Метка: Қазақмыс

  • «Жомарт» кенішінде апат болып, 7 адам үйінді астында қалып қойды

    «Жомарт» кенішінде апат болып, 7 адам үйінді астында қалып қойды

    2025 жылғы 17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ға қарасты «Жомарт» кенішінде шахтада тау массасы опырылды.

    Құлаған аймақта шахтаның 7 қызметкері қалып қойды. Қазіргі уақытта «АСС Сериктес» ЖШС құтқару бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

    «Оқиға орнына Ұлытау және Қарағанды облыстарының Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) қызметкерлері, кинологиялық есептоптар, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен Қазақстан ТЖМ психологтары жіберілді», – делінген ТЖМ хабарламасында. 

    Қазіргі таңда Төтенше жағдайлар министрлігінің Командалық орталығы мен Ұлытау облысының ТЖД базасында жедел штабтар құрылып, жұмыс істеп жатыр. ТЖМ-де «жедел желі» телефоны іске қосылды.   Телефон нөмірі: 8 (7172) 55-96-21.
    Апаттың мән-жайы анықталуда.

     

  • «Қазақмыстың» «Анненск» шахтасында кенші қаза болды

    «Қазақмыстың» «Анненск» шахтасында кенші қаза болды

    «Қазақмыс» компаниялар тобы шығыс Жезқазған кенішінің «Анненск» шахтасында қайғылы оқиға салдарынан 1985 жылы туған 5-разрядты ұнтақтаушы қаза тапты.

    Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.

    «Қазақмыс» компаниялар тобы шығыс Жезқазған кенішінің «Анненск» шахтасында болған кеншінің өліміне қатысты Ұлытау облыстық Полиция департаментіне ресми мәлімдеме жасады. Ведомство мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

    «Анненская» шахтасында өліммен аяқталған өндірістік жарақат фактісі бойынша Сәтбаев қаласының полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабы, 3-бөлігі (абайсызда адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнында Ұлытау облысы полиция департаментінің жедел-тергеу тобы мен басшылығы бар. Оқиға болған жерді тексеру және тергеу әрекеттері жүргізіледі. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

  • Сәтпаевте «Қазақмыс» кеншілері ереуілге шықты

    Сәтпаевте «Қазақмыс» кеншілері ереуілге шықты

    «Қазақмыс» корпорациясының «Жезқазғанцветмет» Оңтүстік Қазақстан филиалының №65 кенішінің қызметкерлері ереуілге шықты.

    Ереуілге шыққан 250-ден астам кенші алдымен жалақыны 30%, кейін 100% көтеруді, сондай-ақ, мемлекеттік органдар тарапынан қысымды тоқтатуды талап еткен.

    Қазір шахташылар мен «Қазақмыс» басшылығы келіссөз жүргізіп жатыр.

    17 желтоқсанда «Қазақмыс» 2025 жылдың басында қызметкерлердің жалақысын индекстеу негізінде (тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағасы өскен кезде нақты жалақы деңгейін көтеру тәсілі) 8,5% (2025 жылға арналған инфляцияның болжамды деңгейі) көтеретінін хабарлаған еді.

    «Қазақмыс» акцияларының 70% кәсіпкер Владимир Кимге тиесілі, қалған 30% Эдуард Огайдың иелігінде.

  • «Қазақмыстың» «Саяқ-3» шахтасында екі жұмысшы қаза болды

    «Қазақмыстың» «Саяқ-3» шахтасында екі жұмысшы қаза болды

    «Қазақмыстың» Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында екі адам қайтыс болды.

    Компания хабарлауынша, шахтада көміртегі газы бөлінген.

    Барлық жұмысшы жедел түрде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Екі жұмысшы қайтыс болды, — деп хабарлады компания.

    Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, қайғылы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

    «Қазақмыс» қаза тапқандардың отбасына қажет көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

    Қарағанды облысы полициясы шахтада болған жағдайға байланысты абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

    Тергеу жүріп жатыр.