Метка: Қарағанды облысы

  • Қарағанды облысында кірпіш құлап жарақат алған бала жасанды комаға түсірілді

    Қарағанды облысында кірпіш құлап жарақат алған бала жасанды комаға түсірілді

    Қарағанды облысында болған қайғылы оқиға салдарынан жарақат алған баланың жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Дәрігерлердің шешімімен ол қазір жасанды комада жатыр, деп хабарлайды Sona.kz Kop SOZ-ге сілтеме жасап.

    Мамандар шұғыл ота жасап, баланың бас сүйегінің бір бөлігін алып тастауға мәжбүр болған. Анасының айтуынша, оқиға кезінде бала әкесімен бірге болған. Әкесі баласын құшақтап үлгеріп, оны қайта соққыдан аман алып қалғанымен, алғашқы соққы тым ауыр болған. Бала оқиға орнында көп қан жоғалтқан.

    Мәдениет басқармасының ресми мәліметінше, аталған ғимарат осыдан төрт жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен. Алайда 2024 жылы нысанда алғашқы ақаулар анықталып, мердігер компанияға ескерту жасалған. Мердігер кемшіліктерді түзетуге уәде бергенімен, өз міндетін орындамай, жұмысты созбаққа салған. Қазіргі уақытта полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Жауапсыз мердігерге іздеу жарияланып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл жағдай өңірдегі мемлекеттік нысандардың сапасына қатысты үлкен дау тудырды.

  • Қарағанды облысында ғимарат қаптамасы құлап, бала зардап шекті

    Қарағанды облысында ғимарат қаптамасы құлап, бала зардап шекті

    Қарағанды облысында ғимарат қаптамасының құлауы салдарынан баланың жарақат алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sona.kz Qumash-қа сілтеме жасап.

    Оқиға Ботақара кентінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жергілікті мәдениет үйінің шатырынан қаптама кірпіші құлап, үш жастағы балаға тиген.

    Салдарынан бала дене жарақатын алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында.

    Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы — «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Оқиғаның мән-жайын анықтау, сондай-ақ ғимараттың техникалық жағдайын бағалау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды.

    Полицияда тергеу нәтижесі бойынша жауапты тұлғалар анықталып, заңға сәйкес процессуалдық шешімдер қабылданатынын атап өтті.

    Оқиғаның себептері мен баланың жағдайы бойынша қосымша ақпарат нақтылануда.

  • Қарағанды облысының спорт басқармасында тексеру тағайындалды

    Қарағанды облысының спорт басқармасында тексеру тағайындалды

    Қарағанды облысында дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметіне қатысты тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды. Бұған басқарма басшысы Серік Сәпиевтің жария мәлімдемесі себеп болған, деп хабарлайды Sona.kz

    Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жағдайды жан-жақты әрі объективті қарау үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті тарапынан тексеру жүргізіледі. Сонымен қатар спорт басқармасының қызметіне кешенді аудит жасалады.

    Бұған дейін Серік Сәпиев жанжалдың спорт ұйымдары басшыларын заңсыз түрде ауыстыру әрекеттеріне байланысты туындағанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, бұл әрекеттер оның хабарынсыз жасалған.

    Сонымен қатар басқарма басшысы мен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы келіспеушілік физикалық қақтығысқа ұласқан. Аталған дерек бойынша ұрып-соғу фактісімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

    Қазіргі таңда Серік Сәпиев Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарады. Ал Дәурен Есімханов – оның орынбасары әрі белсенді спортшы.

  • Бірнеше күн бойы іздеді: Қарағанды облысында егде жастағы қазақстандық далада көлігінде өлі күйінде табылды

    Бірнеше күн бойы іздеді: Қарағанды облысында егде жастағы қазақстандық далада көлігінде өлі күйінде табылды

    Қарағанды облысының Шет ауданында 72 жастағы ер адамның көлігінде мәйіті табылды. Зейнеткер 18 желтоқсаннан бері іздестіріліп келген. Ол атбөлігін іздеуге өзінің көлігімен шыққаннан кейін байланысқа шықпай кеткен. Туысқандары полицияға хабарлап, іздеуге құтқарушылар, еріктілер және әскери қызметшілер жұмылдырылды, деп хабарлайды Sona.kz со ссылкой на Tengrinews.kz.

