Метка: Қуандық Бишімбаев

  • Қуандық Бишімбаевтың әкесі Нүкеновтер отбасын ақша бопсалаған деп айыптады

    Қуандық Бишімбаевтың әкесі Нүкеновтер отбасын ақша бопсалаған деп айыптады

    Астанада Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбековаға қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Ол туысы Бекзат Кемелованы 1 млн долларды иемденді деп айыптауда. Процесте жаңа мәлімдемелер айтылды, деп хабарлайды Sona.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

    Валихан Бишімбаевтың айтуынша, Салтанат Нүкенова қаза тапқаннан бірнеше ай өткен соң, Нүкеновтер отбасы моральдық өтемақы ретінде 2,5 млн доллар талап еткен. Бұл сома Кайрат Кемелов арқылы берілген жазбада көрсетілген делінеді.

    Алайда сотта Кайрат Кемелов жазбаны тапсырғанын растаудан бас тартқан.

    «Егер мұны сотқа жеткізер болсақ, жазбаның берілгенін дәлелдеу керек болады. Сотқа жеткізу керек пе?» деген сұраққа Кайрат: «Мен айта алмаймын, мен қорқамын», — деп жауап бергенін айтты Валихан Бишімбаев.

    Оның сөзінше, Кайрат әлеуметтік желілердегі қысымнан, сын мен айыптаулардан қорыққан, бұл оның жұмысы мен отбасы жағдайына әсер етеді деп қауіптенген.

  • Қуандық Бишімбаевтың ағасы амнистияға ілікті

    Қуандық Бишімбаевтың ағасы амнистияға ілікті

    Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Қуандық Бишімбаевтың ағасы Бақытжан Байжановқа амнистия қолданылды, деп хабарлайды Sona.kz Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ресми дерекке сәйкес, Бақытжан Байжановқа тағайындалған жаза мерзімі қысқартылып, ол енді колонияда 1 жыл 4 ай 17 күн өтейді. Соттың шешімі заңды күшіне енді.

    Еске салсақ, Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал оның ағасы істі жасырып қалғаны үшін бастапқыда 4 жылға сотталған болатын.

  • Бишімбаев ісіндегі прокурор қазақстандықтарға үндеу жасады

    Бишімбаев ісіндегі прокурор қазақстандықтарға үндеу жасады

    Қуандық Бишімбаев ісіндегі прокурор Айжан Аймағанова қазақстандықтарға үндеу жасады. Айжан Аймағанова парақшасында видео жариялап, балалардың жол апатына түсуі туралы жазған.

    — Әрбіріміз өз өмірімізде болып жатқан нәрселерге, әсіресе балаларға қатысты жағдайларға жауаптымыз. Соңғы уақытта балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары, терезеден құлау сияқты қайғылы жағдайлар жиілеп кетті. Бұл бәрімізді бейжай қалдырмауы керек. Астана прокуратурасының парақшасындағы бейнеролик мені ерекше толқытты. Бәлкім менің әріптесім, Арайлым Оразованың бастауымен түсірілгендіктен болар. Бұл видеода-оның ұлдары, дейді Аймағанова.

    Прокурор балаларды қорғап, сақ болуға шақырды. Еске салайық, сәуірдің басында Алматыда жантүршігерлік оқиға болды. Анасының көзінше жүк көлігі баланы басып кетті.  Оқиға Беларусь азаматы басқарған көліктің кесірінен орын алды. Бала оқиға орнында жан тапсырды.

    Видеодан баланың анасы жол жиегінде күтіп тұрғанын, ал баланың жолдан өтіп келе жатқанын көруге болады. Бала анасына қарай жүрмек болғанда, алдынан жолаушылар автобусы кесіп өтеді. Сол сәтте жүк көлігі баланы байқамай басып өткен. Бұл қайғылы оқиға баланың анасының көз алдында болған.

  • Қуандық Бишімбаев алимент дауын сот арқылы шешпек – Адвокат

    Қуандық Бишімбаев алимент дауын сот арқылы шешпек – Адвокат

    Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман Бишімбаевтың балаларға алимент төлеуден бас тартқаны туралы айтқан еді.

