Метка: сотталды

  • Астанада полицей бастығына қол көтергені үшін сотталды: Капитан шенінен айырылды

    Астанада полицей бастығына қол көтергені үшін сотталды: Капитан шенінен айырылды

    Астанада екі жоғары лауазымды полицейдің арасындағы жанжал сот үкімімен аяқталды. «Есіл» ауданы жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Әли Әбетаев өз басшысына дене жарақатын салғаны үшін жауапқа тартылды.

    Оқиға 2025 жылдың шілдесінде кальян шегуге тыйым салу бойынша жүргізілген рейд кезінде болған. Тергеу мәліметінше, Әбетаев бастығының телефонға жауап бермегеніне ашуланып, кездесу кезінде оны соққының астына алған. Төбелес барысында ол тіпті қылқындыру әдісін де қолданған. Салдарынан зардап шеккен басшының мұрны сынып, ерні мен маңдайы жарақаттанған.

    Сот шешімі:
    Жаза: 1 жылға бас бостандығын шектеу және 100 сағаттық қоғамдық жұмыс.
    Шен: Әбетаев «полиция капитаны» атағынан айырылды.
    Шығын: Медиация аясында ол жәбірленушіге 3 миллион теңге көлемінде өтемақы төледі.

    Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

  • Астанада TikTok-та “экстрасенс-емші” рөлін ойнаған азамат сотталды

    Астанада TikTok-та “экстрасенс-емші” рөлін ойнаған азамат сотталды

    Астанадағы жас кәсіпкер TikTok-та аккаунт жасап, өзіне “экстрасенс-емші” рөлін беріп, адамдарға ақылы “ем-дәрі” көрсететінін жариялаған.

    Прокуратураның деректері бойынша, ол әлеуметтік желілерден денсаулығында проблемалары бар қызды тауып, оған “сиқырлы көмектесемін” деп уәде етіп, үш адамнан жалпы 5,5 млн теңгеден астам ақша алған.

    Аталған қаражаттың бәрін букмекерлік ойындарға салып, жоғалтқан.

    Сотта ол қылмысын толық мойындап, ақшаның бір бөлігін қайтарған.

    Сот шешімі бойынша жас жігіт 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.

  • Ақтөбеде әйелін қызғанышпен пышақтаған ер адам 3,5 жылға сотталды

    Ақтөбеде әйелін қызғанышпен пышақтаған ер адам 3,5 жылға сотталды

    Ақтөбеде 41 жастағы жұмыссыз ер адам әйеліне пышақ жарақатын салғаны үшін қатаң режимдегі колонияда 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Оқиға ер адам мас күйінде әйелін таңертең көршісінің үйінен тек халатпен шыққанын көрген кезде болған. деп хабарлайды Sona.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

    Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам алдымен әйелінің бетінен ұрған. Қорыққан әйел ас үйдегі пышақты қолына алған, алайда күйеуі пышақты жұлып алып, әйелінің ішіне сұғып жіберген. Жара ішкі ағзаларды зақымдамағанымен, әйел ауруханаға жеткізілді.

    Сондай-ақ ер адамның қызғанышына көршісінің әйелінің киімдері мен кілттерін қайтарып беруі де себеп болған. Сотта көрші екеуі түнде бір бөтелке арақ ішкенін, содан кейін әйел үйіне кеткенін, арасында ешқандай күмәнді жағдай болмағанын растады.

    Сот процесінде айыпталушы жасаған ісіне өкінетінін айтып, әйелінен кешірім сұрады. Әйелі де оны кешіретінін жеткізді. Алайда сот оның қауіпті әрекетін және бірнеше рет сотталғанын ескере отырып, қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеу туралы шешім қабылдады.

