Метка: Хасан Қасымбаев
-

Хасан Қасымбаев үкімді жеңілдетуді сұрады: іс апелляциялық сотқа түсті
Хасан Қасымбаев пен осы іс бойынша сотталған өзге де тұлғалардың апелляциялық шағымдары Алматы облыстық сотына түсті. Бұл туралы Суд кабинеті порталында жарияланды, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Портал мәліметінше, іс материалдары 2026 жылғы 13 қаңтарда судьяның өндірісіне берілген. Осылайша, қорғау тарапы бірінші сатыдағы сот үкімін қайта қарауды көздеп отыр.Бірінші сатыдағы сот үкімі11 қарашада сот Хасан Қасымбаевты:•адам ұрлау;•қасақана ауыр дене жарақатын келтіру;•бопсалаубаптары бойынша кінәлі деп таныды.Қылмыстар жиынтығы бойынша ол 12 жылға бас бостандығынан айырылып, орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде жазасын өтеуге үкім етілді.Бұл іс бойынша тағы бес адам сотталған:•Руслан Алиев — 8 жыл;•Сайлау Актанов — 8,5 жыл;•Мадияр Қалымжанов — 9,5 жыл;•Данияр Аскаров — 8 жыл;•Нұрмұхамет Сұлтанбеков — 22 жыл.Соңғы сөзінде Хасан Қасымбаев өз кінәсін мойындамай, істің қолдан жасалғанын мәлімдеген. Алайда сот бұл уәждерді негізсіз деп тапты.Айыптың мән-жайыАйыптау тарапы Қасымбаевқа 15 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған.Тергеу нұсқасына сәйкес, 2021 жылдың жазында Талғар қаласында айыпталушылар аралас жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Алимовты соққыға жығып, Кендала ауылының сырт жағына алып кеткен.Қақтығысқа Алимовтың «Қасымбаев маған бедел емес» деген сөзі себеп болғаны айтылды.Сонымен қатар, іс материалдарында кәсіпкер Арипжан Тажиевтен ақша бопсалау дерегі бар. Айыпталушылар оның дәріханасының жұмысына кедергі келтірмеу үшін 1 миллион теңге талап еткен.Істің қайта қаралуы2021 жылы бұл іс бойынша үш адам «Бұзақылық» бабы бойынша сотталған. Кейін тергеу қайта жанданып, айыпталушылар саны артты.2024 жылы бес адамға үкім шығарылды. Ал сол жылдың қарашасында іс жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралып, алтыншы айыпталушы ретінде Хасан Қасымбаев іске тартылды. -

Соттағы оқиға дауға айналды
Алматы облысының полициясы 11 қарашада үкім жариялар алдында айыпталушыларға арналған кабинаның әйнегін сындырған Хасан Қасымбаевтың әрекетін тексеріп жатыр. Бұл туралы Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Адвокат Абзал Қасымжановтың айтуынша, Қасымбаевтың әрекеті бөтеннің мүлкін бүлдіру, сотты құрметтемеу немесе бұзақылық баптары бойынша қаралуы мүмкін. Мұндай баптар бойынша ең жоғары жаза жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.
Сот әкімшілігі шағым түсірмегенімен, сынған пластик әйнекті айыпталушының туысы қалпына келтіргенімен, адвокаттың айтуынша, бұл Қасымбаевты мүмкін болатын қылмыстық жауаптылықтан босатпайды.
Оқиға журналистердің залда болуына айыпталушының наразылығы кезінде орын алған. Қасымбаев камера ішінен әйнекке соққы берген.
-

