Метка: мопед

  • Астанада мас жүргізуші мопедпен қаша жөнелді

    Астанада мас жүргізуші мопедпен қаша жөнелді

    Астанада түнде 27 жастағы ер адам нөмірсіз мопедпен патруль полиция қызметкерлерінен қаша жөнелді. Көлікті тоқтатуды талап еткен құқық қорғаушыларға қарамастан, жүргізуші жылдамдықты арттырып, қашуға әрекет жасады. Қуғын қысқа уақытқа созылды: күдікті мопедті тастап, жаяу қашуға тырысты, деп хабарлайды Sona.kz Polisia.kz сілтеме жасап.

    Тексеру барысында оның мас күйде екені және жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталды. Полиция қызметкерлері оны ұстады және бөлімшеге жеткізді. Сот шешімімен күдікті 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

    Бұл оқиға жол қозғалысы ережелерін, әсіресе алкогольдің әсерінен көлік жүргізудің қауіптілігін айқын көрсетеді. Полиция азаматтарды жол ережелерін сақтау және заңды жауапкершілік туралы еске салады.

  • Алматыда полиция қызметкерлерінен қашқан мопедші ұсталды

    Алматыда полиция қызметкерлерінен қашқан мопедші ұсталды

    Әлеуметтік желілерде Алматыда полицейлердің мопедшінің қуып бара жатқан сәті түсірілген видео тарады. Бейнежазбадан мопедшінің жаяу жүргіншілер аймағында жоғары жылдамдықпен қашып кетуге тырысқанын көруге болады.

    – Мопед жүргізуші заңды талапқа бағынбай, тіпті жаяу қашып кетпек болды. Алайда тәртіп сақшылары оны қолға түсірді. Жол жүру ережесін бұзғаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады полициядан.

  • Мопед мінсең – техосмотрдан өт

    Мопед мінсең – техосмотрдан өт

    Қазақстанда мопедтер енді толыққанды көлік деп танылады. 5 сәуірден бастап оларды тіркеу ғана емес, техникалық байқаудан өткізу де міндетті.

    Қайда барамыз?
    Еліміз бойынша 2000-ға жуық стационарлы, 750 мобильді техорталық бар – кез келгеніне барып тексертесіз.

    Нені қарайды?
    – Тежегіш
    – Шамдар
    – Руль мен дөңгелек

    Кімге міндетті емес?
    Жасалғанына 1 жыл толмаған жаңа мопедтерге техосмотр талап етілмейді.

    Қысқасы: Енді мопед иелері де көлік жүргізушілерімен бірдей талапқа бағынады.

  • Алматыда тіркелген мопед саны 5 мыңнан асты

    Алматыда тіркелген мопед саны 5 мыңнан асты

    Кеше Алматыда 4 807 мопед тіркелген еді. Бүгін олардың саны 5 276 болды. Бір күнде мегаполисте 469 мопед мемлекеттік нөмер алды. Дегенмен, Алматы қаласының Полиция департаменті әлі де тіркелмеген көлік құралдарының иелеріне ескерту жасады.

    – Кампанияның аяқталуына 7 күн қалды. 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтер айып тұрағына қойылады, ал олардың иелері Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады, – деп хабарлады департаменттен.

     

  • Алматыда мопедтегі 19 жастағы жігіт жол апатынан мерт болды

    Алматыда мопедтегі 19 жастағы жігіт жол апатынан мерт болды

    Алматыда бетон араластырғыш көлігі мен мопед соқтығысып, салдарынан 19 жастағы жігіт көз жұмды.

    Полиция департаменті ақпаратты растады. Жол апаты кеше, 18 наурыз күні сағат 20:50-де Қарасу шағын ауданында болған. Мопед жүргізушісі қиылысқа шығып кетіп, Howo жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 19 жастағы мопед жолаушысы мерт болды.

    Полиция қылмыстық іс қозғағанын айтты. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

  • Мопед иелерінің назарына: 5 сәуірге дейін тіркелу керек

    Мопед иелерінің назарына: 5 сәуірге дейін тіркелу керек

    5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады, ал заң бұзғандарға Әкімшілік кодекстің 590-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған.

    Қазіргі уақытта ел бойынша 8527 мопед ресми тіркелген. Тіркеу үшін арнайы ХҚКО-ға барып, жеке куәлік, техникалық құжат (немесе техникалық сипаттамалар), өтініш және мемлекеттік баж төлемдерін рәсімдеу қажет.

