Метка: футбол

  • Бірнеше миллиардер қазақстандық футбол клубтарын сатып алмақ

    Бірнеше миллиардер қазақстандық футбол клубтарын сатып алмақ

    Қазақстанда бірқатар танымал кәсіпкерлер елдегі футбол клубтарын сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутатының сауалына жауап берген премьер-министр Олжас Бектеновтің хатында айтылған, деп хабарлайды Sona.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

    Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан футбол федерациясы және өңір әкімдіктері бірлесіп футбол клубтарын коммерцияландыру, яғни жекешелендіру бойынша әлеуетті инвесторлармен жұмыс жүргізіп жатыр.

     «Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы» АҚ (Сергей Кан) — «Қызыл-Жар» ФК сатып алу мүмкіндігін қарастыруда;
    Freedom Finance (Тимур Турлов) — «Шахтер» ФК үшін жаңа стадион мен футбол академиясын салуға қызығушылық танытқан;
    Kaspi Group (Михаил Ломтадзе) — «Жеңіс» ФК сатып алып, Астанада футбол инфрақұрылымын дамытуға ниетті;
    TAU GROUP LTD (Ислам Козбаков) — «Қайсар» ФК сатып алуды жоспарлап отыр.

    Сонымен қатар «Тараз», «Елімай» және «Иртыш» клубтарына да әлеуетті инвесторлар қызығушылық білдірген.

    Үкімет басшысы атап өткендей, жекешелендірудің 2021–2025 жылдарға арналған кешенді жоспары жаңартылып, тиісті қаулы жобасы мемлекеттік органдарға келісуге жолданған.

    Жаттықтырушылардың жалақысы өседі
    Бектеновтың айтуынша, спорт саласындағы жаттықтырушылардың еңбекақысы да кезең-кезеңімен көтеріледі.

    2022 жылдан бері азаматтық қызметшілердің жалақысы жыл сайын 20%-ға өсіп келеді, ал 2026 жылдан бастап балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушыларына қосымша 30% үстеме ақы төленбек. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1,8 млрд теңге бөлінеді.

    Сонымен қатар өңір әкімдіктері ауылдық жерлерде еңбек ететін спорт мамандарына жалақының 25%-ына дейін үстемақы тағайындай алады.

  • 19 жастағы футболшы ойын кезінде кенеттен есінен танып қалды және қайтыс болды

    19 жастағы футболшы ойын кезінде кенеттен есінен танып қалды және қайтыс болды

    Матч барысында 19 жастағы футболшы кенеттен есінен танып қалды. Куәгерлер жедел жәрдем шақырды, ойыншыны шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер оның клиникалық өлім жағдайында екенін анықтады — пульс пен қан қысымы жоқ, қарашықтары кеңейген.

    Реанимациялық шаралар жарты сағатқа созылды, бірақ жас спортшының өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады.

    Желіде тараған видеода футболшының ойын кезінде кенеттен есінен танып қалуы көрінеді.

  • Қазақстанның ең қымбат футболшысы мансабын аяқтауы мүмкін

    Қазақстанның ең қымбат футболшысы мансабын аяқтауы мүмкін

    Қазақстан құрамасы мен Түркияның «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың алаңға шықпағанына 2,5 ай болды.

    Әлеуметтік желілерде «ұзаққа созылған жарақат Бахтиердің мансабын аяқтауына негіз болады» деген сыңайдағы ақпараттар шығып жатыр. Бұған – түрік журналисі Серкан Дикменің пікірі себеп. Ол қазақстандық ойыншының сіңір аймағында ісіну байқалғаны жөнінде айтқан еді. Негізінен жарақаттың сипаты мен қалпына келтіру мерзімі әлі тексеріледі. Сондықтан, карьерасына әсері мүмкін мәселелер бар.

    Бұған дейін Бахтиер Зайнутдиинов футболдан Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі наурызда өткен екі ойынның дайындығына келген болатын. Бірақ, Ұлттық құрама дәрігерлерінің тексеруінен кейін ол оқу-жаттығу жиынына қатыспады.

    – Дәрігерлер тексеруінен кейін Бахтиердің жарақаты бар екені анықталды. Сондықтан дайындыққа қатыспады. Ал мансабы аяқтау жөнінде бізге ешқандай ақпарат келіп түскен жоқ, – деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясының баспасөз хатшысы Сейіл Қожатай.

    Еске салайық, Бахтиер Зайнутдинов 1998 жылдың 2 сәуірінде туған. Мансабында қазақстандық «Тараз», «Астана» футбол клубтарында, Ресейдің «Ростов» және ЦСКА командаларында ойнады. Ал ыстанбұлдық клубпен 2023 жылдың 18 тамызында келісімшартқа қол қойды. Ол 2027 жылдың 30 маусымына дейін түркиялық клубта доп тебеді.

  • Криштиану Роналду тағы бір рекорд орнатты

    Криштиану Роналду тағы бір рекорд орнатты

    Бұл туралы Report жазды. 40 жастағы шабуылшы бір күн бұрын Ұлттар лигасының ширек финалдық қарымта кездесуінде Дания құрамасына қарсы ойында гол соққан болатын.