    «Былтыр балалардың демалысына да, психологтың қызметтері үшін де ешқандай ақша төленбеді. Бір жарым жыл ішінде әжептәуір ақша жиналып қалды. Біз оған бірнеше рет жүгіндік. Мен төлеген барлық соманы оның адвокаты Е.Ғазымжановқа жібердім, бірақ олар мұны елемеді. Денсаулық туралы айтпай-ақ қояйын, дәрігерге көрінгеніміз, дәрумендер, дәрі-дәрмектерге кеткен шығын жабылмады. Наурыз айында алимент төленбеді», – деген Назым Қаһарман.

    Ал мәлімдеме жасаған Қ.Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов: «Бұл шындыққа жанаспайды. Назым Қаһарман жалған ақпарат айтқан. Қуандық Бишімбаев ешқашан қарсы болған жоқ. Бірақ ол жағдайына қатысты заң бойынша бұған дейінгі алимент төлеу келісімшартын өзгертіп немесе бұза алады.

    Егер алимент төлеушінің материалдық жағдайы күрт төмендесе бұл мәселені қарастыра алады. Бүгінде оның кірісі айтарлықтай өзгерді. Ал ата-анасы біраз уақыт өз еркімен алимент құнын төлеп келді. Алайда, Назым Қаһарман өте дөрекілік танытып, ата-әжесіне немерелерін қарсы қойып, араластырмауға тырысты. Ол әлеуметтік желіде Бишімбаевтар отбасына қатысты түрлі пікір айтуды, буллинг жасауды жалғастырып келеді.

    Енді Бишімбаевтың ата-анасы немерелеріне төленетін ақшалай көмектің көлемін уақытша өзгертетін болды. Біз Назым Қаһарманға алимент келісімшартын өзгерту туралы немесе бұзу ресми ұсыныс жолдадық. Егер ол қабылдамаса,

    Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман Бишімбаевтың балаларға алимент төлеуден бас тартқаны туралы айтыпты.

    «Былтыр балалардың демалысына да, психологтың қызметтері үшін де ешқандай ақша төленбеді. Бір жарым жыл ішінде әжептәуір ақша жиналып қалды. Біз оған бірнеше рет жүгіндік. Мен төлеген барлық соманы оның адвокаты Е.Ғазымжановқа жібердім, бірақ олар мұны елемеді. Денсаулық туралы айтпай-ақ қояйын, дәрігерге көрінгеніміз, дәрумендер, дәрі-дәрмектерге кеткен шығын жабылмады. Наурыз айында алимент төленбеді», – деген Назым Қаһарман.

    Қ.Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов: «Бұл шындыққа жанаспайды. Назым Қаһарман жалған ақпарат айтқан. Қуандық Бишімбаев ешқашан қарсы болған жоқ. Бірақ ол жағдайына қатысты заң бойынша бұған дейінгі алимент төлеу келісімшартын өзгертіп немесе бұза алады. Егер алимент төлеушінің материалдық жағдайы күрт төмендесе бұл мәселені қарастыра алады. Бүгінде оның кірісі айтарлықтай өзгерді. Ал ата-анасы біраз уақыт өз еркімен алимент құнын төлеп келді. Алайда, Назым Қаһарман өте дөрекілік танытып, ата-әжесіне немерерін қарсы қойып, араластырмауға тырысты. Ол әлеуметтік желіде Бишімбаевтар отбасына қатысты түрлі пікір айтуды, буллинг жасауды жалғастырып келеді. Енді Бишімбаевтың ата-анасы немерелеріне төленетін ақшалай көмектің көлемін уақытша өзгертетін болды. Біз Назым Қаһарманға алимент келісімшартын өзгерту туралы немесе бұзу ресми ұсыныс жолдадық. Егер ол қабылдамаса, Қуандық Бишімбаев алимент дауын сот арқылы шешпек», – деді адвокат Ерлан Ғазымжанов.

    », – деді адвокат Ерлан Ғазымжанов.

  • Қуандық Бишімбаев балаларына алимент төлеуден бас тартты

    Қуандық Бишімбаев балаларына алимент төлеуден бас тартты

    Оның айтуынша, ақша тұрақты түрде түспеген, ал балалардың демалысы, психологқа қаралуы және емдеу шығындары мүлдем жабылмаған.
     
