Метка: Қуандық Бишімбаев

  • Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берген әйел сотқа тартылды

    Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берген әйел сотқа тартылды

    Астанада Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін 100 млн теңге сұраған әйелге қатысты сот процесі өтіп жатыр.

    Бұған дейін Антикор Бишімбаевтың «үкімін жеңілдету» сылтауымен 100 млн теңге жымқырды деген күдік бойынша астаналық әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

    Тергеу Қуандық Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша жүргізілген.

    Іс сотқа қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы – 24-бабы 3-бөлігі және 367-бабы 4-бөлігі – 28-бабы 4-бөлігі бойынша түскен.

    17 қазанда Людмила Грачеваның ісі бойынша жарыссөз басталды. Мемлекеттік айыптаушы оны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

    Бұған дейін Қуандық Бишібаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов экс-министрдің отбасынан 100 млн теңге сұраған әйел туралы айтты. Адвокаттың айтуынша, әйелге 100 млн теңге жалған ақша берілген. Ол сол сәтте ұсталған.

  • Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оны әкелік құқығынан айырмақ

    Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оны әкелік құқығынан айырмақ

    Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман оны ата-аналық құқығынан айырғысы келеді.

    Назымның айтуынша Қуандық Бишімбаевты ата-аналық құқығынан айыру үшін арыз берген. Бірақ сот бас тартыпты. Себебі Салтанат Нүкенова Қуандықтың заңды әйелі болған жоқ. Демек Бишімбаев туысқанын немесе өз отбасының мүшесін өлтірген жоқ.

    Сондай-ақ Назым Қаһарман балаларының фамилиясын да ауыстырмақ болған, бірақ одан да бас тартыпты.

    «Өкінішке қарай қазір мен шындықты айтуға мәжбүрмін. Себебі көмек сұрағым келеді. Менің ойымша соттың бас тартуы – әділетсіз. Мен мұнда қоғамға, Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа жүгініп отырмын. Олардың назарын аударғым келеді», — деді Назым.

  • Бишімбаевқа лайықты бос жұмыс орны жоқ па?

    Бишімбаевқа лайықты бос жұмыс орны жоқ па?

    Сотталған экс-шенеунік жұмысқа орналаспаған. Азаматтық жұбайын өлтіргені үшін сотталған Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев колонияда жұмыс істемейді. Бұл туралы қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.

    «Сотталған адам жазасын қауіпсіздік максималды мекемеде өтейді. Бос жұмыс орындарының болмауына байланысты ол жұмысқа орналаспады», – деді ҚАЖК.

    Ведомство Бишімбаевтың күн тәртібі осындай мекемелердің ішкі тәртіп ережелерінің талаптарына сәйкес сақталатынын атап өтті.