Бірер сағат бұрын Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылған Айдос Рысбаев жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін. Ресми ақпарат дерегінше, бүгін Алматы облыстық полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалады. Кадрлық ауыс-түйіс 18 қазан күні сағат 14:30 ге жоспарланған. Sona ақпараттық порталы бұл қызметке Айдос Какашаұлы Рысбаев келуі мүмкін деп болжайды. Себебі, Алматы облысындағы соңғы криминалдық жағдайды ескерсек, Айдос Какашаұлы бұл қызметке лайықты. Себебі, ол 2022 жылдан ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы, 2023 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.
Метка: Полиция
-

Талғардағы жасөспірім өлімі: полиция бейнебақылаудағы жазбалардың өшірілгенін жоққа шығарды
Алматы облысының Полиция департаменті камераға түсіп қалған Талғардағы жанжалдың бейнежазбалары жойылды деген ақпаратты жоққа шығарды.
«Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Талғар ауданындағы қайғылы оқиға болған жерден бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілді деген жалған ақпарат тарауда.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазбалар полиция тарапынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін хабарлаймыз», — делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта тергеу барысында барлық бейнежазбалар зерттеліп, оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.
«Тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз. Бейненің бар екендігі туралы ақпаратты растау ретінде постқа скриншот қоса беріледі», — деп толықтырды полицияның баспасөз қызметінен.
Еске салайық, 4 қазанда Талғар қаласындағы төбелестен 16 жастағы жасөспірім қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.https://sona.kz/kk/on-alty-zhastagy-sherzattyn-olimi-sot-talgarda-zheti-kuediktini-2-ayga-qamady-8337/
-

Домофонды кірпішпен сындырған тұрғын қамауға алынды
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, оқиға таңғы уақытта болған. 26 жастағы мас ер адам үйде кілтін ұмытып кеткен. Содан кіреберіске кіре алмай, домофонды кірпішпен сындырған. Оның бұл әрекеті бейнекамераға жазылған.
Сот шешімімен бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген құқықбұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
-

Қазақстандық полицейлер күшейтілген режимге көшті
Полиция қызметі күшейтілген режимге ауыстырылды. Бұл шешім Республикалық референдумның өткізілуіне байланысты қабылданып отыр. Ішкі істер министрлігі науқан кезінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамсыз етеді. Дауыс беруге арналған учаскелерге комиссиялық тексерулер жүргізілетін болады. Олардың техникалық сипаттарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, терроризмге қарсы қорғалуы қаралады.
-

Алматы облысында жол апатынан үш адам көз жұмды
Zeekr 001 спорттық электромобильінің жүргізушісі Талғар-Есік автожолындағы қарсы жолаққа шығып, Daewoo Matiz автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Daewoo Matiz-тегі екі жолаушы сол жерде қайтыс болды. Жүргізуші есін жимастан аудандық аурухананың реанимация бөлімінде қайтыс болды.
Жол апаты фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Zeekr 001 жүргізушісі қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
Аймақ полициясы барлық жүргізушілерді жылдамдық режимін, жол қауіпсіздігі талаптарын мүлтіксіз сақтауға және ҚР Жол ережелерін бұзбауға шақырады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram -

Майқайың алтын кенішіндегі апат: 6 адам қамауға алынды
«Майқайыңалтын» АҚ-ның бұрынғы бас директоры Қуаныш Ботин және кәсіпорындағы өндірістік учаскелерді басқару, инженерлік құрамдағы бес адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оларды үйқамақта ұстау немесе түрмеге жабу туралы шешім шығарады деп күтіліп отыр.
«Майқайыңалтын» АҚ-ның алтын кенішінде төрт құтқарушының өмірін қиған апатқа кінәлі тұлғалар ретінде 6 адам ұсталды. Олар — «Майқайыңалтын» АҚ-ның бұрынғы бас директоры Қуаныш Ботин және өндірістік учаскелерді басқару, инженерлік құрамдағы бес адам.
— Павлодар облысының полициясы тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу шеңберінде «Майқайыңалтын» АҚ-ның алты жауапты қызметкері ұстап, Павлодар қалалық полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, — деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметінен.
Павлодар облыстық полиция департаменті аталған деректі растады.
Дерек көздеріне сүйенсек, бұрынғы бас директор Қуаныш Ботин Екібастұздағы үйінде ұсталған.
Еске сала кетейік, 4 қаңтарда Павлодар облысындағы Майқайың алтын кенішінде ішінде адамдар бар автобус жер астына түсіп кетті.
Апат болған күні оқиға орнынан екі құтқарушының мүрдесі табылды.
19 шілдеде Майқайыңда алты айдан соң үшінші құтқарушының мүрдесі табылған еді.
25 шілде күні Майқайыңдағы ойыққа түсіп кеткен автобус табылып, жердің астына түсіп кеткен соңғы адамның денесі жоғарыға шығарылды.