Талғарда Хасан Қасымбаевқа үкім шығарылды
Алматы облысының Талғар аудандық соты Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Сот Қасымбаевты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және қорқытып алу баптары бойынша кінәлі деп танып, оны 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.Бұл іс бойынша тағы бес адам сотталды. Оларға 8 жылдан 22 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды:•Р. А. – 20 жыл,•С. А. – 8,5 жыл,•М. К. – 12 жыл,•Д. А. – 8 жыл,•Н. С. – 22 жыл.Соңғы сөзінде Қасымбаев өз кінәсін мойындамай, істің қолдан жасалғанын айтып, ақтауды сұрады. Алайда сот бұл уәждерді негізсіз деп тапты.? Айыптың мәніТергеу материалдарына сәйкес, 2021 жылы жазда Талғар қаласында бір топ адам ММА спортшысы Арман Алимовқа шабуыл жасаған. Оны ұрып-соғып, қала сыртына алып кеткен. Мұның себебі — Алимовтың «Қасымбаев мен үшін бедел емес» деген сөзі болған.Сондай-ақ Қасымбаевқа Талғардағы кәсіпкер Арипжан Тәжіевтен 1 миллион теңге талап етіп, оны соққыға жықты деген айып тағылған.? КонтекстБұған дейін БАҚ Қасымбаевты бейресми “Хуторлықтар” тобының жетекшісі деп атаған. Алайда ІІМ мен прокуратура мұндай ұйымдасқан топтың бар екенін ресми түрде жоққа шығарды.ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Аленов 2024 жылы қазанда: «Бізде “Хуторлықтар” деген ОПГ есепте жоқ», – деп мәлімдеген.Қасымбаев ісі бойынша тергеу 2025 жылғы 28 наурызда аяқталды. Үкім заңды күшіне апелляциялық тәртіпте қаралған соң енеді. -

Хасан Қасымбаев өз ісін қолдан жасалған деп атады және ақтауды сұрады
Қасымбаевқа үш бап бойынша айып тағылған: адам ұрлау, ауыр дене жарақатын келтіру және бопсалау. Онымен бірге тағы бес адам сот алдында отыр. Жәбірленушілер — ММА жауынгері Арман Алимов пен кәсіпкер Арипжан Тажиев.
Соңғы сөзінде Қасымбаев өзіне тағылған айыпты жалған және дәлелсіз деп атады.
«Бұл істі қоғамды тыныштандыру үшін ойлап тапты. Менің кінәмді дәлелдейтін еш айғақ жоқ. Барлығы Алимовтың сөзіне ғана сүйенеді, ал ол есірткіге тәуелді әрі бұрын сотталған», — деді ол.
Оның айтуынша, оны «Хутор» тобы мен Шерзат Полат ісімен байланыстыру – негізсіз.
«Мені резонанс үшін соттап жатыр. Мен заң алдында да, Алла алдында да арым таза. Соттан әділ шешім шығаруды сұраймын», — деді айыпталушы.
Басқа айыпталушылар да Қасымбаевты қолдап, оны ақтауды өтінді. Кейбірі тергеуге сенбейтінін және айыптаулардың ойдан шығарылғанын айтты.
Сот ғимараты алдында ондаған адам айыпталушыны қолдап жиналды. Оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем қызметі кезекшілікте тұрды.
Прокурор бұған дейін Қасымбаевқа 15 жыл түрме жазасын, ал өзгелерге — 9-22 жыл аралығында жаза сұраған. Үкім жақын күндері жариялануы мүмкін.
-

