Метка: Басты жаңалықтар

  • Астанада «Qyran» ТК тұрғын үйін сату кезіндегі 7,9 млрд теңгелік ұрлық схемасы анықталды

    Астанада «Qyran» ТК тұрғын үйін сату кезіндегі 7,9 млрд теңгелік ұрлық схемасы анықталды

    Астана қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті «Qyran» тұрғын үй кешенінде жылжымайтын мүлік сату аясында қаржы жымқыру схемасын ұйымдастырды деген күдікпен құрылыс компаниясының қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Sona.kz  ҚМА-ға сілтеме жасап.
    Ведомство мәліметінше, сату офисінде азаматтарға застройщиктің атынан макеттер, техникалық паспорттар мен сенімхаттар көрсетіліп, мәмілелердің заңды екені туралы түсінік қалыптастырылған.
    Потенциалды сатып алушыларға пәтерлер, коммерциялық орынжайлар мен автотұрақ орындары нарықтан төмен бағамен ұсынылған. Алайда келісімшарттар толыққанды сатып алу-сату шарты ретінде емес, алдын ала келісімдер, броньдау шарттары немесе задаток туралы құжаттар ретінде рәсімделген. Бұл құжаттар мемлекеттік тіркеуге жатпайды және меншік құқығын бермейді.
    Төлемдер қолма-қол немесе қатысушылардың жеке шоттарына аудару арқылы жүзеге асқан. Компанияның бухгалтерлік құжаттарында бұл операциялар көрсетілмеген. Азаматтарға келтірілген залал 3,8 млрд теңгеден асады.
    Сонымен қатар, тергеу құрылыс компаниясының өзіне қарсы жасалған екінші схеманы анықтады. Күдіктілер компания атынан жалған сатып алу-сату шарттарын жасап, нысандарды тіркеген, алайда түскен қаражат компания кассасына жеткізілмеген. Бұл бағыттағы шығын мөлшері — 4,1 млрд теңге.
    Жалпы шығын көлемі 7,9 млрд теңгені құрайды.
    Сот санкциясымен:
    •94 пәтер,
    •51 автотұрақ орны,
    •8 коммерциялық нысан,
    •бір автокөлікке
    қамау шарасы қолданылды.
    Үш күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабы негізінде жария етілмейді.
  • Қазақстан армиясында жаңа оқу жылы басталды

    Қазақстан армиясында жаңа оқу жылы басталды

    Қазақстан армиясында жаңа оқу жылы басталды

    1 желтоқсанда Қазақстан Қарулы күштерінде жаңа оқу жылы басталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

    Ведомствоның мәліметінше, жаңа оқу кезеңінде бөлімшелердің жауынгерлік даярлығын арттыру, тактикалық дағдыларды жетілдіру және әскер түрлері арасындағы үйлесімділікті дамыту жоспарланған. Биыл оқу бағдарламаларын жаңарту және заманауи дайындық әдістерін енгізу негізгі басымдықтардың бірі болмақ.

    Оқу процесі Жауынгерлік даярлық кешенінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

  • Техникалар қысқы маусымға дайын

    Техникалар қысқы маусымға дайын

    Қонаевта қысқы маусымда 16 техника қар тазалаумен айналысады. Оның ішінде құм себетін камаздар, сыпырғыш, қар шығаратын және күрейтін ауыр техникалар бар.

    Ал аялдамалар, тротуарлар, көшелерді қолмен тазартуға 30 адам тартылады. Сондай-ақ көктайғақтың алдын алу үшін 600 тонна инертті материал дайындалған.

    Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бағдат Алиев полиция басқармасының мамандарымен бірлесіп, техникалардың дайындығын тексерді. Сондай-ақ көшпелі жиында қысқы маусымда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

  • Атыраудағы мектепте оқушының жарақаттануына қатысты ішкі тексеріс жүріп жатыр

    Атыраудағы мектепте оқушының жарақаттануына қатысты ішкі тексеріс жүріп жатыр

    Атырау қаласындағы «Тәғылым» жеке мектебінде 11-сынып оқушысының басынан жарақат алу дерегі бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін қоғамның назарын аударды, деп хабарлайды Sona.kz ATYRAU.ONLINE-ға сілтеме жасап.

