Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы шиеленіскен қақтығысқа қатысты бейтараптық ұстанымын ресми түрде растады. Сыртқы істер вице-министрі Әлібек Бакаев республиканың басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принципін басшылыққа ала отырып, ешбір тарапты жақтамайтынын мәлімдеді.
Дипломаттың айтуынша, Астана Иранды да, шабуылға ұшыраған елдерді де қолдамай, тең қашықтық ұстанымын сақтайды. Қазақстан үшін басты басымдық — шиеленістің одан әрі ушығуына жол бермеу. Ведомство кез келген әскери қақтығыс тоқтатылып, даулар келіссөз үстелінде шешілуі тиіс деген пікірде.
Брифинг барысында қақтығысушы тараптар үшін Қазақстанның келіссөз алаңын ұсыну мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды. Бакаев республиканың күрделі халықаралық дағдарыстарда делдалдық ету тәжірибесі мол екенін және өзін бейбіт процестердің сенімді модераторы ретінде көрсеткенін еске салды.
Қажетті инфрақұрылым мен тәжірибе болғанымен, қазіргі уақытта тараптардан Астанада келіссөздер өткізу туралы ресми өтініштер түскен жоқ. Дегенмен, вице-министр егер үкіметке мұндай сұраныс түссе, Қазақстан оны жедел қарастыруға дайын екенін атап өтті.
Сыртқы саяси ведомство әлемдік қауымдастықты ұстамдылық танытуға шақырады. Қазақстанның ұстанымы халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ Жарғысын сақтауға негізделген, бұл мемлекетаралық қайшылықтарды шешуде күш қолданудан бас тартуды көздейді.
Бұл мәлімдеме аймақтағы қазақстандықтарды эвакуациялау және әуе қатынасындағы іркілістер аясында жасалды. СІМ саяси арақашықтықты сақтай отырып, аймақтағы азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдайды бақылауды жалғастыруда.
Метка: СІМ
-

Ешкімді қолдамаймыз: СІМ Қазақстанның әскери қақтығыстарға қатысты ұстанымын нақтылады
-

Айбек Смадияров – Қазақстан СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы һәм ресми өкілі
Қазақстан СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – Ресми өкілі ретінде Айбек Смадияров тағайындалды.
Айбек Смадияров 1983 жылғы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы «Қазақстандағы Қытай банкі» АҚ Административтік департаментінің маманы ретінде бастаған. 2006 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы ретінде қызмет атқарды.
2008-2010 жылдары ҚР СІМ Еуропа департаментінің атташесі және үшінші хатшысы лауазымдарында жұмыс істеді.
2010-2012 жылдар аралығында Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде үшінші хатшы қызметін атқарды.
2012 жылдан 2013 жылға дейін ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде сарапшы, ал 2013-2014 жылдары ҚР СІМ Сыртқы саяси сараптау мен болжамдау комитетінің бірінші хатшысы лауазымын атқарды.
2014 жылдан 2018 жылға дейін Вьетнамдағы ҚР Елшілігінде екінші және бірінші хатшы қызметінде жұмыс істеді.
2018-2019 жылдары ҚР СІМ Баспасөз қызметін басқарып, 2019-2023 жылдар аралығында ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – Баспасөз хатшысы лауазымын атқарды.
ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалғанға дейін 2023 жылғы маусымнан бастап ҚР СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры – Ресми өкілі болды. II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.
-

Қазақстан азаматтары АҚШ-тан емін-еркін шыға алады – СІМ
Атап айтқанда, былтыр АҚШ-та депортацияға жататын мигранттардың арасында 369 қазақстандық туралы ақпарат тараған.
«Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та заңсыз жүрген Қазақстан азаматтары осы елде заңсыз жүргендерін мәлімдеп, АҚШ-тан емін-еркін шыға алатынын ескертті. Салдары болатынын түсіндірген едік», – деді Ә. Бақаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, егер мәжбүрлі депортация болса, онда бұл адамдарға болашақта АҚШ-қа сапарлауға қиынға түседі.
«Әзірге, басқа қандай шаралар қолданылатынын білмеймін, яғни осының бәрі АҚШ-тың мемлекеттік саясаты аясында іске асырылады. Жалпы, шетелден өз еркімен кетуге үнемі рұқсат берілген және солай болып қала береді. Бұл мүмкіндік Қазақстан азаматтары үшін бар. Осы мүмкіндікті пайдаланбайтындар үшін мәжбүрлеп депортациялау тетігі қолданылауы ықтимал», – деп түсіндірді Әлібек Бақаев.
-

Түркіменстанда қазақстандық блогер ұсталды
СІМ баспасөз қызметі Қазақстан азаматын түрікмен шекарашылары ұстағанын хабарлады.
Блогердің Instagram парақшасынан оның саяхаттап жүргені белгілі болды. «Еуро одақ» Алматыдан Абу-Дабиге автостоппен баруды жоспарлаған. Ол кейінгі жазбасын, Самарқанда түскен суретін 17 қарашада жариялаған.
Жазбаның астында блогердің достары мен жазылушылары дабыл қағып, «Қайдасың?» деп сұрақ қойып жатыр.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Құсайыновтың ұсталуына қатысты түсінік берді.
«Оны түрікмен шекарашылары өзбек-түрікмен мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін ұстады. Біздің елшілігіміз бұл мәселеге қатысты, консул ұсталған азаматпен кездесуді сұрады», – деді ол.
-

Израиль, Иран және Ливанда жедел желілер іске қосылды
Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Сыртқы істер министрлігінде, Израиль, Иран және Ливанда жедел желілер іске қосылды. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.
«Бүгінде Қазақстанның консульдығы есебінде Израильде 120 азамат, Иранда 102 азамат және Ливанда 139 азамат тұр. Оның ішінде дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері де бар. Көптеген азаматтың консульдық есепке тұрмайтынын айта кету керек. Осы орайда байланыс орнату және Қазақстан азаматтарының тізімін дайындау біраз уақыт алады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып Қазақстан азаматтарын аталған елдерде консульдық есепке тұруды шақырамыз. Қазіргі уақытта Израиль, Иран және Ливанда тұратын Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса тұрып жатқан жерлерінен шықпауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтіп, сақтық пен қырағылық танытуды сұраймыз», — деді Айбек Смадияров.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Иран сейсенбінің кешінде Израиль аумағына 200-ге жуық зымыран жібергенін хабарлаған болатынбыз. https://sona.kz/kk/iran-izrail-awmagyn-200-ge-zhwyq-zymyranmen-atqylagan-7125/
-

СІМ: Иран, Израиль, Ливандағы қазақстандықтар референдумда дауыс бермейді
ҚР Сыртқы істер министрлігі Иран, Израиль, Ливанда Қазақстанның елшілігі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын мәлім етті. Аталған ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияровтың мәліметінше, осы үш елдегі күрделі ахуалға байланысты референдумның дауыс беру учаскелері жұмыс істемейді. Ондағы қазақстандықтар референдумға дауыс бермейді.
«Соңғы бірнеше айда Таяу Шығыстағы жағдай айтарлықтай шиеленісті. Осыған байланысты Израиль, Иран және Ливандағы қазақстандық дипломаттар күшейтілген жұмыс режимде жұмыс істеп жатыр. Осы елдердегі Қазақстан азаматтарымен байланыс құрылды, олармен тұрақты байланыс бар. Елдегі жағдайға байланысты қажетті ұсыныстар беріледі. Қазақстанның елшіліктері әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты елден кету керектігін бірнеше рет жариялады», — деді Айбек Смадияров.