  • Алматыда казинодан 4 млн теңге ұтқан ер адам алимент төлемегені үшін бір жылға сотталды

    Алматыда казинодан 4 млн теңге ұтқан ер адам алимент төлемегені үшін бір жылға сотталды

    Алматы қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың алимент алу құқығын қорғау бағытында жұмыстарды жалғастырып жатыр. Биылғы 10 айда қаладағы 16 мың баланың пайдасына 1 млрд теңгеден астам алимент берешегі өндірілген, деп хабарлайды Sona.kz Azattyq.ruhy-на сілтеме жасап.

    Тексеру барысында алимент бойынша 1,7 млн теңгеден астам қарызы бар азамат анықталды. Прокуратураның дерегінше, ол казинодан 4 млн теңгеден астам қаражат ұтқанымен, үш айдан ұзақ уақыт бойы міндеттемелерін әдейі орындамаған.

    Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен борышкер ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

    Прокуратураның бастамасымен биыл 14 адам алимент төлеуден жалтарды деген күдікпен қылмыстық жауапқа тартылған. Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша сот актілерін орындамаған 253 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

    Прокуратура ата-аналарды балалар алдындағы міндеттерін уақытылы орындауға шақырып, алимент төлеуден жалтарудың әкімшілік те, қылмыстық та жауаптылыққа алып келетінін еске салды.

  • Қарағандыда Алика Мұхамадиеваға 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

    Қарағандыда Алика Мұхамадиеваға 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

    Қарағандылық 23 жастағы Алика Мұхамадиева ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін кінәлі деп танылып, 3,5 жылға сотталды.

    Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Жаздың ортасында Мұхамадиеваның Threads желісіндегі пікірлері әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Ол кей жазбаларында Қазақстан мен мұсылмандарға қатысты орынсыз пікір білдірген. Кейін көпшіліктен кешірім сұрап, елден кетуге тырысқан, бірақ ұсталып, шамамен төрт ай тергеу изоляторында болды.

    Қазан айында ҚК 174-бабы 1-бөлігі (“Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру”) бойынша сот процесі басталды. Прокуратура 4,5 жыл сұраған болатын.

    Бүгін өткен соңғы отырыста Мұхамадиева тағы да кешірім сұрап, өкінетінін айтты:
    «Барлығына шын өкінемін. Ең қиыны — қызымнан алыстап қалу. Қазір бәрінен бұрын сонымен бірге болғым келеді», — деді ол көзіне жас алып.

    Сот үкімі бойынша, оған 3,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, бірақ жаза екі жылға кейінге қалдырылды.

  • Қостанайда Freedom Finance экс-директоры 70 млн теңге жымқырғаны үшін 5 жылға сотталды

    Қостанайда Freedom Finance экс-директоры 70 млн теңге жымқырғаны үшін 5 жылға сотталды

    Қостанайда Freedom Finance компаниясының бұрынғы филиал директоры алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

    Тергеу дерегінше, 2023 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың қазанына дейін айыпталушы өзіне бағынышты қызметкерлерді алдап, бонустық төлемдерін бас кеңсенің нұсқауы ретінде өзіне беруге көндірген. Ол осылайша 70 миллион теңгеден астам қаржыны иемденіп, жеке мақсатында жұмсаған.

    Сот оны кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік колониясына 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ ол 7 жыл бойы басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды.

  • Павлодарда екі педофил сотталды: ағайынды жәбірленушілерге өтемақы төленеді

    Павлодарда екі педофил сотталды: ағайынды жәбірленушілерге өтемақы төленеді

    Павлодар облысында 24 және 23 жастағы екі жігіт кәмелетке толмаған ағасы мен қарындасына зорлық-зомбылық көрсеткені үшін сотталды. Сот олардың әрқайсысын ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырып, жәбірленушілерге – ағайынды екі жасөспірімге – 1 млн теңгеден моральдық өтемақы төлеуді міндеттеді.