    Португалиялықтар скандинавиялықтарды қосымша уақытта 5:2 есебімен жеңді.

    Криштиану Роналдудың еншісінде 929 гол бар. Жалпы, Роналду Португалия құрамасының сапында 217 матч өткізіп, 136 гол соққан. Португалия құрамасының құрамында Роналду 2016 жылы Еуропа чемпионатында жеңіске жетті.

  • Қазақстан құрамасы Норвегиядан ойсыра жеңілді

    Қазақстан құрамасы Норвегиядан ойсыра жеңілді

    Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионындағы алтыншы ойынын Аустрияға қарсы өткізді.

    Ойын басынан норвегиялық футболшылар тізгінді қолына алуға тырысты. Әлемдік футболда жұлдызы жарқыраған Эрлинг Холандтың командасы Алматыда өткен ойындағы олқылықтың орнын толтыруға тырысты. Өзінің айып алаңында қателікке жиі бой алдырған қазақстандық футболшылар оған тосқауыл қоюға мүмкіндігі болған жоқ.

    Нәтижесінде Холанд 23, 37, 71-минутта үш гол соғып, хет-трик жасады. Сондай-ақ норвегиялық тағы бір шабуылшы Александр Сёрлот 41, Антонио Нуса 77-минутта мергендік танытты.

    Бұл ойында ел құрамасы қарсыласына 0:5 есебімен есе жіберді. Салдарынан алты ойында қазақстандық футболшылар бірде-бір соға алған жоқ.

  • Әділет Бәрменқұлов Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметінен кетеді

    Әділет Бәрменқұлов Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметінен кетеді

    Бұл туралы ақпарат алдымен Meta-ratings.kz таратқан. Бұл ақпаратқа қарағанда, Бәрменқұлов кететінін өзі айтқан.

    Жаңа басшылыққа бұрынғы ҚФФ басшысы Әділбек Жақсыбеков тағайындалуы мүмкін деген ақпарат бар, – деп жазады спорт журналисі Ермұхамет Мәулен.

    Бұған дейін федерация басшысы болған Әділет Бәрменқұлов шектен шыққан Черчесовке айыппұл салынғанын айтқан еді.

  • Испаниялық Родри футболдан «Алтын доп» иегері болды

    Испаниялық Родри футболдан «Алтын доп» иегері болды

    Испаниялық Родри (Родриго Эрнандес) футболдан 2024 жылғы «Алтын доп» иегері болды.

    Биыл 68-ші мәрте өткізілген дәстүрлі іс-шара әлемдегі үздік футболшыларды анықтау мақсатында қолға алынған. 1956 жылдан бері «France Football» журналының қолдауымен тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

    Ереже ойынша ерлер мен әйелдер арасында «Алтын доп» иегері анықталып, 21 жасқа дейінгі футболшылар арасында «Копа трофейі», үздік қақпашыға «Яшин трофейі» берілді. Сондай-ақ үздік ерлер және әйелдер командалары анықталды. Ал өткен маусымдағы үздік сұрмергенге Герд Мюллер трофейі табысталды.

    Биыл олардың қатарына тағы екі жаңа марапат қосылды. Енді ерлер және әйелдер командалары арасында үздік бапкерлер есімі белгілі болды.
    Үздік футболшы: Родри («Манчестер Сити», Импания құрамасы).

    Үздік әйел футболшы Айтана Бонмати («Барселона», Испания құрамасы).

    Копа трофейі: Ламин Ямаль («Барселона», Испания құрамасы).

    Мюллер трофейі: Харри Кейн («Бавария», Англия құрамасы), Килиан Мбаппе («ПСЖ» / «Реал», Франция құрамасы).

    Яшин трофнйі: Эмилиано Мартинес («Астон Вилла», Аргентина құрамасы).

    Үздік клуб (ерлер): «Реал Мадрид».

    Үздік клуб (әйелдер): «Барселона».

    Үздік бапкер (ерлер): Карло Анчелотти («Реал Мадрид»).

    Үздік бапкер (әйелдер): Эмма Хейз («Челси», АҚШ құрамасы).

  • Спорт министрі футболдың бас бапкеріне қатысты пікір білдірді

    Спорт министрі футболдың бас бапкеріне қатысты пікір білдірді

    Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов  футболдың бас бапкеріне  қатысты жайтқа пікір білдірді. Министр, Станислав Черчесовтың әрекетін одан әрі ушықтырмай, халқымызға тән кеңпейілдік танытуымыз дұрыс деді.

    «Құрметті достар!Әрине, Станислав Черчесовтің «француз тіліне» қатысты қалжыңы орынсыз болды. Мұны Қазақстан футбол федерациясы да, бапкердің өзі де бек түсінеді.