    Дала аймағы Қарағанды облысы ТЖД құтқарушылары, полиция қызметкерлері, 52859 әскери бөлімшесінің әскери қызметшілері, еріктілер мен туыстар тарапынан тексерілді. Аудан әуе арқылы «Қазавиаспас» бортымен бақылаудан өтті. Сонымен қатар, дрондар мен Starlink спутниктік байланысы қолданылды. Іздеу топтары тәулік бойы жұмыс жасап, барлық мүмкін маршруттарды тексерді.

    Өкінішке орай, 23 желтоқсанда ер адамның мәйіті Ағадырь кентінен шамамен 35 шақырым жерде, Ортау ауылы бағытына қарай көлікте табылды. Көлік қарға көмілген еді. Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта полиция оқиға бойынша кешенді тергеу шараларын жүргізіп, барлық жағдайларды анықтап жатыр.

  • Қарағанды облысындағы елдімекеннен миллион дозаға жететін синтетикалық есірткі өндірісі әшкереленді

    Қарағанды облысындағы елдімекеннен миллион дозаға жететін синтетикалық есірткі өндірісі әшкереленді

    Қарағанды облысы, Солтүстік-Батыс кентінде орналасқан жасырын нарколабораторияның көзі жойылды. Полицейлердің мәліметінше, бұл цехтан 1 миллионнан астам доза синтетикалық есірткі жасауға болар еді.

    Арнайы операция барысында 6 тоннадан астам прекурсор мен 35 келі дайын психотропты зат тәркіленді. Шахтинск қаласының екі тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Тінту кезінде 355 канистр химиялық заттар, зертханалық құрал-жабдықтар, индукциялық плиталар, желдеткіш қондырғылар, респираторлар мен үш автокөлік табылды. Тергеу нұсқасына сәйкес, бұл көліктер қылмыстық мақсатта пайдаланылған болуы мүмкін.

    Полицияның мәліметінше, «Қарасора-2025» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ұйымдастырылған операция нәтижесінде жаңа қатысушылардың, оның ішінде бейбіт тұрғындардың қылмыстық әрекетке тартылуына жол берілмеді.

    Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

  • Қарағанды маңында жүк пойызы екі жасар баланы қағып кетті

    Қарағанды маңында жүк пойызы екі жасар баланы қағып кетті

    Қарағанды облысында жүк пойызының астына түсіп қалған екі жасар бала ауыр хәлде ауруханаға түсті. Қайғылы оқиға 1 маусым күні қала маңында болған.

    Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға байланысты теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

    Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жарияланбайды. Бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр.

  • Антикордың лауазымды қызметкері пара алды деген күдікке ілінді

    Антикордың лауазымды қызметкері пара алды деген күдікке ілінді

    Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық департаменттердің бірінің басшысына және оған бағынысты қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

    Департамент басшысы орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

    «Сонымен қатар, айыпталушылар жалған жұмыспен қамтылған қызметкерлердің шоттарына жалпы сомасы 2,5 млн теңгеге жалақы, сыйлықақы және іссапар шығыстарын негізсіз аудару арқылы адамдар тобында бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда.

    Айыпталушылар сотқа тартылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

    Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», – делінген хабарламада.

  • Зорлық көрген 15 жастағы қызды тұрмысқа берген: полиция қылмыстық іс қозғады

    Зорлық көрген 15 жастағы қызды тұрмысқа берген: полиция қылмыстық іс қозғады

    1. Қарағанды облысының полиция департаменті 15 жастағы қызға қатысты жасалған қылмыс бойынша іс қозғалды.

    Кәмелетке толмай тұрмысқа күштеп берілген және зорлық-зомбылық көрген қыз баланың басындағы тауқыметті Немолчи қоры жария етті. Қордың таратқан ақпаратына сүйенсек, өгей әке 15 жасар қызын 38 жастағы танысына тұрмысқа берген. Ал ол қызға бес күн бойы зорлық көрсеткен.