    Автордың айтуынша, оқушыны сыныптастары итеріп жіберген, салдарынан ол әжетханада басын унитазға соғып алған. Алғашында қыз бала «жәй ғана тайып құладым» деп айтқанымен, кейіннен шын мәнінде итерілгенін туыстарына мойындаған.

    Туыстарының сөзінше, оқиға болған күні олармен не сынып жетекшісі, не мектеп әкімшілігі байланыспаған. Жақындары мектеп қызметкерлері болған жайтты жасырып, балаларға «ешкімге айтпауды» тапсырғанын алға тартады. Оқиға туралы ата-аналар тек кешке, басқа оқушының анасы арқылы білген.

    Атырау облысының білім басқармасы мектепте ішкі тексеріс басталғанын растады. Ведомствоның хабарлауынша, педагогтар оқушыға алғашқы көмек көрсетіп, травмпунктке баруды ұсынған, алайда ол дәрігерге ағасымен ғана баруға келісім берген. Мектепте қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

    Тексеру қорытындысы кейін жарияланады.

  • Прокурор запросил 7 лет лишения свободы для супругов, собравших 1,3 млрд тенге «на лечение ребёнка»

    Прокурор запросил 7 лет лишения свободы для супругов, собравших 1,3 млрд тенге «на лечение ребёнка»

    Прокуратура потребовала назначить реальное лишение свободы супругам, которых обвиняют в сборе 1,3 млрд тенге якобы на лечение ребёнка и последующем использовании этих денег в личных целях, передаёт Sona.kz со ссылкой на Stan.kz.
    Прокурор просит для мужчины:
    •7 лет лишения свободы,
    •запрет на благотворительную деятельность сроком на 10 лет,
    •конфискацию имущества,
    •отбывание наказания в учреждении средней безопасности.
    Кроме того, прокурор заявил ходатайство о помещении обвиняемого под стражу до вступления приговора в законную силу. Аналогичное наказание запрошено и для его супруги.
    Учитывая, что в семье есть ребёнок 2019 года рождения, сторона обвинения предложила отсрочить исполнение наказания на два года.
    Ранее сообщалось, что супруги на протяжении четырёх лет собирали деньги на лечение уже выздоровевшего ребёнка, а собранные средства тратили на покупки и азартные игры.
  • 200 млн теңгеден астам зиян: жәрдемақыны заңсыз рәсімдеу схемасы анықталды

    200 млн теңгеден астам зиян: жәрдемақыны заңсыз рәсімдеу схемасы анықталды

    Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) Павлодар облысы бойынша департаменті жүкті әйелдерге әлеуметтік төлемдерді заңсыз рәсімдеуге бағытталған схеманы анықтады, деп хабарлайды Sona.kz afm.rk-ға сілтеме жасап.

    Тергеу материалдарына сәйкес, Мемлекеттік әлеуметтік төлемдер орталығының (МӘТЦ) бөлім басшысы кәсіби білімін пайдаланып, өз схемаcын іске асыру үшін жақын туысын — бухгалтерді тартқан. Бухгалтер бірнеше жеке кәсіпкердің электронды цифрлық қолтаңбаларына қол жеткізе алған.

    Ол кәсіпкерлердің рұқсатынсыз жалған еңбек шарттарын, қабылдау туралы бұйрықтарды, есеп айырысу ведомостарын және өзге де құжаттарды рәсімдеген. Қосымша бірнеше танысы жалдап алынып, олар жүкті әйелдерді тауып, рәсімдеудің заңды екеніне сендірумен айналысқан.

    Жалған мәліметтер негізінде уәкілетті органдар әлеуметтік төлемдер тағайындаған. Алынған қаражат күдіктілер арасында бөлініп отырған.

