Иран сейсенбінің кешінде Израиль аумағына 200-ге жуық зымыран жіберген. Ислам республикасының билігі Израильдің тек әскери нысандарына оқ жаудырғанын мәлімдеді. Бұған қоса кең ауқымды соғысты қаламайтынын жеткізді. Ислам революциясы сақшыларының корпусы, Хамас лидері Исмаил Хания мен «Хезболла» лидері Хасан Насралланың өлімі үшін кек алу мақсатында Израильге соққы бергенін мәлімдеді. Ал Израиль кек қайтарған жағдайда, Тегеран жойқын шабуылмен жауап беретінін де ескертті. Иранның ракеталарын Израиль АҚШ-тың эсминец кемелерінің көмегімен атып түсірген. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху Иран Израиль аумағын баллистикалық зымырандармен атқылап, үлкен қате жібергенін және сол үшін жауап беретінін мәлімдеді. Тегеранның шабуылынан кейін Израиль әскерилері «Хезболла»-ның Бейруттегі нысандарына соққы берген.
Халықаралық байқаушы:референдум жоғары деңгейде өтіп жатыр
«Республикалық референдум жоғары деңгейде өтіп жатыр». Астанаға келген шетелдік байқаушылар бүгінгі науқанға осылай баға берді. Олардың айтуларынша,...