Метка: мопед

  • Алматыда жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 743 жол-көлік оқиғасы тіркелді

    Алматыда жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 743 жол-көлік оқиғасы тіркелді

    Қалалық полиция Департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров жолдар мен көшелерде баламалы көлік, мопедтер мен электросамокаттардың пайда болуымен жол-көлік оқиғаларының көбейгенін айтты.

    Жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 743 жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 14 адам қаза тапты, тағы 757 адам жарақат алған. Ал самокаттардың қатысуымен 103 жол-көлік оқиғасы орын алып, 109 адам зардап шекті, абырой болғанда, қаза болғандар жоқ.

    «Мопедистер мен самокаттар жиналатын орындарда 8 мотоэкипаж тұрақты түрде патрульдеу жұмыстарын жүргізеді. 32 мыңға жуық мопедист пен 28 мыңнан астам электросамокат пайдаланушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мамандандырылған айыппұл тұрағына 1 мың 700 мопед қойылды. Сондай-ақ, 100-ден астам ата-ана балаларына самокат пен мопед жүргізуге рұқсат бергені үшін жауапқа тартылды. Алдын алу мақсатында Департамент әкімдікпен, сондай-ақ кикшеринг компанияларымен және мото мектебімен бірлесе отырып, жұртшылықтың назарын жол қозғалысы қауіпсіздігіне, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, электросамокаттарды, мопедтерді және мотоциклдерді дұрыс және қауіпсіз жүргізу біліктіліктерін арттыруға аудару мақсатында «ERKIN QOZGALYS» науқанын өткізді», – деді, Арыстанғани Заппаров.

    Жалпы, қалалық полиция басшысының айтуынша, жыл басынан бері шаһар жолдарында 3 миллион 420 мың 483 жол ережесін бұзу дерегі анықталса, оның 1 мың 890-ы көлікті мас күйінде басқарған.

  • Сенат мопедтерге қатысты заңды мақұлдады

    Сенат мопедтерге қатысты заңды мақұлдады

    Сенат Мәжіліс қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы мен оған ілеспе құжатты екінші оқылымда қабылдады.

    Парламент депутаттары бастамашылық жасаған Заң жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.

    Заң келесі негізгі ережелерді:
    — мопедтерді механикалық көлік құралдары тізбесіне енгізуді, сондай-ақ мопедтерді міндетті мемлекеттік тіркеуді белгілеуді көздейді. Тиісті норма Заң қабылданған кезден бастап 6 ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
    — мопедтерді басқару және пайдалану талаптарын белгілеуді;
    — «көлік құралының орташа жүру жылдамдығы» ұғымын енгізуді;
    — көлік құралдарына техникалық қарап-тексеру өткізетін ұйымдарға қойылатын талаптарды қайта қарауды көздейді. Рұқсат беру тәртібі арқылы олардың жұмысын реттеуді енгізуді көздейді;
    — көлік құралының габариті мен салмағы бөлігінде жолдардағы цифрлық жүйелердің бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу тәртібі өзгереді;
    — жолаушылар тасымалы қауіпсіздігіне, көлік құралдарының жүргізушілерін оқытуға қатысты бірқатар қосымша талаптар енгізіледі.

    Заң жекелеген көлік құралдары түрлерінің, оның ішінде мопедтердің жүруін ұйымдастыру саласында туындайтын мәселелерді құқықтық реттеудің тиімділігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.