    Не керек?

    • Жеке куәлік (электронды нұсқасы жарайды)
    • Техникалық құжат немесе мопедтің сипаттамасы
    • Өтініш толтыру
    • Мемлекеттік баж салығын төлеу

    Тіркеуді кейінге қалдырмаңыз! Заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, жағымсыз салдардан аулақ болыңыз.

  • Алматыда жол ережесін бұзған мопед жүргізушілері жауапқа тартылды

    Алматыда жол ережесін бұзған мопед жүргізушілері жауапқа тартылды

    Кадрларда бір топ мопед мінген адамның бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай өтіп кеткені және көлік қозғалысына тыйым салынған Арбат аумағында жүріп-тұрғаны байқалады.

    Алматы қалалық Полиция департаменті аталған ереже бұзушылардың анықталып, ұсталғанын мәлімдеді.

    «Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚбК-нің 615 және 620-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Мопедтер айыппұл тұрағына қойылды,» – деп хабарлады полиция өкілдері.

    Сонымен қатар, құқық қорғау органдары мопед жүргізушілеріне 5 сәуірге дейін көлік құралдарын міндетті түрде тіркеуден өткізу қажеттігін ескертті.

  • Алматыда 16 мопед ресми түрде тіркелді

    Алматыда 16 мопед ресми түрде тіркелді

    Еске салайық, жақында Алматыда мопедті алғашқы тіркеу рәсімі жүргізген еді. Жас алматылық көлік құралының техникалық төлқұжатын және мемлекеттік тіркеу нөмірін алды. 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді механикалық көліктерге теңестіретін заңнамалық түзетулер күшіне енеді.

    Көрсетілген күннен бастап мопедтерді полицияда тіркеуден өткеннен кейін, А1, А және В санатындағы жүргізуші куәлігі бар, техникалық байқаудан және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудан өткеннен кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Осыған орай Алматы қаласындағы Мамандандырылған қызмет көрсету орталықтарында мопедтерді тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    23 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 16 мопед тіркелді. 2024 жылы «Жол қозғалысы туралы» заңға түзетулер енгізілді. Негізгі мақсат – мопедтерді пайдалануды реттеу. Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары болып саналады және оларға барлық заң талаптары қолданылады.

  • Жаңаөзенде мопедке мінгескен үш баланың біреуі көз жұмды

    Жаңаөзенде мопедке мінгескен үш баланың біреуі көз жұмды

    Жаңаөзенде үш жасөспірім мопедке мініп, жолда жеңіл көлікке соқтығысқан. Салдарынан бір бала көз жұмды. Бұл туралы Lada.kz хабарлайды.

    Оқиға 18 қараша күні сағат 20:30 шамасында болған. Олардың екеуі – 2010 жылы туған, ал біреуі – 2011 жылғы. Кішісі апаттан көз жұмды.

    «Екі бала Жаңаөзен көпсалалы қалалық ауруханасына қабылдау бөлмесіне жеткізілді», – деп делінген жедел жәрдем хабарламасында.

  • Мопедті тіркеуге арналған құжаттар тізімі жарияланды

    Мопедті тіркеуге арналған құжаттар тізімі жарияланды

    Енді әрбір қазақстандық мопедті тіркеуге міндетті. Ол үшін қандай құжат керек? Ішкі істер министрлігі тізімді жариялады. Яғни, 5 құжаттар керек.

    • жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық нысанда;
    • Салық кодексінінің 553 және 615-баптарында көзделген тіркеу алымымен КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттарды;
    • бар болған жағдайда техникалық құжатты немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы ашық ақпараттық көздерден алынған  мәліметті; иесінің өтінішін;
    • көлік құралын қарап тексеру актісін (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде).

    Осы құжаттар болған жағдайда мопедті тіркей аласыз. Естеріңізге сала кетейік, мопедті тіркеуге осы көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының жиі орын алуы себеп болды.  Заңға өзгеріс енегізілді. Оған сәйкес, мопедтерді тіркеуге арналған құжаттар тізімі белгіленді. Айта кетейік, мәселен Алматының өзінде жыл басынан бері мопедтің қатысумен 350-ден аса жол-көлік оқғасы тіркелген. 364 адам зардап шегіп, 6 адам көз жұмған.