Метка: бюджет

  • Көкшетауда Қопа көлінің жағалауын салу кезінде 170 млн теңге жымқыру дерегі бойынша үкім шықты

    Көкшетауда Қопа көлінің жағалауын салу кезінде 170 млн теңге жымқыру дерегі бойынша үкім шықты

    Көкшетау қалалық соты Қопа көлінің жағалауын салу жобасын іске асыру кезінде бюджет қаражатын жымқыруға қатысы бар үш тұлғаға қатысты үкім кесті.

    Сотталғандардың қатарында қалалық әкімдіктің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТҮКШ) бөлімінің бұрынғы басшысы, техникалық қадағалау өкілі және мердігер ұйымның жетекшісі бар.

    Ақмола облысының арнайы прокурорлары жүргізген тергеу барысында 2020 жылы айыпталушылардың 170 млн теңгеден астам қаражатты жымқырып, кейіннен оны заңдастырғаны анықталды. Сот сотталушыларды аса ірі көлемдегі алаяқтық, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп таныды.

    Сот шешімімен оларға сәйкесінше 5 жыл 8 ай, 6 жыл 8 ай және 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Үкім қазіргі уақытта заңды күшіне енген жоқ.

  • Бюджет қаражатын жымқыру фактісі: жол жөндеу ісі бойынша сот басталады

    Бюджет қаражатын жымқыру фактісі: жол жөндеу ісі бойынша сот басталады

    Агентство по финансовому мониторингу Батыс Қазақстан облысы департаменті автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Іс материалдары сотқа жіберілді.

    Тергеу мәліметіне сәйкес, 2023 жылдың наурыз айында Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен «Сапак» өндірістік кооперативі арасында Жымпиты ауылындағы жолдарды жөндеу жөнінде 259 млн теңгеге келісімшарт жасалған.

    Тергеушілердің айтуынша, «Сапак» кооперативінің директоры субмердігер ұйым – «Ак-Би» ЖШС басшысымен сөз байласқан. Схема бойынша орындалмаған немесе толық орындалмаған жұмыстарға қатысты жалған актілер рәсімделген. Актілерде асфальт төсеу, жер және бетон жұмыстары, коммуникация жүргізу сияқты жұмыстар көрсетілген, алайда олар іс жүзінде орындалмаған.

    Жалған актілер негізінде тапсырыс беруші бюджет қаражатын мердігердің шотына аударған. Кейін бұл қаражат қатысушылар арасында бөлінгені анықталды. Мемлекетке 56,5 млн теңге көлемінде залал келтірілген.

    Сот шешімімен күдіктілердің бірінің пәтеріне тыйым салынды. Фигуранттарға елден шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Іс сот қарауына жіберілді.

    Бұған дейін Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп танылып, сот үкімі күшіне енген.

    Ведомство өкілдері тергеу бюджет қаражатын қорғау және мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету аясында жүргізілгенін атап өтті. Өзге ақпарат заң талаптарына сәйкес жария етілмейді.

  • Шымкентте М.Әуезов атындағы университетте бюджет қаражатын жымқыру ісі сотқа жолданды

    Шымкентте М.Әуезов атындағы университетте бюджет қаражатын жымқыру ісі сотқа жолданды

    Шымкент қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Sona.kz.

    Агенттік мәліметінше, күдіктілер қатарында университеттің бұрынғы бірінші проректоры, қаржы және әкімшілік департаменттерінің директорлары, өндірістік-техникалық бөлім қоймасының меңгерушісі, сондай-ақ мердігер ұйымдардың басшылары бар.

    Тергеу барысында күдіктілер мемлекеттік сатып алу бойынша жалған келісімшарттар жасағаны анықталған. Бұл келісімдер аясында тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген немесе нарықтық бағадан бірнеше есе қымбат бағада сатып алынған. Аударылған қаражат аффилирленген жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың шоттарына түсіп, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылып, қатысушылар арасында бөлінген.

    АФМ келтірген дерекке сәйкес, осы схема арқылы университет басшылығы құны 20 млн теңге болатын бір кресло сатып алған, ал оның нарықтағы бағасы 200 мың теңгеден аспайды.

    Нақты жеткізілімдердің болмағанын жасыру мақсатында күдіктілер тозған тауарлы-материалдық құндылықтарды балансынан формалды түрде есептен шығарып, оларды ары қарай пайдалана берген. Ал олардың орнына келуі тиіс жаңа тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген.

    Аталған заңсыз әрекеттер салдарынан мемлекетке 321 млн теңге көлемінде залал келтірілген. Тергеу барысында күдіктілер 264 млн теңгені ерікті түрде өтеген.

    Сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне  төрт тұрғын үйге, бір автокөлікке және банктік шоттардағы 40 млн теңге көлеміндегі қаражатқа тыйым салынды.

    Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

  • Батыс Қазақстан облысында колледж директоры бюджет қаржысын жымқырған

    Батыс Қазақстан облысында колледж директоры бюджет қаржысын жымқырған

    Батыс Қазақстан облысында білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Sona.kz өңірдің ҚМА — не сілтеме жасап.

    Тергеу мәліметінше, Батыс Қазақстан индустриалдық колледжінің директоры оқу процесіне қатыспаған елу төрт адамды жалған түрде студент ретінде тіркеген. Соған қарамастан олар ресми құжаттарда белсенді студент ретінде көрсетілген. Оларға жалған бағалар қойылып, сабаққа қатысу және үлгерім ведомостері рәсімделген, сондай ақ стипендия төленген. Кей жағдайларда жоғары мөлшердегі стипендия да есептелген.

    Жалған студенттердің атына банк шоттары ашылып, стипендия сол шоттарға аударылған. Банк карталары директорға немесе оның тапсырмасымен басқа адамдарға беріліп отырған.

    ҚМА мәліметінше, осылайша бюджеттен 49 миллион теңгеден астам сома жымқырылған.

    Директорға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үй қамауы таңдалды.
    Сот санкциясымен оның пәтеріне тыйым салынды.
    Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.

  • Бюджетке 1 млрд теңгеден астам қаржы қайтарылды

    Бюджетке 1 млрд теңгеден астам қаржы қайтарылды

    Актөбе облысының прокуратурасы 2025 жылы мемлекет кірісіне 1 млрд теңгеден астам қаржы өндірілуін қамтамасыз етті. Қаражат мемлекеттік сатып алулар бойынша кепілдік міндеттемелерді орындау, айыппұлдар мен өсімпұлдарды өндіру, сондай-ақ салықтық берешекті өтеу есебінен қайтарылған, Sona.kz Түркістан облысының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Мысал ретінде облыстың Құрылыс басқармасы мен «MIR-A Construction» ЖШС арасындағы келісімшарт келтірілді. Компания Байғанин ауданының Матай ауылында модульді үлгідегі оқу-жаттығу базасын салуы тиіс болған.

    Мердігерге 288 млн теңге аванс төленгенімен, келісімшарт кейін біржақты тәртіпте бұзылған. Алайда бұл сома бір жылдан аса уақыт бойы мемлекетке қайтарылмаған.

    Қадағалау шараларының нәтижесінде көрсетілген 288 млн теңге толық көлемде өндіріліп, бюджетке қайтарылды.

    Ведомство мәлім еткендей, мемлекеттік мүддені қорғау бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр және прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

  • Астанада «Дорстройтрест» ЖШС басшысы бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 7 жылға сотталды

    Астанада «Дорстройтрест» ЖШС басшысы бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 7 жылға сотталды

    Елордада көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын иемдену және ысырап ету дерегі бойынша «Дорстройтрест» ЖШС директоры сот үкімімен кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Sona.kz Астана қаласы бойынша Қаржылық мониторинг департаментіне сілтеме жасап.

    Тергеу мәліметінше, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен «Дорстройтрест» ЖШС арасында инвестициялық келісім жасалып, мердігерге 2,6 млрд теңге аванс аударылған.

    Алайда құрылыс жұмыстары мерзімінде аяқталмаған, ал қаражаттың бір бөлігі қарыздарды өтеуге және автокөлік сатып алуға жұмсалған. Сонымен қатар, 650 млн теңге жалған келісімшарттар арқылы басқа компаниялардың шоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.

    Сот үкімімен компания басшысы Нұрабайев 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 131 млн теңге көлеміндегі мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.

    Айта кетейік, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры халықаралық іздеуде.

  • Алматы облысы ішкі мемлекеттік аудит департаменті: бюджетке 233,1 мың теңге қайтарылды

    Алматы облысы ішкі мемлекеттік аудит департаменті: бюджетке 233,1 мың теңге қайтарылды

    Алматы облысы ішкі мемлекеттік аудит департаменті Еңбекшіқазақ ауданының «№8 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне сәйкестік аудит жүргізді. 2023–2024 жылдардағы қаржылық-шаруашылық қызметіне жасалған тексеріс нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.

    Аудит барысында мемлекеттік сатып алу жоспарында заңға сәйкес келмейтін өзгерістер енгізілгені, сондай-ақ еңбек ақы төлеу жүйесінде негізсіз үстемеақылар тағайындалғаны белгілі болды. Мәселен, қызметкерлерге қосымша жұмыс атқарғаны үшін заңсыз есептелген 207,4 мың теңге көлеміндегі үстемеақы бюджетке қайтарылды. Бұдан бөлек, жоспарлау кезіндегі сәйкессіздіктерге байланысты пайда болған 25,7 мың теңге көлеміндегі қаражат қалдығы да мемлекет кірісіне өткізілді.

