Кеше үйінен белгісіз бағытқа кетіп, оралмаған әйелді туыстары өз бетімен іздеген. Алайда нәтиже болмаған соң таңертең 112 қызметіне жүгінген. Іздестіру жұмыстарына екі кинологиялық топ жұмылдырылып, зейнеткер елді мекеннен 4 шақырым жерден табылды. Дене қалпы жақсы, медициналық көмекке мұқтаж емес.
Метка: Шымкент
-

Шымкентте блогер ұсталды: мұғалімнен ақша талап еткен
Ол ұстаздан 1,2 млн теңге сұрап, әйтпесе беделіне нұқсан келтіретін ақпарат жариялайтынын айтқан.
Полицейлердің мәліметінше, блогер өз медиалық статусын пайдаланып, қысым көрсеткен. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін де елдің әр өңірінде блогерлердің бопсалау фактілері тіркелген. Мысалы, Таразда – 2,5 млн, Қостанайда – 15 млн, Алматыда – 8 млн теңге талап еткендер ұсталған.
Құзырлы орган тұрғындарды бопсалауға жол бермеуге шақырып, мұндай жағдайда бірден полицияға жүгінуге кеңес береді.
-

Өз анасын өлтірген шымкенттік жазадан босатылды
Шымкентте анасын аса қатыгездікпен өлтірген 31 жастағы Дархан Жолдыбаевқа қатысты сот үкімі шықты.
Шымкент қалалық сотының мәліметіне қарасақ, айыпталушы психикалық аурумен ауырған. Ол 54 жастағы мүгедек анасын ұйықтап жатқан кезде бірнеше жеріне пышақ сұғып өлтірді.
Ресми деректерге қарасақ, 2025 жылдың қаңтар айында психикалық аурумен ауыратын сотталушы анасының бала кезінде ұрысқаны және нағашыларының қолына қалдырып кеткені есіне түсіп, кек алмақ болған. Ұйықтап жатқан жәбірленушіге бірнеше рет пышақ сұғып, оны қасақана өлтірген.
Айыпталушының өзі сотқа қатысқан жоқ. Қазір Алматыдағы арнайы мекемеде ем алып жатыр.
Марқұмның туыстарының айтуынша, үйдегілердің бәрі Дархан Жолдыбаевтан қорқатын. Ол – психиатриялық ауруханада тіркеуде тұрған, бірнеше рет медициналық көмек алған, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам.
Сот-психиатриялық сараптамасы Жолдыбаевтың шизофрениямен ауыратынын анықтады. Алайда марқұмның туыстары оның шын мәнінде ауыр дертке шалдықпағанын, түрмеден құтылу үшін медициналық құжаттарды пайдаланып жүргенін айтып отыр.
Прокурор оны кісі өлтірді деп танып, бірақ қылмыстық жауапкершіліктен босатып, мәжбүрлі емдеуге жіберуді талап етті.
Судья Әбінұр Қарабаевтың түсіндіруінше, іс айыптау актісі бойынша емес, медициналық сипаттағы шараларды қолдану тәртібімен қаралды.
Ақыры сот Жолдыбаевты кісі өлтірді деп таныды, алайда оны түрмеге қамауға шешім шығармады. Айыпталушыға арнайы психиатриялық стационарда қатаң бақылаумен мәжбүрлі емдеу шарасы тағайындалды.
Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.
-

Шымкентте 5G технологиясы бар бейнебақылау жүйесі енгізіліп жатыр
Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы маусым айында пайдалануға берілген конгресс-холл ғимаратымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент тапсырмасына сәйкес бой көтерген бұл көрікті нысан бұқаралық мәдени іс-шаралар өткізуге арналған. Сондай-ақ мұнда қолөнершілердің орталығы мен шеберханалары орналасқан.
Мемлекет басшысы Шымкентте жүзеге асырылып жатқан цифрлық шешімдермен танысты.
«Олардың қатарында отандық «СМЭУ Астана» әзірлемесіне негізделген бағдаршамдарды интеллектуалдық басқару жүйесі, Avtobys цифрлық платформасы бар. Sergek Group және Freedom Telecom компанияларымен бірге FWA 5G технологиясы негізінде жұмыс істейтін, жол қозғалысы мен мен қоғамдық тәртіпке үздіксіз мониторинг жүргізетін сыртқы бейнебақылау және жылдамдығы жоғары интернет жүйесі енгізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
-

Шымкентте есірткі сатып жүрген кәсіби футболшы мен актер ұсталды
Қазақстанның бірнеше өңірінде есірткі қылмысы бойынша бірнеше адам ұсталды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Шымкент қаласында 1,5 кг а-PVP синтетикасымен Орталық Африка азаматы ұсталды. Ол есірткіні Telegram арқылы сатқан.
Күдікті Қазақстанға 2020 жылы табыс табу мақсатында келген. Оның жергілікті футбол командаларының бірінде ойнағаны анықталды.
Сонымен қатар Ақмола облысында 45 жастағы ер адам ұсталды. Оның жол сөмкесінен шамамен 2 кг гашиш табылды. Ол бұрын отандық сериалдардың бірінде қылмыстық топ басшысы ретінде рөл сомдаған.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.
-

