Метка: ҰҚК

  • Алматыда 8 кг метамфетамин тәркіленді

    Алматыда 8 кг метамфетамин тәркіленді

    ҚР ҰҚК Алматыда есірткіге қарсы операция жүргізілгенін хабарлады. Іс-шара шетел мемлекетінің құзырлы органдарымен бірлесіп өткізілген.

    фото: ҰҚК

    Ведомство мәліметінше, 8 килограмм «метамфетамин» синтетикалық затын алу кезінде Қазақстан азаматы ұсталған. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбады.

    фото: ҰҚК

    Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, ықтимал сыбайластары мен жеткізу арналары анықталуда.

    ҰҚК заңсыз есірткі айналымының трансұлттық арналарына қарсы жұмыс жалғасатынын мәлімдеді. Тергеу нәтижелері туралы қосымша ақпарат беріледі.

  • ҰҚК-ға жаңа өкілеттіктер берілді

    ҰҚК-ға жаңа өкілеттіктер берілді

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілеттіктерін кеңейтетін жарлыққа қол қойды. Құжат 1996 жылғы 1 сәуірдегі №2922 жарлыққа өзгерістер енгізеді және ҰҚК-ның қаржылық мониторинг пен мемлекеттік материалдық резервтерді басқару бағытындағы міндеттерін нақтылайды.

    Жаңартылған ережеге сәйкес, КҚК қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды болдырмауға қарсы іс-қимыл шеңберінде уәкілетті органдарға өз ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді ұсынатын болады.

    Сонымен қатар, комитеттің мемлекеттік резервтерді басқару саласындағы функциялары да кеңейтілді. КҚК материалдық құндылықтардың номенклатурасы мен көлеміне қатысты ұсыныстар енгізеді, мобилизациялық резервтен құндылықтарды беру мәселелерін шешеді, олардың сақталуын, жаңартылуын және мемлекеттік органдар арасында ауыстырылуын ұйымдастырады.

    Жарлық 9 желтоқсанда күшіне енді. Ал материалдық резервтерге қатысты кейбір нормалар 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады.

  • КИМЭП түлегінің өлімі: Ақнар ісі енді ҰҚК тергеуінде

    КИМЭП түлегінің өлімі: Ақнар ісі енді ҰҚК тергеуінде

    22 жастағы Ақнар Гүлстанның өліміне қатысты іс Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Алматыдағы қайғылы оқиға
    2024 жылдың мамырында Ақнар көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қаза тапқан. Туыстары өзіне қол жұмсады деген нұсқаға сенбейді. Анасы Қамит Гүлстанның айтуынша, қызы азапталып, соққыға жығылған.

    Сараптама қорытындысы бойынша, марқұмның денесінен жарақат іздері, тістелген және тырналған жерлер, сынған тырнақтар мен жұлынып қалған шаштар табылған. Анасы бұл дәлелдерді фото және видео түрінде ұсынған.

    Іс бірнеше мәрте ведомство ауыстырды
    Алғашында істі полиция, кейін Антикор, енді ҰҚК қарауда.
    Құқық қорғаушы Инга Иманбайдың айтуынша, жәбірленуші тарап полицияға сенімсіздік білдіріп, Бас прокуратура істі арнайы топқа тапсырған.

    ҰҚК істің жалғасып жатқанын растады, алайда қылмыстық бап әзірге жария етілмеген.

    «Істің сотқа қашан және қандай баппен жіберілетіні әзір белгісіз», — деді Иманбай.

    Құрбылары не дейді?
    Оқиға кезінде қасында болған қыздар Ақнардың күйзеліс жағдайында болғанын айтады.
    Дидар есімді құрбысының қорғаушысы Жандос Палманов бейнежазба ұсынған: онда Ақнар би билеп, кейін жылап тұр.
    Оның айтуынша, қыздар оны жұбатуға тырысқан, бірақ арада жанжал туындап, Ақнар терезеден құлап кеткен.

    Іс тергелу үстінде.

  • ҰҚК құрамында жаңа құрылым пайда болды: жемқорлармен күрес күшейеді

    ҰҚК құрамында жаңа құрылым пайда болды: жемқорлармен күрес күшейеді

    Жаңа құрылым жеке заңды тұлға ретінде тіркеліп, республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын болады. Қызметтің негізгі міндеті — жемқорлық деректерін анықтап, алдын алып, ашып, тергеу жүргізу. Бұл жұмыс жедел-іздестіру мен қарсы барлау аясында жүзеге асады.

    Құрылымға кең ауқымды өкілеттік берілген: жасырын тергеу жүргізу, құжаттарды тәркілеу, арнайы техникаларды қолдану, шетелдік қауіпсіздік органдарымен жұмыс істеу және қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу бастау құқығы бар.

    Сондай-ақ бұл қызмет тексеру, аудит бастамасын көтере алады, қажет жағдайда күдіктілерді іздестіру және экстрадициялау шараларына қатысады.

    Қызмет басшысы заңмен белгіленген тәртіппен тағайындалады және құрылым жұмысы үшін тікелей жауап береді. Ол мемлекеттік және халықаралық органдармен ресми байланыс орнатады.