    Оқиға 2024 жылдың қарашасында белгілі болды. Алдымен полиция 15 жастағы колледж студентінің зорлыққа ұшырауын тергеген. Тергеу барысында оның 16 жастағы ағасы да жәбір көргені анықталды. Күдіктілер қамауға алынып, жасөспірімдер аналарының қасында дағдарыс орталығына орналастырылды.

    Тергеу мәліметінше, негізгі айыпталушы қызды 10 жасынан бастап бірнеше рет зорлаған. 2024 жылдың сәуірінде ол сыбайласымен бірге кәмелетке толмағанды 5 мың теңге үшін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Қыз алғашында күш қолданылғанын, кейін ақшаға келіскенін айтты.

    Сараптама оның ағасының да зорлық көргенін растады. Сот жәбірленушілердің сөзіне толық сенді.

    Сот шешімімен айыпталушылардың бірі 22 жылға, екіншісі 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейді. Сонымен қатар, әрқайсысы жәбірленген ағайындыға 1 млн теңгеден өтемақы төлейтін болды.

    Қазір жасөспірімдер колледжде оқып жатыр, аналары отбасын асырау үшін жұмыс істейді. Жәбірленушілердің өкілі қыздың бастапқыда өтемақы талап етпегенін, бар тілегі – бұл оқиғаны ұмыту екенін айтты.

  • Петропавлда экс-полицей қылмыскермен «достығы» үшін сотталды

    Петропавлда экс-полицей қылмыскермен «достығы» үшін сотталды

    Петропавлда ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына үкім шықты. 36 жастағы Ерболат Қаптаев сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.

    Іс материалдарына сәйкес, Қаптаев қаладағы белгілі рецидивист Руслан Нагумановпен байланыста болған. Тергеу оның қылмыскерден сыйлықтар мен төлемдер алғанын, ал есесіне тінтулер туралы алдын ала хабарлап, қылмыстық жауапкершіліктен құтылуына көмектескенін анықтады.

    Нагуманов былтыр алаяқтық және бұзақылық үшін жеті жылға сотталған. Қаптаев айыбын мойындамай, қарым-қатынас тек қызметтік сипатта болғанын айтты. Дегенмен сот куәгерлердің айғақтары мен жазбаларды дәлел ретінде қабылдады.

    Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

  • Жамбыл облысында әкесіне туған қызына зорлық жасағаны үшін өмір бойына сотталды

    Жамбыл облысында әкесіне туған қызына зорлық жасағаны үшін өмір бойына сотталды

    Жамбыл облысында ер адам туған қызына қатысты қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Оқиға қалай болды?

    Сот деректеріне сүйенсек, 2025 жылдың сәуір айында Қордай ауылында тұратын азамат Ж. алкогольдік мас күйінде 2019 жылы туған туған қызына қатысты зорлық-зомбылық әрекеттер жасаған. Ол баланың дәрменсіз жағдайын пайдаланған.

    Дәлелдер

    Айыпталушының кінәсі сотта толық дәлелденді. Бұған оның өз мойындауы, кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілінің және куәгерлердің айғақтары, сараптама қорытындылары мен іс материалдары негіз болды.

    Тараптардың ұстанымы

    Мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушыға ең қатаң жаза — өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші тарап та оны кешірмейтінін мәлімдеп, заң аясында әділ жазалауды талап етті. Айыпталушы кінәсін толық мойындады.

    Сот шешімі

    ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Сот айыпталушының өкінуін жеңілдететін мән-жай ретінде қабылдады, бірақ ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.

    Сот үкімімен Ж. кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, жәбірленушінің пайдасына 5 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіру туралы шешім шығарылды.

    Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

  • Ернар Жиембай 9 жылға сотталды

    Ернар Жиембай 9 жылға сотталды

    Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша үкім шығарды, Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

    Сот шешімімен Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ және апелляция тәртібімен шағымдануға болады.

    ? Еске сала кетейік, Руслан Берденовке қастандық 2023 жылдың тамызында жасалған болатын. Қала әкімінің орынбасары аман қалып, сотта куәлік берген еді.