Хасан Қасымбаев ісі: сот судьяға қарсы өтінішті қанағаттандырмады
Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаев пен тағы бес айыпталушыға қатысты қылмыстық істің қаралуы жалғасуда, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Бүгінгі тыңдауда айыпталушылардың қорғаушысы Айдынғали Табылдыев судья Айнагүл Тұқубаеваны істен шеттету туралы өтініш білдірді. Алайда, үзілістен кейін сот өтінішті қанағаттандырмады.
Сот процесі 20 тамызда басталған болатын. Алғашқы отырыстардың бірінде адвокаттар прокурор Назгүл Тәуекенбайға қарсылық білдіріп, судья өтінішті қабылдаған еді. Кейін мемлекеттік айыптаушы сот залынан шығарылды.
Қазіргі уақытта куәгерлерден жауап алу кезеңі жүріп жатыр. Барлығы алты куәгердің айғақтары тыңдалуы тиіс. Олардың арасында 2021 жылы ұрланып, соққыға жығылған кәсіпкер Әріпжан Тәжиев пен фитнес-жаттықтырушы Арман Әлімов бар. Соңғысы сотта өз айғақтарын беріп үлгерді.
Айыпталушылар қатарында: Хасан Қасымбаев, Руслан Алиев, Мәдиәр Қалимжанов, Сайлау Актанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков және Данияр Аскаров бар. Оларға Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылған: «Адам ұрлау», «Қасақана ауыр зиян келтіру» және «Қорқытып алу».
Айта кетейік, Қасымбаев 2023 жылғы қарашада ұсталған. Ол бұған дейін Талғардағы 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне байланысты әлеуметтік желілерде аты аталған. Дегенмен ІІМ бұл деректерді жоққа шығарып, оның «қылмыстық топқа қатысы жоқ» екенін мәлімдеген еді.
-

Хасан Қасымбаев ісі: сот залында жедел жәрдем шақырылды
Талғар аудандық сотында «Хуторские» ОПГ жетекшісі ретінде аталып жүрген Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралуда. Отырыс кезінде айыпталушылардың бірі сырқаттанып, сот залына жедел жәрдем шақырылды, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға түстен кейін Руслан Алиевтің жауап беруі алдында болды. Оның қатты тіс ауруы ұстап, сотта 15 минуттық үзіліс жарияланды. Алайда уақыт созылып, жағдайы нашарлаған соң дәрігерлерді шақыруға тура келді.
Медициналық бригада Алиевті тексеріп, алғашқы көмек көрсетті. Кейін ол жедел жәрдем көлігіне жеткізілді.
-

Хасан Қасымбаевтың адвокаты судьяға қарсылық білдірді
Хасан Қасымбаев ісі бойынша өткен сот отырысында оның қорғаушысы Ерлан Мендешев төрағалық етуші судья Айнагүл Тұкубаеваға қарсылық білдірді, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке.
Қорғау тарапының айтуынша, сот істі қарау барысында мінездемелік материалдарды, соның ішінде бейнежазбаларды қоса беруге бірнеше рет рұқсат етпеген.
«Қорғау тарабы Қасымбаев Ержанның ұялы телефон пайдаланбағанын растайтын материалдарды қосу туралы бірнеше рет өтініш жасағанымен, сот оны қабылдамады. Бейнежазбаны қоса беру туралы өтініш те қанағаттандырылған жоқ. Бұл істің бейтарап қаралмағанын көрсетеді. Сондықтан мен сізге қарсылық білдіремін», — деді адвокат.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабына сәйкес, егер судьяның бейтараптығына күмән туындаса немесе істің нәтижесіне мүдделілік байқалса, оған қарсылық білдіруге болады. Дегенмен сот тараптардың өтініштерін қабылдамауы немесе сұрақтарды шектеуі қарсылық білдіруге негіз болып саналмайды.
Бұған дейін сот жәбірленушінің және өзге қатысушылардың айғақтарын БАҚ-та жариялауға тыйым салған болатын.
-

