«7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі – суицид. Полиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – деп хабарлады ҰКҚ баспасөз қызметі.
Метка: ҰҚК
-

ҰҚК ірі есірткі тасымалын ұйымдастырғандарды ұстады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті оңтүстік өңірлерден Қарағандыға есірткі жеткізу арнасының жолын кескенін мәлімдеді.
«Есірткі тасымалын ұйымдастырды деген күдікпен 2 адам ұсталды. Іске қатыстылардың үйін тінту кезінде 30 келі гашиш, шолақ мылтық тәркіленді», делінген хабарламада.
Қазір Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
-

Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласы іздеуде жүр
ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов бес күннен бері іздеуде жүр. Ол жайлы ақпарат Бас прокуратураның құқықтық статистика порталында жарияланды.
Іс Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Оны ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жүргізіп жатыр.
Қылмыстық істің не үшін қозғалғаны әлі де белгісіз. Азамат Қапенов Мәсімовтың үлкен қызының күйеуі болған. Қаңтар оқиғасынан кейін олар активтерін жасырып қалу үшін құжат бойынша ғана ажырасқан.
Сондай-ақ күйеу баланың Ресейде де іздестіріліп жатқаны мәлім болды.
-

Экстремистік әрекеттері үшін күдікті 5 адам ұсталды
Күдіктілердің бірі бұған дейін шет мемлекеттің аумағында соғыс әрекеттеріне қатысып, ол үшін Қазақстанда сотталған болатын. Бұл туралы ҚР ҰҚК мәлімдеді, деп хабарлайды Sona.kz.
Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл облыстарында ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен және полиция көмегімен діни радикалдардың әрекеттерінің жолын кесу бойынша іс-шара өткізді.
«Жедел қызметкерлер террористік әрекеттерге қатысуға, терроризмді насихаттауға, экстремистік әрекеттерді ұйымдастыруға және осы мақсатта адамдарды тартуға күдікті ретінде Қазақстанның 4 азаматын мен 1 шетелдікті ұстады және қамауға алды», — делінген хабарламада.
ҰҚК ақпаратынша, олардың тұрғылықты жерлерінен көптеген діни-экстремистік әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
«Айта кету керек, күдіктілердің бірі бұған дейін шет мемлекеттің аумағында соғыс әрекеттеріне қатысып, ол үшін Қазақстанда сотталған болатын. Тағы екеуіне қатысты «ауыр» есірткіні үнемі қолданғаны туралы ақпарат тексерілуде», — деп жазды ведомство.
Қылмыстық кодекстің 256, 257, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
