Метка: Қарағанды облысы

  • Заңсыз қарумен қоқан-лоққы жасаған депутат ұсталды

    Заңсыз қарумен қоқан-лоққы жасаған депутат ұсталды

    Қарағанды облысының маслихат депутаты Серік Бекмағамбетов ауыл тұрғынына қауіп төндіргені және заңсыз қару ұстағаны үшін ұсталды деп хабарлайды ҚазТАГ.

    Оқиға 21 қазанда Нұра ауданындағы Ахметауыл ауылында болды. 38 жастағы депутат, масаң күйде 60 жастағы жергілікті тұрғынды автоматпен қорқытып, шабуыл жасапты.

    Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарасақ, Бекмағамбетов жолда Нұра – Ахметауыл трассасында өзінен озып кеткен ауыл тұрғынына қауіп төндірген. Депутаттың іс-әрекеті «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша бағаланып, ол 15 күнге қамауға алынды. Сонымен қатар «қауіп төндіру» және «заңсыз қару ұстау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

  • Қарағандыда жылусыз қалған халық: Үкімет басшысы жауаптыларға қатаң ескерту жасады

    Қарағандыда жылусыз қалған халық: Үкімет басшысы жауаптыларға қатаң ескерту жасады

    Қарағандыда жылусыз қалған халықтың мәселесіне қатысты  Үкімет басшысы жауаптыларға қатаң ескерту жасады.  Бұл жағдай Үкіметтің бақылауында. 
     

    Үкімет отырысында Саран қаласындағы жылу беру маусымының басталуы туралы мәселе күн тәртібінен тыс қаралды. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ағымдағы жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

    «Бүгін бәрін аяқтау қажет. Бірінші кезекте, бұл – Саран қаласы әкімінің жеке жауапкершілігі және облыс әкімдігі тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы. Менің тапсырмам бойынша қазір тексеріс жүріп жатыр. Жылу беретін нысанның дайындығы туралы жалған ақпарат берген адамдардардың барлығы жауапкершілікке тартылады. Осы отырыстан кейін энергетика министрі Саран қаласына барып, өзі бәрін тексереді. Тексеру нәтижесі бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына жібереміз. Егер қылмыстың құрамы бар болатын болса, кінәлі адамдардың бәрі қылмыстық жауапкершілікке тартылады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Саран қаласының 80-ге жуық үйі жылусыз отырғанын хабарлаған болатынбыз.
  • Қарқаралыда 21 мың гектар аумақ өртеніп жатыр

    Қарқаралыда 21 мың гектар аумақ өртеніп жатыр

    Қарағанды облысы ТЖД мәліметінше, өртті сөндіруге Астана қаласы, Павлодар, Абай облыстарының ТЖД және ТЖМ 68303 ә/б, орман шаруашылығының құтқарушы топтары және жергілікті ерікті өрт сөндірушілері 236 адам көмекке келді.

    Өртті оқшаулауға 42 техника, 2 әуе кемесі, 3 ұшқышсыз аппарат жұмылдырылды.

    Ал ТЖМ-ның соңғы мәліметінде Павлодар облысы Баянауыл ауданы аумағындағы 10 мың га дала өрті оқшауланғаны хабарланды.

    Еске салайық, Баянауылда жер өртеніп, ауыл тұрғындары қауіпсіз аумаққа көшірілді.

    Қарағандының Павлодар облысымен шектесетін аумағынан келген өрт қатты желдің салдарынан тілсіз жау Баянауыл ауданына өтіп кеткен. Күркелі ауылдық округіне қарайтын Желтау бөлімшесі мен Бәйнеке қыстағының аумағында өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.

    Бір өрт сөндіруші ауруханада қайтыс болған. Одан бөлек тағы 3 адам зардап шеккен. Олар Қарағанды облысының тұрғындары — екі өрт сөндіруші және бір ерікті.

    ҚР ТЖМ Командалық орталығында жедел штаб құрылды. Құтқарушылар тобына қосымша күш жіберілді. Өртті сөндіруге Қарағанды мен Павлодардан 183 адам, 56 арнайы техника және 4 тікұшақ жұмылдырылғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

  • «Қазақмыстың» «Саяқ-3» шахтасында екі жұмысшы қаза болды

    «Қазақмыстың» «Саяқ-3» шахтасында екі жұмысшы қаза болды

    «Қазақмыстың» Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында екі адам қайтыс болды.

    Компания хабарлауынша, шахтада көміртегі газы бөлінген.

    Барлық жұмысшы жедел түрде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Екі жұмысшы қайтыс болды, — деп хабарлады компания.

    Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, қайғылы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

    «Қазақмыс» қаза тапқандардың отбасына қажет көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

    Қарағанды облысы полициясы шахтада болған жағдайға байланысты абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

    Тергеу жүріп жатыр.