Шымкентте салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді
Шымкент қалалық №2 аурухананың перзентханасында 41 жастағы ана табиғи жолмен, ешқандай асқынусыз 6700 грамм салмақтағы сәбиді өмірге әкелді. Бұл – елімізде сирек кездесетін жағдай. Ұл бала отбасындағы алтыншы перзент атанып отыр.
«Қазір ананың да, баланың да жағдайы жақсы. Ең таңғаларлығы – алып баланы анасы өзі босанып, ота да, күрделі араласу да қажет болмады», – делінген Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте жыл басынан бері 6719 сәби дүниеге келген. Оның 3271-і қыз, 3448-і ұл.
-

Шымкентте «Nazira Gold» қаржы пирамидасының қызметі тоқтады
Қаржы мониторинг агенттігінің Шымкенттегі департаменті «Nazira Gold» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.
Агенттік қаржы пирамидасын құрған адамның үйіндегі тінтуді видеоға түсіріп, желіге салған. Зәулім үйдің ішінен бума-бума ақша, алтын және есігінің алдынан бірнеше көлік тәркіленген.
«Өзін зергерлік бұйым сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға салған сомаларынан 20-40% көлемінде ай сайынғы табыс деп уәде берген. Алайда, шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдарынан жүзеге асырылған. Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған. Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 кг алтын бұйым тәркіленген», – деп хабарлайды ҚМА.
Ал, интернеттен «Назира голд» туралы ақпарат іздесеңіз, ең алдымен осы компаниямен аттас компанияның мәліметтері және Назира Бибосынқызы есімді келіншектің әлеуметтік желідегі аккаунты шығады. Назира Бибосынова өзінің аккаунтына Nazira Gold деп жазған және осы компанияның әдемі кештерінен бірнеше видео жүктеген. Кеш қонақтары арасында лоторея ойнатып, көлік таратқан. Кешке Қазақстандағы танымал жұлдыздарды шақырған. Арасында алтын бұйымдардың жарнамасы да бар.
-

Шымкентте 5-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады
Мектеп басшылығының мәліметінше, оқиға баланың өз үйінде болған. Мұндай әрекетке баруына отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін.
Otyrar.kz-тің хабарлауынша, марқұм қаладағы №9 IT лицейінде білім алған. Оқиғаны полиция растады, қазір қылмыстық іс қозғалған.
«Кәмелет жасқа толмаған баланың өлімі жайты бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», – деді Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі
-

110 миллион теңге пара алмақшы болған судья сотталды
Ол алаяқтық, бөтеннің аса ірі мөлшердегі мүлкін жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлады otyrar.kz.
Экс-судья 7 жыл 6 айға сотталды. Сот оны 110 млн. теңге көлемінде қаржы жымқырды деп айыптап, бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сот өз сөзінде, экс-судьяның лауазымына кір келтіргенін және кінәсін мойындамағанын, судья антына адал болмағанын алға тартты.
Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаев: «ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2 тармағымен қарастырылған құқықбұзушылықтармен кінәлі деп танылсын. Оған осы бап бойынша мемлекеттік қызметте судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару қызметінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына айыра отырып, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын!»
Қылмыстық істе 3 айыпталушы бар. Сотталушының бірі танысының әйеліне, оның күйеуіне жеңіл жаза, яғни «бас бостандығынан айырмайтын» жазаны тағайындауға көмектесуге уәде берген. Ол кінәсін мойындады. Сот оған қатысты 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ал іске қатысы бар адвокат 6 жыл 8 ай мерзімге сотталды. Ол енді 7 жыл адвокат болып қызмет ете алмайды.
Әбинұр Қарабаев, Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы: «Сотталушы Д.-ға адвокаттың қызметімен айналысуға 7 жыл мерзімге айыра отырып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. А.-ға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Пара беруге азғыру бойынша тағылған айыппен Д., А. және М. ақталды, өйткені сотталушылар пара берушіні пара беруге азғырмады, ақшаны беруі К.-ның бастамасы бойынша болған«.
Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
-

Шымкентте үшем дүниеге келді
Шымкенттің 22 жастағы тұрғыны Жамиля 2 ұл, 1 қызды дүниеге әкелді. Нәрестелердің салмағы 2 770, 2 410 және 2 095 грамм болды. Бұл – отбасындағы тұңғыш сәбилер.
Дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған. Мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары тарапынан ерекше күтім жасалды. Қазіргі таңда жағдайлары бірқалыпты.
Биылғы алғашқы үшем мен анасын дәрігерлер бүгін перзентханадан салтанатты түрде шығарып салды. Айта кетейік, 2024 жылы Шымкентте 28 936 сәби дүниеге келген – 14 837 ұл бала және 14 099 қыз бала.
