Метка: Шерзат соты

  • Шерзат ісі: Куәгерлер қансырап жатқан жәбірленушіні көргенін айтты

    Шерзат ісі: Куәгерлер қансырап жатқан жәбірленушіні көргенін айтты

    Куәлік бергендердің қатарында Арлан Құсайынов, Данияр және Дарын Жанболатұлы, Сәкен Әкежанов, Дәулет Мұхамедұлы мен Әділхан Рузиев бар.

    Сәкен Әкежанов терезеден жерде жатқан баланы бірнеше жігіттің тепкілеп жатқанын көріп, жедел жәрдем шақырған. Ал Данияр Жанболатұлы оқиға орнында бір жігіттің басынан қан ағып тұрғанын айтса, Арлан Құсайынов атыс туралы анасы ескерткен соң барғанын жеткізді. Екеуі де алғашқыда болған жағдайды түсінбеген, тек төбелес шығар деп ойлаған.

    Куәгерлердің сөзінше, олар қарудың оғын, қан іздерін, жарақат алғандарды көрген. Бірақ күдіктілер мен жәбірленушілерді танымайтындарын айтты. Судья бейнежазбаның авторын анықтау бойынша тексеріс жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Іс бойынша негізгі айғақтар — 3 пышақ пен 1 мылтық.

  • Шерзатты пышақтаған күні келген полицей күдіктінің сыныптасы болып шықты

    Шерзатты пышақтаған күні келген полицей күдіктінің сыныптасы болып шықты

    Шерзат ісінде түске дейінгі 1-бөлімінде сотталушылардың бірінің сыныптасы, Талғар ауданы полиция басқармасының рота патрульдік полиция қызметкері Жәнібек Әмірақын іске куәгер ретінде қатысты.

    Соттың қойған сұрағына ол «біреуін, Дархан Әскентайды танимын» деп жауап берді, Ержан Жанұзақовтың «Қашаннан бері?» дегеніне, «Бір мектепте оқығанбыз» деді. «Бір сыныпта?» деп тағы сұрақ қойды сот. «Әрине» деп нақтылады Жәнібек Әмірақын.

    Одан кейін мемлекеттік айыптаушының сұрақтарынан соң ол оқиға болған күнді есіне түсіріп көрді.

    – 4 қазан күні 12:42 шамасында Жедел кезекшінің нұсқауы бойынша «Талғар қаласы, Менделеев көшесінде төбелес болып жатыр» деген хабарлама түсті. Сол жерге 7-8 минут аралығында бардым. Барғанымда бір топ адамды көрдім, сөйлестім. Басында жердегі қанды көрдім. Адамдар «бір бала пышақталған, оны әкесі емханаға алып кетті» деді. Бәрін кезекші бөлімге хабарладым. Кейін күдікті автокөліктерді тауып, кезекшіге хабарластық. Сол кезде бір жігітті байқадық, оны әріптесім екеуіміз ұстадық. Ол «иә, мен Менделеев көшесінде болдым, төбелеске қатысым бар» деді. Ол Дархан Әскентай болып шықты. Дархан сыныптасым болса да, бірден танымадым, себебі көзі ісіп кеткен, тау жақта жарықшам жоқ, қараңғы болды. Ішімдіктің иісі сезілді, – деді Жәнібек Әмірақын.

  • Шерзат ісі: сотта екінші куәгер қыз оқиға кезіндегі жағдайды баяндады

    Шерзат ісі: сотта екінші куәгер қыз оқиға кезіндегі жағдайды баяндады

    Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысы өтіп жатыр.

    Сот отырысында былтыр 3-інен 4-ші қазанға қараған түні оқиға орнында болған куәгер Дана Жақсыгелді сөз сөйледі. Ол оқиға қалай болғанын баяндады.

    Оның айтуынша, Равиль Сәкиевтің шақыруымен куәгер Эльмира Нұрбековамен бірге мейрамханаға барған. Онда айыпталушылардың бірнешеуі болған.

    “Үйге қайтамыз дегенде «апарып тастаймыз, бірақ жолда дүкенге кірейік» деді. Бізде де темекі бітіп қалған еді. Сөйтіп дүкен алдында бір топ адам тұрды. Кейін біз дүкенге темекі алуға кірдік. Бірақ бізге «сатпаймы» деді. Сосын біз шықтық, сол кезде ерегес басталып кетті. Мен көліктің артына кеттім. Сол кезде атыс басталды. Сұр киім киген сақалды жігіт бірінші аспанға, сосын екі рет бізге қарай оқ атты. Кейін төбелес көшенің арғы бетіне кетіп қалды. Мен көліктің ішінде отырып, 5 минуттан кейін шығып ұлдарға «қайтайық» деп айқайладым. Ол кезде ешкім естіген жоқ. Қайтып көлікке отырдым. Төбелес не үшін басталғанын білмедім”, – деді Дана Жақсыгелді.

    Прокурор куәгерден «102», «103»-ке неліктен хабарласпағанын сұрады.

    “Ондай ойымда болған жоқ. Бір жағынан мылтықты өмірімде бірінші рет көрдім. Содан кейін қорқып, көлікте отырып қалдым. Өз өмірі үшін қорықтым”, – деді ол.

  • «Әділдік орнасын»: Шерзаттың әкесі кінәлілер жауапқа тартылуын талап етті

    «Әділдік орнасын»: Шерзаттың әкесі кінәлілер жауапқа тартылуын талап етті

    Сот залында сөйлеген марқұм Шерзат Полаттың әкесі Каржаубай Нурымов кәмелетке толмаған айыпталушыға өкпесі жоқ екенін айтты. Дегенмен ұлының қазасына себеп болғандар әділ жаза алуы қажет дейді.

    «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Әділетті Қазақстан” деді. Мен тек әділ шешім күтемін. Ешкімге жала жаппаймын, ақша да керек емес. Тек отбасымды мазаламаңыздар. Егер айтатындарыңыз болса, өз сөзіме, әрекетіме жауап берем. Бірақ баламның қанын төккендер міндетті түрде жауап беруі керек», – деді ол.