Метка: Шымкент

  • Шымкентте 15 жастағы қызға зорлық көрсету ісі бойынша күдікті қамауға алынды

    Шымкентте 15 жастағы қызға зорлық көрсету ісі бойынша күдікті қамауға алынды

    Шымкент қаласының Полиция департаменті кәмелетке толмаған қыздың бірнеше жыл бойы туған әкесінен зорлық көргені туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Sona.kz  Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

    Полицияның мәліметінше, арыз түскен бойда қылмыстық іс тіркеліп, күдікті қолға түсті.

    «Шымкент полициясы кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлау дерегі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Күдікті тұлға дереу ұсталып, сот қаулысы негізінде қамауға алынды», – делінген ведомствоның ресми жауабында.

    Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Тәртіп сақшылары арызданушы мен жәбірленушінің уәждеріне сәйкес дәлелдер жинауда.

    Полиция қыз баланы әкесінің інісі де зорлағаны және оның түсік жасағаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

    «Жәбірленушінің жауабына сәйкес, оған қатысты өзге тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттері расталмады. Жүктілік пен жасанды түсік тастау туралы мәлімет шындыққа сәйкес келмейді», – деп мәлімдеді ПД.

    Тергеу қорытындылары бойынша қосымша ақпарат қылмыстық іс жүргізу нормаларына сәйкес ұсынылады.

  • Шымкент прокурорлары жалақы қарыздарын өндіріп берді

    Шымкент прокурорлары жалақы қарыздарын өндіріп берді

    Шымкент қаласы прокуратурасы банкроттық рәсімінен өтіп жатқан бірқатар кәсіпорындарда еңбеккерлерге жалақы қарызын өтеу бойынша заң талаптарының сақталмағанын анықтады. Жалпы берешек сомасы 86,3 млн теңгені құрап, 68 қызметкерге қатысты болды.

    Прокурорлық қадағалау нәтижесінде бір заңды тұлғаның басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол екі жылдан астам уақыт бойы банкроттық басқарушысына Lexus LX 570 маркалы автокөлікті тапсырмаған. Бұл әрекет ӘҚБтК-нің 176-бабы 1-бөлігі бойынша бағаланып, 550 480 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

    Сонымен қатар ТОО «Конти-Строй» банкроттық басқарушысы да жауапкершілікке тартылды. Ол кредиторлардың талаптарын орындамай, сегіз автокөлікті сатуды созу арқылы 22 қызметкерге тиесілі 26,1 млн теңге жалақы қарызын өтеуді кешіктірген. ӘҚБтК-нің 179-бабы 23-бөлігі бойынша оған 82 572 теңге айыппұл белгіленді.

    Бұдан бөлек, прокуратура анықталған бірқатар заңбұзушылықтарды жойды. Атап айтқанда, ТОО «Улан-Сервис» екі қызметкерге 5,4 млн теңге жалақы қарызын өтеді, ал кредиторлар талаптарының тізілімдері типтік нысанға сәйкестендіріліп, интернет-ресурста жаңартылды.

  • Қазақстанда 4 желтоқсанда жер сілкінісі тіркелді: зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ

    Қазақстанда 4 желтоқсанда жер сілкінісі тіркелді: зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ

    Шымкентте 26 жастағы Диана Оңғарбаеваны өлтірді деп айыпталған 11-сынып оқушысына сот үкімі жарияланды. Қайғылы оқиға 21 шілдеде болған. Үй тазалап қосымша табыс табуға кеткен әйел сол күні үйіне оралмаған. Оны туыстары он күн бойы іздеп, ақыры мәйіті қоқыс жәшігі маңынан пакетке оралған күйде табылған, деп хабарлайды Sona.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

    Тергеу материалдарына сәйкес, жұмысқа шақырған жасөспірім марқұмға 25 рет пышақ сұғып, ауыр қылмыс жасаған. Кейін ол қылмыстың ізін жасыру мақсатында әйелдің денесін түн ішінде қоқыс маңына апарып тастаған.

    Сотта жасөспірімнің қылмысты жалғыз өзі жасағаны айтылды. Тергеу деректері қылмыстың қасақана жасалғанын және айыпталушының оны жасыруға тырысқанын дәлелдейді. Прокуратура кәмелетке толмағандарға қатысты заң нормаларын ескере отырып, жаза тағайындауды сұраған.

    Сот үкімі бойынша оқушы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жасөспірімдерге арналған арнайы түзету мекемесінде өтейді. Судья жаза көлемінің заңмен шектелетінін атап өтті.