    «Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Смаилованың айтуынша, бұл жаға ұстатарлық жағдай Қарағанды облысының Абай қаласында болған.

     Қыздың ағасы бізге хабарласты. Бес күн көрген қорлықтан кейін қыз қашып шығып, туған әкесіне келген. Әкесінің жүрегі ауырады. ОЛар бірден арыз жазды. Әдеттегідей өтінішті қабылдамай, сараптамаға жібермей уақытты созған. Іске біз араласқаннан кейін ювеналды полиция қызды Қарағандыға медициналық тексеруге жіберді. Бірақ бірге барған тергеуші құжатты дұрыс ресімдемей, тексеруден өте алмай қайтты. – деп жазды “Не молчи” басшысы.

    Смаилованың айтуынша, біреулер әкесінің үйін торуылдап, қорқытуға тырысқан көрінеді.

    Полиция бұл қылмысқа қатысы бар адамдардың бәрі анықталып, жауап алынғанын айтты.

    Осы қылмысқа қатысы бар барлық адам анықталып, олардан жауап алынды. Тергеу аясында болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Кылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына, сондай-ақ тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, — деді Қарағанды облысы ПД-ның баспасөз қызметі

  • «Қазақстан» шахтасындағы бес кеншінің өліміне кінәлілерге үкім шықты

    «Қазақстан» шахтасындағы бес кеншінің өліміне кінәлілерге үкім шықты

    Қарағанды облысы Шахтинск қалалық соты «Қазақстан» шахтасындағы өрттен бес кеншінің қаза табу фактісі бойынша істі қарап, сот үкімін шығарды. 

    Төрт айыпталушы 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы қайғылы оқиғаға жауапты деп танылған төрт қызметкерді ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі бойынша абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзудің қауiпсiздiк қағидаларын бұзды деп айыптаған болатын.

    Тергеу барысында бірнеше ереже бұзушылық анықталды.

    Жол берілген бұзушылықтардың салдарынан 2023 жылғы 17 тамызда жөндеу ауысымында «Қазақстан» шахтасының көмір конвейерлік еңісінде өрт болды. Өрт салдарынан бес кенші қаза тауып, он жеті кеншіге денсаулығына орташа және ауыр зиян келтірді, – деп мәлімделген Шахтинск қалалық сотының хабарламасында.

    Аталған іс бойынша прокурор Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталушыларды кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

    ҚК-нің 277-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс абайсызда орташа ауырлықтағы қылмыс болып табылады. Санкция 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. ҚК-нің 55-бабына сәйкес жеңiлдететiн мән-жай болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жаза максималды мерзімнен½, яғни 4 жылдан аспауы тиіс. Заңның бұл талабы сот үшін міндетті болып табылады. Г., М., Т., Г. сотталушыларының жас балалары бар, бұл ҚК-нің 53-бабына сәйкес жеңілдететін мән-жай деп танылады. Яғни, олар үшін жаза 4 жылдан аспауы керек. Сотталушылар бұрын сотталмады, жұмыс орны бойынша оң сипатталады. Прокурор айыптау актісінде ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы туралы жазды. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот Г., М., Т., Г. 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, – деп сот өз үкімін шығарды.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Еске салайық, қайғылы оқиға 2023 жылдың 17 тамызында болған. Апат болған кезде жер астында 227 шахтер болған, олардың ішінде 222 шахтер жер бетіне шығарылып, бес адам қаза болған еді.

  • Қарағанды облысында жол апатынан 7 адам қаза болды

    Қарағанды облысында жол апатынан 7 адам қаза болды

    Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам оқиға орнында тіл тартпай кетті.

    Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 15 қараша күні сағат 10.00 шамасында «Алматы-Екатеринбург» тас жолында Құрма ауылына 2 шақырым жетпей «Тойота Альфард» автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша көліктің руліне ие бола алмай аударылып қалған.

    «Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші және оның 6 жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды. Сонымен қоса, 12 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Қарағанды облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілерден жол жүру ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды», — делінген хабарламада.