мәдениет нысандарын жаңғырту;•отандық медиа саласын дамыту;•Қазақстанды халықаралық ақпараттық кеңістікте ілгерілету;•креативті экономиканы қолдау;•қоғаммен байланыс тетіктерін жетілдіру.Үкімет вице-премьерлер арасындағы міндеттердің нақты бөлінісі бойынша қосымша ақпарат береді.