    Агенттіктің мәліметінше, 13 жеке кәсіпкердің атынан 50-ден астам жүкті әйелге 6 млн теңгеге дейін асыра көрсетілген жәрдемақы төленген. Мемлекетке келген шығын 200 млн теңгеден асты.

    Сот санкциясымен күдіктілердің үш автокөлігіне тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.

    Ведомство тергеудің өзге деректері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайтынын атап өтті.

  • 26 жастағы алматылық айықтырғышқа қамалғаннан кейін инсульттан қайтыс болды

    26 жастағы алматылық айықтырғышқа қамалғаннан кейін инсульттан қайтыс болды

    Алматыда 26 жастағы ер адам денсаулығы күрт нашарлаған сәтте медициналық мекемеге емес, айықтырғышқа жеткізілген. Біраз күннен кейін ол миына қан құйылу салдарынан қайтыс болды. Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланып, марқұмның жақындары растады, деп хабарлайды Sona.kz Stan.kz- ке сілтеме жасап.

    Желі мәліметінше, жас жігіт жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Жарыстан кейін тамақтану үшін қоғамдық тамақтану орнына кірген. Сол жерде оның жағдайы нашарлап, жүрегі айнып құса бастаған. Алайда қызметкерлер оны мас деп ойлап, жедел жәрдем шақырмаған.

    Туыстарының айтуынша, ол инсульт алған. Бірақ мекеме әкімшілігі полицияға хабар беріп, ер адамды айықтырғышқа жеткізген. Жақындарына ешқандай ақпарат берілмеген.

    Отбасы мүшелерінің сөзінше, ер адам түн бойы медициналық көмексіз жатқан, салдарынан жағдайы одан әрі нашарлаған. Келесі күні туыстары оны өздері ауруханаға апарған. Дәрігерлер миына қан құйылғанын анықтап, шұғыл ота жасаған. Науқас комаға түсіп, сегіз күннен кейін көз жұмды.

    Марқұмның туыстары дер кезінде көрсетілген көмек оның өмірін сақтап қалуы мүмкін еді деп санайды және жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр.

    Оқиғаға қатысты журналист қалалық Полиция департаментіне ресми сауал жолдады. Жауап күтілуде.

  • БҚО-да ас тұзы тапшы болды: себебі тасымалдағы шектеулермен байланысты

    БҚО-да ас тұзы тапшы болды: себебі тасымалдағы шектеулермен байланысты

    Соңғы күндері Батыс Қазақстан облысында ас тұзының өткір тапшылығы байқалады. Орал қаласындағы ірі сауда желілерінде тұз жоқтың қасы, ал оны шағын дүкендерден ғана табуға болады, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.

    Жеткізушілердің айтуынша, мәселе шамамен бір ай бұрын басталған. Қазан айында ел ішінде жүк тасымалдауды тек «Қазақстан темір жолы» АҚ-на тиесілі вагондар арқылы жүзеге асыруды міндеттейтін жаңа талап күшіне енген. Бұл вагон тапшылығына және кезектің ұлғаюына әкелген.

    БҚО-ның географиялық орналасуы да жағдайды қиындатады: өңір қазақстандық тұз өндірушілерден алыс орналасқан. Аймақ негізінен Ресейдің Орынбор облысындағы Соль-Илецк кен орнын игеретін «Руссоль» ЖШҚ өнімін пайдаланып келген. Алайда жергілікті оптовиктердің мәліметінше, компания Қазақстан тарапындағы вагон тапшылығына байланысты бұрын келісілген тұзды жөнелтуді уақытша тоқтатқан.

    Жеткізушілер қазақстандық өндірушілермен, оның ішінде «Аралтұз» АҚ-пен келіссөздер жүргізіп жатыр. Дегенмен кәсіпорынның БҚО-ға өнім жеткізуді бастапқыда жоспарламағаны және қуаты жеткіліксіз болуы мүмкін екені айтылды.

