Метка: Ермек Көшербаев

  • Ермек Көшербаев СІМ басшысы ретіндегі алғашқы шешімін атады

    Ермек Көшербаев СІМ басшысы ретіндегі алғашқы шешімін атады

    Қазақстанның жаңа сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев тағайындалғаннан кейін алғашқы қадамдары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Акорда дәлізінде журналистер министрден негізгі басымдықтары жайлы сұрады. Көшербаев Мемлекет басшысы айқындаған бағыттардың жалғастырылатынын атап өтті:

    «Мен министрлік қалай жұмыс істеп келсе, солай жалғастырамын. Кадрларды өзгертудің жақтасы емеспін. Министрлік маған жақын, бәрін білемін – баспасөз хатшысы да, вице-министр де болдым. Көптеген әріптестер кәсіби тұрғыда өсті».

    Министр алғашқы шешімі ретінде жұмыс кестесін қарау мен құжаттармен танысуды атады:

    «Маған қалың-қалың папкалар әкелді, барлығын оқуым керек – алғашқы шешімім осы. Ұжыммен танысып, әр мәселе бойынша есеп беруді сұрадым».

    Алдыңғы министр Мұрат Нұртілеудің жұмысына баға беруден бас тартты:

    «Бағаны Президент береді. Ол кісі Президенттің көмекшісі қызметіне тағайындалды, демек, бағасы оң».

    Көшербаев кадрлық ауыс-түйістерді табиғи процесс ретінде қабылдау қажеттігін де айтты:

    «Бұл – қалыпты өзгерістер. Белгілі бір деңгейдегі міндеттер орындалады, содан кейін жаңа адамдар келеді».

    ? Еске сала кетейік, 26 қыркүйекте Президент Жарлығымен Ермек Көшербаев ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Шығыс Қазақстан облысының әкімі, Қазақстанның Ресейдегі елшісі және СІМ вице-министрі қызметтерін атқарған. Ал Мұрат Нұртілеу халықаралық инвестициялық және сауда ынтымақтастығы жөніндегі Президенттің көмекшісі қызметіне ауысты.
  • Уақыт белдеуінің өзгеруі кері әсер бермеді – Көшербаев

    Уақыт белдеуінің өзгеруі кері әсер бермеді – Көшербаев

    ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев еліміздегі бірыңғай уақыт белдеуінің әсері жөнінде пікір білдірді.

    «Уақыт белдеуіне қатысты мәселеге қысқаша тоқталғым келеді. Тәжірибе көрсеткендей, өңірлердің басым бөлігі айтарлықтай кері әсердің жоқ екендігін айтып отыр. Адам денсаулығына, балалардың оқу сапасына, коммуналдық шығындарға, жол қозғалысына және қылмыстың өсу динамикасы өзгеріске ұшырамаған. Кейбір өңірлерде, әсіресе, шығыста адаптация процесі жалғасуда. Тұрғындарға тиімді болу үшін жұмыс уақыты өзгертіліп, ол қазір бес жарымға таман аяқталады. Нәтижесінде қалған уақытты тұрғындар жеке басына, отбасына, балаларына арнауға көбірек мүмкіндік алып отыр», – деді Е. Көшербаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.

    Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет пен Парламент бұл сұрақты жан-жақты қарады.

    Еске сала кетсек, елімізде  2024 жылы 1 наурыздан бастап уақыт бір сағат артқа жылжыды.

  • Ермек Көшербаев ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметіне келді

    Ермек Көшербаев ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметіне келді

    Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

    Ермек Көшербаев 1965 жылғы 2 мамырда Алматы қаласында туған.

    C.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1982-1988) Тарихшы, шет тілінде оқытатын тарих пәнінің мұғалімі КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (1991-04.1993) халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады, дипломат.

    • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі (12.2014-10.2016);
      • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы (10.2016-05.2018);
      • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы (05.2018-01.2019);
      • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары (01.2019-01.2020);
      • Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.2020-16.06.2023);
      • 2023 жылғы 16 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі болған.