Метка: экология

  • Атыраудағы ірі кәсіпорындар экологияға келтірілген зиян үшін 2,3 млрд теңге айыппұл төлейді

    Атыраудағы ірі кәсіпорындар экологияға келтірілген зиян үшін 2,3 млрд теңге айыппұл төлейді

    Атырау облысында бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл арқалады. Төленетін жалпы сома 2,36 миллиард теңгеден асты, деп мәлімдеді Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, деп хабаолайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында өңірде 21 тексеріс жүргізілді: оның ішінде 7 — профилактикалық, 13 — жоспардан тыс және 1 — сәйкестікті бағалау тексерісі. Нәтижесінде 52 құқықбұзушылық анықталып, 121 әкімшілік іс қозғалды және 19 нұсқама берілді.

    Бұзушылықтардың бірі — «ANACO» ЖШС, экологиялық рұқсатсыз шығарындылар үшін 897 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Компания шешімге сот арқылы шағымданғанымен, айыппұл күшінде қалды.
    Атырау мұнай өңдеу зауыты — 28 млн теңге, «Потенциал Ойл» — 7,2 млн теңге, ал «Petrocraft» — 1,25 млрд теңге көлемінде айыппұл төлейді.

    Басқарма мәліметінше, барлық кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Айыппұлдарды өндіру және экологиялық бақылау жұмыстары жүйелі түрде жалғасады.

  • «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл төледі

    «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл төледі

    Батыс Қазақстан облысының арнайы экологиялық прокуратурасы компанияның шамадан тыс зиянды заттар шығарып, 264 тонна көлемінде ластаушы заттар тастағанын анықтады.

    Осыған байланысты мекемеге Әкімшілік кодекстің 328-бабы бойынша 739,5 млн теңге айыппұл салынды. Қаражат толық өндіріп алынды.

    Айта кетейік, Қарашығанақ – әлемдегі ең ірі газ-конденсат кен орындарының бірі. Жобаны Eni, Shell, Chevron, «ЛУКОЙЛ» және «ҚазМұнайГаз» компаниялары бірлесіп жүзеге асырып отыр.

  • Ескі көлікке — жаңа мүмкіндік

    Ескі көлікке — жаңа мүмкіндік

    Осы мәселені шешу үшін Қазақстан автомобиль одағы ескі көліктерді халықтан сатып алып, орнына жаңа көлікке жеңілдік ұсынуды және утилизация бағдарламасын енгізуді ұсынды.

    Елдегі автопарктің жартысынан көбі – 10 жылдан асқан көліктер. 2 миллионы 20 жылдан аса уақыт жүріп жүргендер. Жаңа бастама осы мәселені шешуге бағытталған.

  • Алматыда дизельмен жүретін автобустарға тыйым салынды

    Алматыда дизельмен жүретін автобустарға тыйым салынды

    Экология және табиғи ресурстар министрлігінің дерегіне сүйенсек, елдегі 15 қаладағы ауаның ластану деңгейі жоғары. Бұл тізімде Алматы және Қарағанды қалалары көш бастап тұр.

    Үкімет ауаны тазарту үшін “жасыл энергетиканы” дамытуға күш салып отыр. Жалпы қандай жұмыс жүріп жатыр?

    Елдегі 45 қаланың ішінде 8 шаһардағы ауаның сапасы өте төмен. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде хабарлады. Олардың қатарында үш мегаполис – Алматы, Астана мен Шымкент бар. Сонымен қатар Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе мен Өскемен де осы тізімнен ойып тұрып орын алды. Бұлардың барлығы өндірісті қалалар екені белгілі. Ауаның ластануына жылу электр орталықтары мен кәсіпорындар әсер етеді. Дегенмен автокөліктердің де үлесі жоғары.

    Мәселен, Алматыда түтіннің 60 пайызы көліктерге тиесілі. Ал 27 пайызын өнеркәсіп шығарады. Көліктердің зиянын азайту мақсатында дизельмен жүретін автобустарды сатып алуға тыйым салынды. Енді жылу қазандықтары да газға көшірілмек.

