Метка: Қылмыстық іс

  • Мектепте жоқ қызметкерлерге 213 млн теңге жалақы төленген

    Мектепте жоқ қызметкерлерге 213 млн теңге жалақы төленген

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров білім саласындағы жемқорлықты айтты.  2023 жылдың басынан бері осы салада барлығы 287 қылмыстық іс тіркелген.

    «Жымқырудың ең көп сомасы Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстарында және Алматы қаласында анықталды. Қылмыс жасауда 386 адам әшкереленді, оның ішінде 207 адам сотталып, түрлі жазалау шараларына сотталды», – дейді Бегайдаров.

    Ол Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жаңақорған ауданының білім бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты іс жайлы айтты. Оған және оның қарамағындағыларға — бас бухгалтер мен бас экономистке, сондай-ақ 24 мектеп бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

    «Олар мектептерде іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақы түрімен аудару арқылы 213 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырған деп айыпталды. Бұдан басқа, Білім бөлімінің бас бухгалтері қылмыстық жолмен алынған 6,5 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатты заңдастырды деп айыпталды.Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді. Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тараз қаласы Политехникалық колледжінің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша талапкерге жалпы білім беру грантын беруге көмектескені үшін пара алды деп айыпталып отыр», – дейлі ол.

    Қазіргі уақытта қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды.

  • ІІМ басшысы Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі өз бақылауына алды

    ІІМ басшысы Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі өз бақылауына алды

    «Алматы облысының Талғар ауданында орын алған кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты мән-жайлар менің жеке бақылауымда. Оқиға орнында бірінші орынбасарымның басшылығымен ІІМ қызметкерлерінен құралған топ жұмыс істеуде. Кінәлілер тиісті жазасын алады», делінген жазбада.

    Бұған дейін 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда бір топ жастар арасында болған өзара келіспеушілік төбелеске ұласқаны хабарланған болатын. Төбелес салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға түсті, бірақ олардың бірі алған жарақаты салдарынан жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Кейін полиция Талғардағы тәртіпсіздікке қатысушыларды ұстаған сәттерінің видеосын жариялады.

  • Алматыда әйелін пышақтап өлтірген экс-күйеуі 15 жылға сотталды

    Алматыда әйелін пышақтап өлтірген экс-күйеуі 15 жылға сотталды

    Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Әл-Бейне Зарипованың күйеуіне сот шешімі шықты. Әйелін пышақтап өлтірген экс-күйеуі жәбірленушінің шотынан ақша аударып алған.

     «Сот үкімімен З. Кінәлі деп танылып, оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталған азаматтан «С» ЖШС-ң пайдасына 4 700 000 теңге материалдық залал, сонымен қатар, бес жәбірленушінің пайдасына 20  000 000 теңге моральдық шығын өндірілді», — делінген соттың хабарламасында.

    Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

  • Қостанайда үйі жоқтардың мекемесін басқарған басшының ісі сотқа жолданды

    Қостанайда үйі жоқтардың мекемесін басқарған басшының ісі сотқа жолданды

    Қостанай облысының прокуратурасы Бюджет қаражатын жымқыру туралы іс сотқа жолданды.

    «Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде Қостанай облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жымқыру туралы қылмыстық іс бойынша айыптау актісін жасады.
    Тергеу барысында 2017 жылдың қазан айынан 2024 жылдың тамыз айына дейінгі кезеңде «Қостанай қалалық тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамдарды әртүрлі лауазымдарға жалған жұмысқа орналастырғаны анықталды», — делінген Қостанай облысы прокуратурасының хабарламасында.

    Ведомствоның ақпаратына сәйкес,  жұмыспен қамтылғандар жұмыс орындарына іс жүзінде келмеген, функционалдық міндеттерін орындамаған, ал басшы олардың шоттарына жалақы түрінде түскен ақшалай қаражатты иемденген.

    Күдіктінің заңсыз әрекеті нәтижесінде мемлекетке 11 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

    Оның әрекеті қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1), 2) тармақшасы бойынша сараланған (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi адамға теңестiрiлген адамның сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi қызмет бабын пайдалана отырып, iрi мөлшерде жымқыруы).

    Жоғарыда көрсетілген баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Қылмыстық істі Қостанай қаласының № 2 соты қарайды.

  • Жаппай улану:мектеп асханасының 7 қызметкерінен жұқпалы ауру анықталды

    Жаппай улану:мектеп асханасының 7 қызметкерінен жұқпалы ауру анықталды

    Маңғыстауда оқушылар жаппай тамақтан уланған мектеп асханасының 7 қызметкерінен жұқпалы ауру анықталды.

    Еске салайық, өткен аптада Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылында №8 жалпы білім беру мектебінің 466 оқушысы тағамнан уланып қалған еді.

    https://sona.kz/kk/mangystawlyq-43-oqwshy-awrwhanadan-shyqty-5278/ 100-ге жуық бала ауруханада емделіп, үйлеріне шықты. Мамандар асханадағы дайын тамақ өнімдерінен, су және асхана қызметкерлерінен бактериологиялық тексеруге сынамалар алған. Нәтижесінде картоп езбесі, құс етінен әзірленген котлет және соус пен компоттан патогенді бактериялар анықталған.

    Ыдыстардан ішек таяқшалары табылды. Сондай-ақ 6 адамның стафилокок жұқтырғаны, ыдыс жуушы әрі оқушыларға ас таратқан қызметкердің дизентерия бактериясын тасымалдаушы екені белгілі болды. Бұған қоса, 4 қызметкердің медициналық құжаты жалған болып шықты. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.