  • ҰҚК: Террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 34 адам сотталды

    ҰҚК: Террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 34 адам сотталды

    Ақтөбе қалалық сотының шешімімен Ақтөбе облысының бір тұрғыны терроризмді насихаттағаны және атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

    ҰҚК тергеген қылмыстық іс шеңберінде, оның айналасындағыларды лаңкестер жағында шетелдегі соғыс қимылдарына қатысуға шақырғаны, сонымен қатар өзі де оларға қосылуды жоспарлағаны анықталды.

    «Тінту барысында одан 2 автомат, 8 тапанша, 8 мылтық, 3 шолақ қару, жасырын тасымалданатын гарнитурасымен 6 радиостанция, 3 түтін шашкасы, 1 жарық гранатасы және 581 патроны табылды», – делінген ҰҚК хабарламасында.

    Сондай-ақ ҰҚК материалы бойынша Алматы облыстық сотының шешімімен Каскелең қаласының бір тұрғыны терроризмді насихаттағаны және террористік әрекеттерді ұйымдастыруға адамдарды тартқаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Фигурант Қазақстанда резонансты зорлық-зомбылық акциясын жасау үшін лаңкестік топ құруды жоспарлаған. Осы мақсатта басқа діндар адамдарға лаңкестік идеологияны қабылдатып, оларды өз қатарына тартуға әрекеттенген.

    «Жалпы осы жылдың басынан ҰҚК тергеген қылмыстық істер бойынша террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін әртүрлі мерзімге 34 адам, сондай-ақ 2 шетел азаматы сотталған. Олар терроризмді насихаттағаны, діни араздық тудырғандығы, террористік және экстремистік топтардың әрекетіне тартқаны, құрғаны және оларға қатысқаны, тыйым салынған ұйымдардың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған», – делінген хабарламада.

  • ​ҰҚК Алматы облысында есірткі зертханасын әшкереледі

    ​ҰҚК Алматы облысында есірткі зертханасын әшкереледі

    «Ағымдағы жылғы 28 қаңтарда ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасын жойды. Психотроптық заттарды дайындау барысында Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тінту барысында 15 килограммнан аса «альфа-PVP» есірткі құралы мен кристалдану сатысындағы осы заттың 70 литрі, сондай-ақ 200 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген», – делінген хабарламада.

    Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

     

  • «Damumed» жүйесіне заңсыз кіргендер айыппұл арқалады

    «Damumed» жүйесіне заңсыз кіргендер айыппұл арқалады

    Жетісу облысында екі адам Денсаулық сақтау министрлігінің «Тіркелген халық тізілімі» және «Damumed» ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізгені үшін 1,2 млн теңгеге жуық айыппұл арқалады.

    ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен Жетісу облысының екі тұрғынына қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

    Осы жылдың 30 қаңтарында Талдықорған қаласы сотының шешімімен олар Қылмыстық кодекстің 205-бабының 2-бөлігінде және 208-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға сотталды.

    «Тергеу барысында медициналық қызметкерлердің тіркелгілерін заңсыз иемдену арқылы олардың ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Тіркелген халық тізілімі» және «Damumed» ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізгені анықтады», – делінген ҰҚК хабарламасында.

  • Қазақстанның бірнеше өңірінде діни радикалдар ұсталды

    Қазақстанның бірнеше өңірінде діни радикалдар ұсталды

    2025 жылғы қаңтарда ҰҚК полициямен бірлесе және прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті.

    Терроризмді, оның ішінде телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы насихаттады деген күдікпен 3 адам қамауға алынды.

    Екі фигурант бұрын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені, қарақшылық жасағаны, есірткі заттарын заңсыз алғаны және сақтағаны үшін сотталған. Тағы біреуі бұрын шетелдік содырлар лагерлерінде дайындықтан өтіп, Қазақстанға тапсырмамен оралған, сонда ұсталып, сотталған. Ұзақ мерзімді жазасын өтеп бостандыққа шыққаннан кейін де радикалды идеологиядан бас тартпаған.

    Тергеу әрекеттері барысында олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша діни әдебиет және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

    Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

  • ҰҚК Кәрім Мәсімовтің қайда екенін айтты

    ҰҚК Кәрім Мәсімовтің қайда екенін айтты

    Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов әлі де тергеу изоляторында отыр.

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті CentralMediaNews редакциясының ресми сұрауына берген жауабында Кәрім Мәсімовтың Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында отырғанын хабарлаған.

    Оған қатысты екі сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК:

    ҰБТ 218-баптың 3-тармағы, 3-бөлігі бойынша: «Қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру»;

    4-бөлім, 366-бап: «аса ірі мөлшерде пара алу».

    Еске сала кетейік, 2023 жылдың сәуір айында Астанадағы сот Кәрім Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасағаны, Қаңтар оқиғалары кезінде билікті күшпен басып алуға тырысқаны және өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырған еді.

  • ҰҚК Жамбыл облысының екі тұрғынын тұтқынға алды

    ҰҚК Жамбыл облысының екі тұрғынын тұтқынға алды

    Ведомство ақпаратынша, 2024 жылдың қазанында ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен қатысушылары есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі есірткі тобының әрекетінің жолын кесті.

    «Т.Рысқұлов және Меркі аудандарында 14 кг-дан астам гашиш пен 42 кг марихуананы сатуға әрекеттенген екі Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды»,- делінген ақпаратта.
    ҰҚК Жамбыл облысының екі тұрғынын тұтқынға алды, сурет — Zakon.kz жаңалық 11.11.2024 11:12
    Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

    Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

    Сондай-ақ, комитет Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтындығын айтты.