Метка: Шымкент

  • Шымкентте ер адам анасын пышақтап өлтірді

    Шымкентте ер адам анасын пышақтап өлтірді

    Шымкентте 30 жастағы жігіт туған анасын пышақтап өлтірді, – деп хабарлайды KTK арнасы.

    Қанды қылмысқа барған ол, тіпті үйін өртемекші болған. Түтінді көріп көмекке келген көршілеріне де күш көрсетпек болды.

    Көршілерінің айтуынша, күдіктінің психикалық ауытқуы болған. 54 жастағы анасын өлтіруге отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

    Қазір қылмыс болған үй жабық, есігі мөрленген. Жауыздыққа барған күдікті қамауға алынды. Полиция департаменті әзірге «кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындаған.

  • Шымкентте шенеунік 700 млн теңге жымқырып, ұзақ жылға сотталды

    Шымкентте шенеунік 700 млн теңге жымқырып, ұзақ жылға сотталды

    Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының басшысы өзінің қызметтік лауазымын пайдаланып, компания директорымен және құрылтайшысымен алдын ала сөз байласып, ірі көлемде ақша жымқырғаны анықталды.

    Белгілі болғандай, күдіктілер қоқыс жәшіктері, шағын беседкалар, әткеншектер, ойын және тренажер алаңдарын қоса, тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін, материалдардың құнын көтеріп сметалық құжаттар жасаған. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде 700 млн теңгеге жуық мемлекеттік мүлік талан-таражға түскен.

    «Сонымен қатар, ЖШС директоры мен құрылтайшысы декларацияларға жалған мәліметтер енгізу арқылы салық төлеуден жалтарған. Қабылданған шаралар нәтижесінде 194 млн теңгеден астам салық берешегі толық өтелді. Сот үкімімен үш айыпталушы кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – делінген ҚМА хабарламасында.

  • Шымкентте судья тергеуге алынды

    Шымкентте судья тергеуге алынды

    Шымкенттің Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына қатысты тергеу аяқталды, — деп хабарлайды Антикор.

    Агенттік Шымкенттің Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына және басқа да адамдарға қатысты тергеуді аяқтады.

    «Олар алаяқтық жасағандары және үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін сотталушының жұбайын 110 миллион теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталған. Бас прокуратура биылғы 5 желтоқсанда қылмыстық істі сотқа жолдады», — делінген хабарламада.

    Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының ережелеріне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

    Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін, әрбір адам кінәсіз болып саналады.

  • Есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

    Есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

    Шымкентте жедел іс-шаралар кешенін өткізу барысында есірткі өткізумен айналысатын 5 ер адам ұсталды.

    Ақпаратқа сәйкес,  күдіктілердің бірінің үйінде арнайы желдету жүйесімен, жарықдиодты шамдармен, ылғалдылықты өлшеу құралдарымен, желдеткіштермен, термометрлермен және автоматты суару жүйесімен жабдықталған қарасора өсіру бөлмесі анықталған.

    Фитолаборатория жойылып, өсірілген 46 қарасора бұталары мен құрал-жабдықтар тәркіленді. Күдіктілерден 17 доза синтетикалық есірткі және 30 грамнан астам кептірілген марихуана табылып, тәркіленді, – делінген полиция хабарламасында.

    Іс бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

  • Шымкентте заңсыз жүрген 350 азаматтың ісі сотта қаралып жатыр

    Шымкентте заңсыз жүрген 350 азаматтың ісі сотта қаралып жатыр

    Шымкентте қала аумағында заңсыз жүрген 350 азаматтың ісі сотта қаралып жатыр.  Барлығы миграциялық заңнаманы бұзған Өзбекстан азаматтары. Олар Қазақстан аумағында тіркеуге тұрмастан нәпақа тауып жүрген. Заң бойынша келімсектер елдеріне депортацияланады немесе 70 мың мен 90 мың теңгенің арасында айыппұл төлеуге міндеттеледі. Жалпы жыл басынан бері қала аумағында көші-қон заңдылығын бұзған 6 мыңнан астам шетел азаматы анықталған. Олардың ішінде Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтары бар. Олардың 117-і қамауға алынса, тағы 614 азамат ел аумағынан аластатылды. Сондай-ақ келімсектерге қолдау білдірген ел азаматтары да жауапқа тартылған.