    Облыс әкімдігі жағдай бақылауда екенін хабарлады. Қазіргі уақытта Қызылорда облысындағы екі тұз өндіруші кәсіпорынмен келісімшарт жасалған. Барлығы бес вагон (300 тонна) қазақстандық тұз келісілген: бір вагон (60 тонна) жолда келе жатыр, оның 30 қарашада жетуі күтіледі; қалған вагондар 5–7 күн ішінде жеткізіледі. Болашақта тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету үшін қосымша келісімдер жасалмақ.

    Әкімдік мәліметінше, «Анвар» және «Алтындар» сауда желілерінде жұмсақ қаптамадағы тұз шектеусіз сатылып жатыр, сондай-ақ дүкендерде «Экстра» санатындағы тұз қоры жеткілікті. Билік тұз тапшылығының нақты себебін кейінірек хабарлайтынын, әзірге «Руссоль» ЖШҚ жөнелтуді тоқтатқанын ғана растады.

    Ресми ақпаратқа сәйкес, БҚО халқының ай сайынғы тұз қажеттілігі — шамамен 90 тонна. Соның 80 пайызы логистикалық жақындыққа байланысты (270 км) Ресейден әкелінген. Жөнелтудің тоқтауы салдарынан өңір кәсіпкерлері қазақстандық өнімге көшуге мәжбүр. Жағдайды анықтау үшін БҚО делегациясы Орынбор облысына жіберілді.

  • Қазақстанда мүгедектік тобын анықтау үшін жасанды интеллект енгізіледі

    Қазақстанда мүгедектік тобын анықтау үшін жасанды интеллект енгізіледі

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектік тобын тағайындау кезінде қолданылатын медико-әлеуметтік сараптамаға арналған жасанды интеллект (ЖИ) моделін әзірлеуде, деп хабарлайды, Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    ЖИ медициналық құжаттардан деректерді тану және құрылымдау жүйесі ретінде қолданылады. Бұл толық деректердің ұсынылғанын анықтау, диагноздарды халықаралық аурулар жіктемесіне сәйкес еңбек қабілетінің жоғалу дәрежесімен салыстыру, сондай-ақ алдын ала ұсынылатын шешімді қалыптастыру сияқты процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

    Жаңа құралды енгізу процедуралардың ашықтығын қамтамасыз етеді, барлық кезеңде адам факторы алынып тасталады және мүгедектік тобын анықтауда сыбайлас жемқорлық қаупі азайтылады.

    Қазіргі уақытта ЖИ моделі оқытылуда, ақпараттық жүйелерді біріктіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл медициналық-диагностикалық, зертханалық және аспаптық тексерулерден алынған электронды құжаттарды цифрландыру және құрылымданған деректерді беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

    Алдағы уақытта дайындық кезеңі аяқталған соң, жаңа формат пилоттық режимде апробациядан өтеді.

  • Семейде тәрбиеші 5 жастағы баланы тұншықтыруға әрекет жасады деген оқиға тексеріліп жатыр

    Семейде тәрбиеші 5 жастағы баланы тұншықтыруға әрекет жасады деген оқиға тексеріліп жатыр

    Семей қаласындағы «Айгөлек» балабақшасында тәрбиеші 5 жастағы балаға қарсы әрекет жасағаны камераға түсіп қалды. Баланың ата-анасы, психоәлеуметтік дамуы кешігіп келе жатқан ұлының жағдайына байланысты, тәрбиешінің орамалмен баланың бетін жауып, қолымен басып тұншықтыруға тырысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sona.kz 7 арнаға сілтеме жасап.

    Монитордағы жазба шамамен 5 минутты құрайды, бірақ отбасы оқиғаның нақты бір сағатқа созылғанын айтады. Балабақшада 38 жастағы тәрбиешінің жақында декреттік демалыстан шыққанын, содан кейін қайтадан аурухана парағын рәсімдеп, қайтадан демалысқа шыққанын хабарлады.

    Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды және алдын ала тергеу басталды.
    Ата-ана тәрбиешінің балалармен жұмыс істеу құқығынан айыруды талап етуде.