Хасан Қасымбаев ісі: сот БАҚ-қа процестің кейбір материалдарын жариялауға тыйым салды
Талғар аудандық сотында «Хуторлықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының басшысы ретінде аталып жүрген Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралуда, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сот отырысының басында судья Айнагүл Тұқубаева жәбірленуші мен басқа да қатысушылардың жауаптарын жариялауға сот тергеуі аяқталғанға дейін шектеу қойды. Оның айтуынша, бұл шешім әлеуметтік желілерде алдыңғы мәліметтердің жариялануы куәлардың болашақтағы жауаптарына әсер етпеуі үшін қабылданған.
Журналистер сот залынан шығарылып, оларға баспасөз орталығынан онлайн-трансляция ұсынылды. БАҚ өкілдері қатысушылардың тізімі қолжетімсіз екенін айтып наразылық білдірген. Кейін соттың баспасөз қызметі толық тізімді ұсынып, Қасымбаевтың бес қорғаушысы бар екені анықталды.
Қылмыстық іс аясында адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және қорқытып алу фактілері қаралуда. Жәбірленушілер ретінде ММА спортшысы әрі бапкер Арман Алимов және Арипжан Тәжіев танылды. Прокурор Алимов алған жарақаттарға қатысты сараптама қорытындысын оқып берді. Ал Қасымбаев өз кінәсін мойындаған жоқ.
Айта кетейік, Қасымбаев 2024 жылғы 5 қарашада қамауға алынған. Оның есімі Талғарда болған Шерзат Болаттың өліміне қатысты істе де аталған еді.
-

ММА спортшысы Хасан Қасымбаевқа қарсы сотта куәлік берді
Талғар аудандық сотында қылмыстық топ жетекшісі деп танылған Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сотта жәбірленуші, ММА спортшысы әрі жаттықтырушы Арман Әлиев куәлік берді. Ол 2021 жылы өзіне жасалған шабуылдың қалай өрбігенін егжей-тегжейлі баяндап берді.
Әлиевтің айтуынша, дүкен жанында оған бес адам бірден шабуыл жасаған. Дайын тұрған көлікке күштеп отырғызып, Талғардан тысқары жерге апарып, бейсбол таяқтарымен ұрып-соққан.
«Оянғанда көліктің артқы орындығында болдым. Аяғымды Руслан ұстап тұрды, денемді Мадияр, басымды Актанов қысып тұрды. Олар мені далаға шығарып, сұрақ қоя бастады. Султанбеков пен Аскаров бейсбол таяқтарымен ұрды», – деді спортшы.
Жәбірленушінің сөзінше, оқиға кезінде бір күдікті — Мадияр Қалимжанов — киімін шешіп, атыстан алған жарақатын көрсеткен. Ол Әлиевті 2020 жылы Еңбекшіқазақ ауданындағы атысқа қатысы бар деп айыптап, түсініктеме талап еткен.
Сонымен қатар Әлиев сотта Қасымбаевтың оқиға орнына келгенін айтты:
«Актанов оған қоңырау шалып, не істеу керегін сұрады. Біраздан соң Қасымбаев көлікпен келді. Машинадан түспей, терезені түсіріп: “Жетер, кеттік, әшкере болдық, құқық қорғаушылар келе жатыр” деді. Содан бәрі тез көлікке отырып, кетіп қалды», – деді ол.Жәбірленуші кейін таныс таксистке хабарласып, сол арқылы үйіне жеткен.
-

«Хуторский» тобының жетекшісі деген Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жолданды
Алматы облысында «Хуторский» қылмыстық тобының басшысы ретінде танылған Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу ісі аяқталды.
Қазір тергеу органдары Қасымбаевқа қатысты жинақталған материалдарды сотқа жолдады. Тергеу аяқталып, істің сотқа жолданғанын редакцияға облыстық полицияның баспасөз қызметі растады.
Хасан Қасымбаев былтыр қараша айында ұсталып, қамалған болатын. Тергеу барысында оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша іс қозғалған. Атап айтқанда:
- Адам ұрлау (ҚК 125-бап)
- Бопсалау (ҚК 194-бап)
- Денсаулыққа қасақана зиян келтіру (ҚК 107-бап)
Ұсталған сәтте Хасан Қасымбаевтың туған ағасы Аслан Қасымбаев Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып жүргені анықталды. Аталған дерек те қоғам назарын аудартқан болатын. Кейін ол қызметінен кетті.
Еске салсақ, марқұм Шерзат Полат қайтыс болған төбелестегі жігіттер өздерін «хуторский» деп таныстырған. Алайда облыс полициясы Талғарда ешбір қылмыстық топтың тіркемлегенін хабарлаған еді.