    Марқұмның жақындары үкіммен келіспейтінін мәлімдеді. Олардың айтуынша, бұл жаза жасалған қылмыстың ауырлығына сай келмейді. Туыстары үкімді тым жеңіл деп бағалап, шағым түсіруге ниетті.

    Қорғаушы тарап пен прокурордың қосымша түсініктемелері апелляциялық шағым қарала бастағаннан кейін белгілі болады. Қылмыстық іс бойынша апелляция жақын күндері беріледі деп күтіледі.

  • Шымкентте батыл тұрғындар биіктікте тұрған қызды құлап кетуден құтқарды

    Шымкентте батыл тұрғындар биіктікте тұрған қызды құлап кетуден құтқарды

    Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі көпқабатты үйдің жоғарғы қабатында сыртқы парапетте тұрған қыздың видеосы тарады. Қырағылық танытқан тұрғындар оның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Видеодан қыздың тар парапетке шығып, терезенің сыртында тұрғанын көруге болады. Сосын көрші пәтердің терезесінен еңкейген ер адам онымен сөйлесуге тырысып, қолынан тартады. Алайда қыз қарсы болып, көмектен бас тартуға тырысқан.

    Осы кезде тағы бір жас жігіт көрші терезеден сыртқа шығып, парапетпен қыз тұрған жерге жақындайды. Екі азамат бірігіп, қызды пәтердің ішіне қарай сүйреп алып кірген.

    Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 20 қараша күні «Модерн сити» тұрғын үй кешенінде болған.

    «12 қабатты үйдің сегізінші қабатында әйел азаматша суицидке әрекет жасамақ болды. Оқиға орнына құтқару қызметтері 09:52-де жетті. Алайда оқиғаны бірінші болып байқап, оның құлап кетуіне жол бермеген — пәтерге кіріп үлгерген тұрғындар», — деді ведомствода.

    Бұған дейін Астанада да «Алмалы» ТҮК-інде парапетке шыққан қызды тұрғындар құтқарып қалған еді. Оқиға видеоға түсірілген.

  • В Шымкенте очевидцы рискуя жизнью спасли девушку, стоявшую на высоте

    В Шымкенте очевидцы рискуя жизнью спасли девушку, стоявшую на высоте

    В социальных сетях распространилось видео, на котором девушка стоит на наружной стороне parapета верхнего этажа многоэтажного дома в Шымкенте. Благодаря оперативным действиям очевидцев трагедии удалось избежать, передаёт Sona.kz со ссылкой на Tengrinews.kz.

    Опасный момент

    На кадрах видно, как девушка стоит за окном с внешней стороны, удерживаясь на узком парапете. Один из мужчин, высунувшись из соседнего окна, пытается поговорить с ней и тянет её за руку. Однако девушка сопротивляется и пытается вырваться.

    В этот момент второй молодой человек выбирается наружу через другое окно и приближается к ней по парапету. Совместными усилиями очевидцам удалось силой затянуть девушку обратно в квартиру.

    Как сообщили в Департаменте по чрезвычайным ситуациям Шымкента, происшествие случилось утром 20 ноября в жилом комплексе «Модерн сити».

    «На восьмом этаже 12-этажного дома женщина пыталась совершить суицид. Экстренные службы прибыли на место в 09:52. До их приезда ситуацию первыми заметили неравнодушные граждане, которые проникли в квартиру и предотвратили её падение», — уточнили в ведомстве.

  • Шымкентте блогер шенеуніктен 10 млн теңге бопсалағаны үшін ұсталды

    Шымкентте блогер шенеуніктен 10 млн теңге бопсалағаны үшін ұсталды

    Шымкент қаласында блогер акимат қызметкерінен 10 миллион теңге талап етті деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Тергеу мәліметінше, күдікті мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтіретін материалдарды жариялаймын деп қорқытып, ақша сұраған. Ол ақпаратты таратпау үшін 10 миллион теңге “сыйақы” талап еткен.

    Тінту кезінде оның үйінен электрондық құрылғылар мен дәлел болатын құжаттар тәркіленді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр, іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

    Полиция өкілдері мұндай әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабына (“Бопсалау”) сәйкес келетініне назар аударды. Бұл бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Белгілі болғандай, ұсталған блогер бұған дейін де мемлекеттік органдар қызметін сынаған жазбалар жариялап келген. Тергеу оның өз жазбаларын қысым жасау құралы ретінде пайдаланған-пайдаланбағанын анықтауда.