    – Бүгінде мегаполисте ауаға тарайтын түтін көлемі 225 мың тоннадан асып отыр. Қазір жылу-электр орталығын жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Нәтижесінде, ауаға тарайтын зиянды заттар көлемі 93 пайызға, яғни 37,3 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін төмендейді. 2026 жылы жылу көзін көмірден газға ауыстыру жоспары бар. Сондай-ақ жеке тұрғын үй секторын газбен қамтуға ерекше назар аударылуда. Бүгінгі таңда үйлердің 99,4 пайызына тиісті инфрақұрылым тартылды, – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

  • Ақтөбеде ірі кәсіпорынға 2,9 млрд теңге айыппұл салынды

    Ақтөбеде ірі кәсіпорынға 2,9 млрд теңге айыппұл салынды

    Ақтөбенің Хромтау ауданында табиғат қорғау прокурорлары «Восход Хром» ЖШС-нің қызметінде хром кенін өңдеу кезінде жіберілген бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, кәсіпорын 2022 жылы міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген.

    Атмосфераға 52 тоннадан астам ластаушы заттардың қалдықтары (бейорганикалық шаң, 3 валентті хром, магний оксиді және т.б.), сондай-ақ жалпы 395 мың тонна көлемінде  ірі кесек және байыту қалдықтары нормадан жоғары, яғни заңсыз деп танылды.

    Кәсіпорынға қызметін экологиялық рұқсатсыз жүзеге асырғаны үшін, 2,9 млрд теңгеден астам айыппұл салынды. Серіктестікті әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыға сот тәртібімен шағым жасалды.

  • ПРЕЗИДЕНТ: орман-тоғайлар жеріміздің 5 пайызын ғана алып жатыр

    ПРЕЗИДЕНТ: орман-тоғайлар жеріміздің 5 пайызын ғана алып жатыр

    Президент елімізде орман-тоғайлар өте аз екенін жеткізді. Сондықтан, көгалдандыру жұмысына ерекше мән беруді тапсырды.

    «Қазақстанның табиғаты өте бай және алуан түрлі. Алайда орман-тоғайлар жеріміздің 5 пайызын ғана алып жатыр. Табиғаттың әр алуандығын сақтау үшін біз орман алқаптарын көбейтуіміз қажет. Бұл міндет еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін де өте маңызды. Мен Президент болып сайланған күннен бастап осы мәселеге ерекше мән беріп келемін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Сондықтан ел ішінде ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіледі.

    «Елімізді көгалдандыру жұмысының қарқыны жаман емес. Тоқтап қалмай, оны жалғастыру қажет. «Семей орманы» аясында орман тұқым бағы бар. Бұл – Орталық Азиядағы халықаралық озық талаптарға сай көшет өсіретін бірден-бір кешен. Осы жобаны басқа да орманды аймақтарда жүзеге асырған абзал. Сондықтан ел ішінде ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн», — деп толықтырды Президент.

  • Атырауда құстар жаппай қырылып жатыр

    Атырауда құстар жаппай қырылып жатыр

    Соңғы екі күнде мамандар 60-қа жуық қанаттының өлексесін анықтаған. Барлығы қаладағы мұнай өңдеу зауытының аумағындағы «Сасық сай» булану алаңында табылды.

    «Кеше санағанымда 55 дана өлексе, оның 7-еуі аққу болды. Қалғандары лысуха құстары. Қазір енді жүрген жолымызды қарап келе жатырмыз. Алып кеткен сияқты», – деді Атырау облыстық орман шаруашылығы инспекциясы бөлімінің бас маманы Мереке Шалқарова.

    Әлеуметтік желіlе тараған бейнежазбадан арам қатқан құстардың бірнеше түрін байқауға болады. Шамамен 40-50 шақты қанатты әр жерде жатыр. Тіпті суда қалқыған аққудың да өлексесін байқауға болады. Жалпы каналға кәсіпорыннан шыққан техникалық су құйылады.

    Осы оқиғадан кейін зауыттың аумағына экологтар, орман шаруашылығы инспекциясы, ветеринария басқармасынан құралған топ арнайы барған. Мамандар өлекселерді судан алып, сараптамаға жіберді. Әзірге құстардың неден қырылғаны белгісіз.

    «Судың құрамында мұнайдың көрсеткіші бір литрге 1,8 миллиграм болуы керек. Содан жоғары болмауы керек. Ал біздерде 0,4-0,3 көрсетіп тұр. Су таза», – деді Атырау мұнай өңдеу зауытының бөлім бастығы Нұрлан Ещанов.