    «Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 207 Қазақстан азаматы және шетел азаматтарын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 1 мың 135 әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар шетелдіктердің мәртебесін рәсімдемеген», — деді Шымкент қалалық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бөлім басшысы Жәнібек Мырзалиев.

  • Шымкентте бухгалтер мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды

    Шымкентте бухгалтер мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды

    Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен №96 М.Әуезов атындағы орта мектептің бас бухгалтері сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

    Мекеменің бухгалтері қызметтік жағдайын пайдаланып, ай сайын өзінің есеп шотына белгіленген мөлшерден артық ақша аударып отырған.

    «Барлығы 5 164 921 теңге сомасында аударым жүргізілген.»

  • Референдум: Шымкентте жолаушыларды тегін тасымалдайды

    Референдум: Шымкентте жолаушыларды тегін тасымалдайды

    6 қазанда  Шымкенттегі қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды. Көлік компаниялары бұл күні қала көшелеріне мыңнан астам автобус шығаруды жоспарлап отыр. Олар 80 бағыт бойынша қозғалады. Кестеге сай таңғы сағат 7-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмысын жалғастырады. Референдумға байланысты мегаполисте 344 дауыс беру учаскесі жасақталған. Қала тұрғындарының 660 мыңнан астамы дауыс беру құқығаына ие.

  • Шымкентте үндістандық екі студенттің мәйіті табылды

    Шымкентте үндістандық екі студенттің мәйіті табылды

    Шымкентте жалдамалы пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің денесі табылды. Шетелдіктердің бірі 21-де, екіншісі 22 жаста болған.

    Оtyrar.kz жазғандай, марқұм болғандар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2-курсында оқыған. Олар Әл-Фараби ауданындағы пәтерді үш шетелдік студентпен бірге жалға алып тұрған.

    «Алғашында екі жігіт табиғи газдан уланып қайтыс болуы мүмкін деген болжам жасалған. Себебі пәтер ішінде газбен су жылытқыш және ас үй пеші болған. Бірақ арнайы мамандар газ құрылғысынан ешқандай ақау таппаған. Аталған фактіні қалалық ТЖД растады», делінген дереккөзде.

    Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайтын болады.

  • Шымкентте диспансер басшысы мен есепшісі 2 жылға сотталды

    Шымкентте диспансер басшысы мен есепшісі 2 жылға сотталды

    Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» КММ басшысы И. Долбиловаға және осы ұйымның бухгалтері М. Абдукаримоваға қатысты үкім шығарды.

    «Олар іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу жолымен 3,4 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды», — делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

    Ведомствоның мәліметінше, сот үкімімен басшы мен есепші мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылған.  Оларға  2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

    Сот үкімі заңды күшіне енді.

     

  • ІІМ криминалистері Шымкентте «дропперлерді» әшкереледі

    ІІМ криминалистері Шымкентте «дропперлерді» әшкереледі

    Жәбірленушілердің біріне қаскөйлер әйгілі банктің акционері болуды ұсынып, айласын жүзеге асырған. Әйел көрсетілген шотқа 500 мың теңге аударып, ақшасынан айырылған.

    Екінші жағдайда алаяқтар Instagram-да қымбат телефонды өте төмен бағамен сату туралы хабарландыру жариялаған. Бұған сенген тұрғын оларға 683 мың теңге аударған. Бірақ уәде етілген гаджет жеткізілмеген.

    ІІМ криминалистері заманауи цифрлық технологияларды қолданып, “дропперлерді” анықтап, негізгі күдіктіге шықты. Ұрланған қаражаттың барлығы зардап шеккендерге қайтарылды. Қылмыстық іс қозғалды.

    Сайттар мен ұйымдарды тексеріп алыңыздар. Кез келген күдікті әрекет туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлаңыздар. Қырағылық пен сақтық — кибералаяқтықтан қорғанудың ең тиімді тәсілі, – деп атап өтті ведомствода.