    Дегенмен, Черчесовтің басты міндеті – ұлттық құраманы жаңа деңгейге шығару. Ендеше, оған ең алдымен кәсіби қызметіне қарап баға беруге шақырамын.
    Біз қашаннан қонақжай, дархан мінезді, кешірімді елміз. Бізді мықты ел ететін де осы қасиеттер. Сондықтан мәселені одан әрі өршіте бермей, халқымызға тән кеңпейілдік танытқанымыз абзал.Кез келген даулы мәселені ақыл-парасатпен шешетін толерантты, өркениетті, яғни дана қоғам екенімізді көрсете білейік.
    Станислав Черчесов – халықаралық деңгейдегі танымал футболист әрі 20 жылдық тәжірибесі бар кәсіби жаттықтырушы. Сондықтан ол түбінде қазақстандық жанкүйерлердің сенімін ақтап, ұлттық құраманы қазіргі күрделі кезеңнен абыроймен алып шығады деп сенемін.Бәріміз мүддесі ортақ футбол жанашырлары ретінде бір-бірімізді қолдап жүрейік!», — деп жазды фейсбуктегі парақшасында  https://www.facebook.com/100094570982990/posts/400478509781179/?mibextid=CTbP7E&rdid=xIxM71WcPzjX60Opминистр.
    Естеріңізге сала кетейік,  Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тілін кемсітуге тырысқаны туралы бейнематериал кеңінен таралып, қоғам тарапынан наразылық туғызған болатын. Станислав Черчесовтің  қазақ тілінде сұрақ қойған журналиске келемеждеп жауап берген. «Французша сұрап тұрсың ба», деп орынсыз қалжыңдаған. Осы жайттан кейін туризм және спорт министрлігі Қазақстан футбол федерациясынан түсініктеме беруді талап етті.https://sona.kz/kk/qazaqstandyq-fwtboldagy-bas-bapkerdin-basy-dawga-qaldy-9131/ Ал, еліміздің футбол федерациясы Станислав Черчесовтің қазақ тілі мен еліміздің мәдениетіне үлкен құрметпен қарайтынын айтып ақталды.
    Айта кетейік, бас бапкердің қазақ тілін кемсітуге қатысты бұл бірінші жағдай емес. Бірер ай бұрын Черчесов баспасөз мәслихатында қазақ тілінде сұрақ қойған журналиске шүйліккен еді. Желіде бұл жағдай көпшіліктің наразылығын тудырғаннан кейін Черчесов қазақ тілін оқып жатырмын деп құтылды.
    Спорт министрлігі еліміздегі өзге де федерацияларды қазақ тіліне, мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға шақырады. Орынсыз қалжыңға жол жоқ екенін қатаң ескертеді.
  • Қазақстандық футболдағы бас бапкердің басы дауға қалды

    Қазақстандық футболдағы бас бапкердің басы дауға қалды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің басы тағы да дауға қалды. Ол қазақ тілінде сұрақ қойған журналистке келемеждеп жауап берген. «Французша сұрап тұрсың ба», деп орынсыз қалжыңдаған. Осы жайттан кейін туризм және спорт министрлгі Қазақстан футбол федерациясынан түсініктеме беруді талап етті. Спорт министрлігі мұндай жағдайдың қайталанбауын ескертті.

    ҚР Туризм және спорт министрлігі Қазақстан футбол федерациясынан түсініктеме беруді талап етіп отыр.

    Ведомствоның мәлімдеуінше, әлеуметтік желіде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тілін кемсітуге тырысқаны туралы бейнематериал таралып, қоғам тарапынан наразылық туған.

    «Федерациядан осы оқиғаға түсініктеме беру және С.Черчесовпен мемлекеттік тілге құрмет көрсету туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу талап етілді. Біз мұндай жағдайлардың қайталанбауын қамтамасыз ету үшін федерация тарапынан тиісті шаралар қолданылуы керек деп санаймыз», делінген хабарламада.

     

    Ал, еліміздің футбол федерациясы Станислав Черчесовтің қазақ тілі мен еліміздің мәдениетіне үлкен құрметпен қарайтынын айтып ақталды.

    «Әлеуметтік желілерде жарияланған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тіліне құрмет көрсетпеуіне қатысты видеоға байланысты Қазақстан футбол федерациясы жағдайды түсіндірі өту қажет деп санайды. Жазбада видеоның үзіндісі көрсетілген. Негізі бұл сұрақты Францияның ПСЖ клубының формасын киіп жүрген қазақстандық журналист Бегасыл Сейітқанов баспасөз мәслихатында қойғаннан кейін бас бапкер әзілдеп жауап қайтарған болатын. Станислав Черчесов қазақ тілі мен еліміздің мәдениетіне үлкен құрметпен қарайды, сонымен қатар қазақ тілін белсенді түрде оқып жатқанын мәлімдейміз», — деп түсініктеме берді Футбол федерациясының баспасөз қызметі.

    Еске салайық, бас бапкердің басы дауға қалған бұл бірінші жағдай емес. Бірер ай бұрын Черчесов баспасөз мәслихаптында қазақ тілінде сұрақ қойған журналистке шүйліккен болатын. Желіде бұл жағдай көпшіліктің наразылығын тудырғаннан кейін бас бапкер қазақ тілін оқып жатырмын деп құтылған болатын. Спорт министрлігі еліміздегі өзге де федерацияларды мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауғ шақырады. Орынсыз қалжыңға жол жоқ екенін қатаң ескертеді.