«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл төледі

Батыс Қазақстан облысының арнайы экологиялық прокуратурасы компанияның шамадан тыс зиянды заттар шығарып, 264 тонна көлемінде ластаушы заттар тастағанын анықтады.

Осыған байланысты мекемеге Әкімшілік кодекстің 328-бабы бойынша 739,5 млн теңге айыппұл салынды. Қаражат толық өндіріп алынды.

Айта кетейік, Қарашығанақ – әлемдегі ең ірі газ-конденсат кен орындарының бірі. Жобаны Eni, Shell, Chevron, «ЛУКОЙЛ» және «ҚазМұнайГаз» компаниялары бірлесіп жүзеге асырып отыр.