    «Былтыр балалардың демалысына да, психологтың қызметтері үшін де ешқандай ақша төленбеді. Бір жарым жыл ішінде әжептәуір ақша жиналып қалды. Біз оған бірнеше рет жүгіндік. Мен төлеген барлық соманы оның адвокаты Ғазымжанов мырзаға жібердім, бірақ олар мұны елемеді. Денсаулық туралы айтпай-ақ қояйын, дәрігерге көрінгеніміз, дәрумендер, дәрі-дәрмектерге кеткен шығын жабылмады», – дейді Назым Қаһарман. 

    Назым Каһарманның айтуынша, наурыздағы алимент төленбеген. Азды-көпті төлемдер былтыр қараша-желтоқсанда ғана түсе бастаған.

    Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы Bau мейрамханасында экс-министр Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен ұсталған болатын.

    Сот үкімімен Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның туысы Байжанов аса қауіпті қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға сотталды.

  • «Бишімбаевтың айтқандары шындық»: ашулы Байтасов Баталовқа шүйлікті

    «Бишімбаевтың айтқандары шындық»: ашулы Байтасов Баталовқа шүйлікті

    Арман Байтасов парақшасында досы Райымбек Баталовқа қатысты жазба жариялап көпшілікті ойға қалдырды.

    Белгілі кәсіпкер және медиа-магнат Арманжан Байтасов өзінің соңғы мәлімдемесінде қоғам назарын аударды. Ол эмоцияға беріліп Райымбек Баталов туралы желідегі парақшасына жазады. Алайда кейін мүмкің ашуы басылған болуы керек жазбасын алып тастаған.

     «Егер сен үшін ар-ұят жоқ болса, бәрі шындықты білсін» деп жазды.

    Осылай дей келе Байтасов Бишімбаев сотындағы әңгімені еске салады.

    “Бишімбаевтың сотта айтқандары жай ғана сөз емес. Бұл жасыруға келмейтін деректер”- деді Байтасов.

    Қос кәсіпкердің арасында қандай қара мысық жүгіріп өткен әзірге белгісіз.

    Арада бір күн өткеннен кейін Арманжан Байтасов Райымбек Баталовпен жанжалдасып, жазба жариялағаны туралы ақпаратты жалған деп атады. Ол Баталовпен 30 жылдан бері араласатынын, уақыт ішінде араларында ешқандай келіспеушілік те, оған себеп те болмағанын жазды.

  • Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтың үстінен тағы шағым түсірді

    Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтың үстінен тағы шағым түсірді

    Сот кабинетіндегі мәліметке сүйенсек Айтбек Амангелді бұл жолы арызды Жоғарғы сотқа берген.

    Айта кетейік, былтыр тамызда Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевты сотқа беріп, 1,5 млрд теңге моральдық өтемақы талап еткен болатын.

    Қыркүйекте сот Бишімбаевтан 10 млн теңге өндірді. 27 қарашада Астана қалалық соты апелляциялық инстанцияда бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

  • Бишімбаев түрмеде шахмат пен саксафонды ермек етіп отыр

    Бишімбаев түрмеде шахмат пен саксафонды ермек етіп отыр

    Алайда, бұл ақпараттың жалған екені айтылды.  Бишімбаев Степногорск қаласындағы №5 мекемеде жазасын өтеп жатыр.

    «Біз азаптауға қарсымыз» қоғамдық қозғалысының мүшесі әрі құқық қорғаушы Бауыржан Мусин бұл мекеме бұрын «№90 мекеме» деп аталғанын айтты. Онда әрдайым ерекше қатаң тәртіп сақталып келген, бәрі қатаң режимге сәйкес жүргізіледі. Мусиннің айтуынша, ешкімге артықшылықтар берілмеген.

    «Ол өте талапшыл, мекемеде ешқашан ешкімнің телефоны табылған емес. Оның үстіне, байланыс та ұстамайды, өйткені түрме қала сыртында ЖЭО маңында орналасқан», – деп мәлімдеген құқық қорғаушы.
    Оның айтуынша, №5 мекеме типтік ғимарат әрі ескі.