    Жалпы жиынтығында мемлекеттік бюджетке 233,1 мың теңге қайтарылды.

    Аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар жойылып, мекеме қызметіндегі қаржылық тәртіп ретке келтірілді.

    Алматы облысы ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді жұмсалуына тұрақты түрде бақылау жүргізуді жалғастырады.

  • Қаржылық мониторинг: 164 млрд теңге бюджет қаржысы мен 11 млрд теңге субсидия тиімсіз жұмсалған

    Қаржылық мониторинг: 164 млрд теңге бюджет қаржысы мен 11 млрд теңге субсидия тиімсіз жұмсалған

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдап, ведомство қызметінің негізгі нәтижелері мен алдағы міндеттері жөнінде ақпарат алды, деп хабарлайды  Sona.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

    Агенттік 164 млрд теңгеге бағаланған 63 инфрақұрылымдық жобадағы бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалғанын, ауыл шаруашылығында 11 млрд теңге субсидияның тиімсіз пайдаланылғанын анықтады.

    Сонымен қатар, 24 млрд теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған жалған компаниялар әшкереленіп, 20 заңсыз криптобиржа тоқтатылды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жалған стоматологиялық қызмет көрсету арқылы 200 млрд теңге заңсыз шығарылған.

    ҚМА 720 қылмыстық істі тергеп, 15 ұйымдасқан топты, оның ішінде 3 трансұлттық топты жойды. Сондай-ақ, 45 қаржы пирамидасы тоқтатылып, 31,5 мың алаяқтық сайт пен сілтеме бұғатталды.

    23 тергеу ісі заңсыз микронесие беру бойынша басталып, оның шығыны 71 млрд теңгені құрайды. Мемлекет басшысы ведомствоға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

  • Үкімет бюджет шығындарын қысқартады

    Үкімет бюджет шығындарын қысқартады

    Қазақстан үкіметі басым емес шығындарды азайтып, қаржыны маңызды бағыттарға жұмсамақ. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды Sona.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

    Оның айтуынша, 2025 жылғы бюджет жобасын қалыптастыру кезінде әкімшілерден 34 трлн теңгеге өтінім түскен. Алайда соның 25,7 трлн теңгесі ғана мақұлданып, 8 трлн теңгеден астамы бюджетке енбеген.

    «Экономикалық тиімділігі жоқ шығындарды қысқартып жатырмыз. Әлеуметтік қолдау жүйесін цифрландыру мен оңтайландырудың арқасында тиімсіз шығындарды айтарлықтай азайттық», — деді премьер-министр.

    Сонымен қатар, Бектенов нақты мұқтаж азаматтарға көмектің қысқармайтынын атап өтті. Тәртіп орнату үшін Отбасының цифрлық картасы енгізілді. Ол халықты алты санатқа бөлді. Соңғы, алтыншы санатқа тұрғын үйі, көлігі мен жұмысы бар, бірақ мемлекеттен әлеуметтік көмек алып отырған азаматтар кірген.

    Қазіргі уақытта скорингтік жүйе Қарағанды мен Шымкентте пилоттық режимде іске асырылып жатыр. Кейін бұл жоба барлық өңірлерге енгізілмек.

    Оңтайландыру нәтижесінде 2024–2025 жылдары шамамен 290 млрд теңге үнемделді. Ал 2026 жылы тағы кемінде 165 млрд теңге үнемдеу жоспарланған.

    «Бұрын кей өңірлерде бір баланың бір күнде 10 үйірмеге барғаны туралы есептер болған. Мұның бәрі жасанды көрсеткіштер. Қазір тәртіп орнатылғаннан кейін осындай үнем пайда болды», — деді Олжас Бектенов.

  • Тоқаев бюджет қаражатын үнемдеуді тапсырды

    Тоқаев бюджет қаражатын үнемдеуді тапсырды

    Мемлекет басшысы мемлекеттік аппараттағылар күрделі кезеңдегі мәселелерді нақты шешу керегін ескертті.

    «Мен реформалардың нақты бағыты мен оны жүзеге асыру жолдары туралы осыған дейін де айттым. Үкімет ел экономикасын тұралап қалудан сақтап, орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін күрделі шешімдер қабылдауы керек және ең бастысы сол шешімдерді іске асыруға тиіс. Бұл – жоғары білікті әрі жауапкершілік алуға дайын мемлекеттік қызметшілердің қолынан келетін жұмыс. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, мемлекеттік аппараттың тиімділігі осындай күрделі кезеңдерде айқын көрінеді. Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды аңдап басу қажет», – деді Тоқаев.