  • Шымкентте 141 млн теңгелік «қылмыстық-схемамен» айналысқан топ ұсталды

    Шымкентте 141 млн теңгелік «қылмыстық-схемамен» айналысқан топ ұсталды

    Шымкент қаласында интернет-алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Төрт күдікті — ұйымдастырушыдан бастап ақша тасымалдаушыға дейін қамауға алынды, деп хабарлайды Sona.kz Policia.kz-ке сілтеме жасап.

    Полицияның мәліметінше, қылмыстық схема Шымкент, Алматы және Алматы облысын қамтыған. Тергеу барысында күдіктілердің тоғыз дерекке қатысы бар екені анықталды. Келтірілген жалпы залал көлемі 141 млн теңгеден асты.

    «Ұсталғандардың арасында — ұрланған қаржыны бақылаған ұйымдастырушы, дропперлерді іздеп, тартумен айналысқан екі дроповод және ақшаны жеткізуші бар», — деп мәлімдеді департаменттен.

    Дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да істерге қатыстылығы тексеріліп жатыр.

    Полиция еске салды: 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда банктік шоттар мен төлем құралдарына заңсыз қол жеткізу, сондай-ақ заңсыз аударымдар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген.

  • Шымкентте әйел өзгенің жүктілігін заңсыз рәсімдеп, 22 млн теңге алған

    Шымкентте әйел өзгенің жүктілігін заңсыз рәсімдеп, 22 млн теңге алған

    Шымкентте 29 жастағы әйел жүктілік пен босануға байланысты жәрдемақыны заңсыз алу ісінде кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Тергеу мәліметінше, ол 2024 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін 21 жүкті әйелді заңсыз тіркеген. Ол үшін олардың деректері мен 40 кәсіпкердің цифрлық қолтаңбасын пайдаланған. Осылайша мемлекет қорына 21,8 млн теңге көлемінде шығын келтірген.

    Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындады. Алынған қаражаттың бір бөлігін пәтердің алғашқы жарнасына жұмсаған. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры әйелді кешіргенімен, сот заңды бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатылмайтынын атап өтті.

    Сот үкімі бойынша ол ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және 218-бабы 1-бөлігі («Алаяқтық» және «Қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру») бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, жаза 3 жылға қысқартылды.

    Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сонымен бірге әйелден 22 млн теңгеге жуық материалдық шығын өндіріледі.

    ? Айта кетейік, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі жүктілік пен босануға байланысты жәрдемақыны заңсыз алу бойынша ауқымды схемаларды анықтаған болатын. Залал сомасы 1,2 млрд теңге, 13 қылмыстық іс қозғалған.

  • Шымкентте полицей қызметтік көлігімен әйелді қағып өлтірді

    Шымкентте полицей қызметтік көлігімен әйелді қағып өлтірді

    Шымкентте полиция қызметкерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Құқық қорғау органдарының дерегінше, қайғылы жағдай 28 тамызда Желтоксан көшесінде, Шымкент қалалық полиция департаментінің жанында болған. Әйел адам ағаштардың арасынан жүгіріп шығып, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған.

    Соққы салдарынан ол ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

    «Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жүргізуші жол жүру ережесін бұзбаған, мас күйде болмаған және жылдамдықты асырмаған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады Шымкент ПД өкілдері.

     

  • Шымкент мұнай өңдеу зауытында екі жұмысшы қаза тапты, полиция қылмыстық іс қозғады

    Шымкент мұнай өңдеу зауытында екі жұмысшы қаза тапты, полиция қылмыстық іс қозғады

    26 тамыз күні Шымкент мұнай өңдеу зауытында өндірістік апат тіркелді. Бұл туралы Sona.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Оқиға күндізгі уақытта изоляциялық жұмыстар кезінде болған. Автовышка аударылып, мердігер ұйым — «КРС Астана» компаниясының екі қызметкері қаза тапты.

    Зауытты басқаратын «ПетроКазахстан Ойл Продактс» компаниясы ақпаратты растады. Әкімшілік мәліметінше, өндіріс орны штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Қайғылы жағдайдың себебін арнайы құрылған жұмыс тобы анықтап жатыр.

    Алматы облысының полицейлері еңбекті қорғау ережелерін бұзу бабымен қылмыстық іс қозғады.
    — Тергеу аясында барлық мән-жайлар анықталады. Іс аяқталған соң заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, — деп хабарлады тәртіп сақшылары.

    Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл бап бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.