    «Барлық жерде бірдей жағдай. Ұйықтайтын бөлмелер, жуыну орындары, дәретхана, киім кептіретін бөлме және гардероб бар. Сондай-ақ, тәрбиелік жұмыстар жүргізуге арналған бөлме бар. Сотталғандар тамақтанатын және азық-түліктерін сақтайтын асхана да қарастырылыпты. Әр бөлімде тоңазытқыш бар, жуыну бөлмесі, кір жуатын орын да бар, онда олар киімдерін жууға тапсырады. Сонымен қатар, сотталғандар арнайы киім киеді, аяқ киімдері қоса беріледі», – деді ол.

    Бишімбаевқа бұған дейін ата-анасы мен адвокаты Ерлан Ғазымжанов келген. Егер экс-министр алдағы уақытта ережелерді бұзбайтын болса, онда оған сәлемдемелер санын және кездесу мүмкіндігін арттыру түріндегі ынталандырулар беріледі екен. Стандартты жағдайда жылына төрт сәлемдеме жіберуге рұқсат етіледі.

    «Олардың өмірі күн сайын қайталанады. Бос уақыттарында олар өз хоббилерімен айналысуға рұқсат алады. Менің білуімше, ол музыкамен айналысады әрі шахмат ойнайды. Сондай-ақ, саксафонда да ойнайтынын білеміз. Оларда музыкалық топ құрылып, дайындық өткізуде», – деді Бауыржан Мусин.

    Қоңырауларға келер болсақ, аптасына бір рет рұқсат етілген. Әр адамға жақындарымен таксофон арқылы 15 минут сөйлесуге уақыт беріледі. Степногорск түрмесінде сотталғандар аптасына бір рет дүкенге барып, 3 АЕК-ке дейін (11 076 теңге) азық-түлік сатып ала алады.

    Қуандық Бишімбаев әлі күнге дейін жұмысқа орналаспаған. Алайда, құқық қорғаушының айтуынша, Қазақстанда тек 30-40% сотталғандар ғана табыс табады. Бұл түрменің қауіпсіздік деңгейіне және оның аумағында немесе жанында өндірістің бар-жоғына байланысты. Мысалы, егер минималды қауіпсіздік режиміндегі колония болса, жағдай жеңілдеу болады. Сотталғандар түрлі мамандықтар бойынша оқудан өтіп, біліктілік ала алады.

    «Жұмысқа орналастыру – бұл тәрбиелеу әдісі. Осылайша, күндер тез өтеді, сотталғандар жалақы алады, бұл оларға егер қарыздары болса, оны өтеуге көмектеседі. Сонымен қатар, олар туыстарына көмектесіп, ақша жібере алады. Бірақ Бишімбаевқа келетін болсақ, мұндай мәселе жоқ», – деді Бауыржан Мусин.

     

  • «Бишімбаев колониядан қашып кетті»

    «Бишімбаев колониядан қашып кетті»

    Әлеуметтік желіде әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың колониядан қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түсініктеме берді. Комитеттің хабарлауынша, бұл ақпарат – жалған.

    «Әлеуметтік желілерде сотталған Қ. Бишімбаевтың колониядан қашқаны туралы жалған ақпарат таратылуда. Бұл сотталған адам жазасын барынша қауіпсіздік мекемесінде өтеп жатыр», – делінген хабарламада.

    ҚАЖ комитеті қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

    «Осы жалған ақпаратты таратуға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын және кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз», – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

  • Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысқан прокурорлар марапатталды

    Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысқан прокурорлар марапатталды

    Қуандық Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушылар – Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков  Республика күніне орай марапаттарға ие болды, — деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

    Ұлттық мереке қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар прокурорлардың заңдылықты және құқық тәртібін нығайтудағы еңбегі мемлекеттік наградалармен атап өтілді. Сондай-ақ, Бас Прокурордың бұйрығымен қызметтік борышын үлгілі орындағаны үшін прокуратураның ерекше көзге түскен қызметкерлері мен жұмыскерлері ведомстволық медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

    Қадағалау органы мәліметінше, бас прокурордың ұсынысы бойынша Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Аймағанова мен Нұрбеков «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.