Метка: Сыбайлас жемқорлық

  • Алматы облысында колония басшысының орынбасары ұсталды

    Алматы облысында колония басшысының орынбасары ұсталды

    Алматы облысында арнайы прокурорлар мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері №14 түзеу мекемесі басшысының орынбасарын ұстады.

    Ол сыбайлас жемқорлыққа қатысты деген күдікпен тергеуге алынды. Тергеушілердің мәліметінше, колония басшысының орынбасары бірнеше рет пара алған.

    «Қылмыстық іс бойынша барлық деректер анықталуда», деп мәлімдеді Алматы облысының прокуратурасы.
    Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

  • Қызылордада кәсіпкерлік басқармасының бұрынғы басшысы 9 айға  сотталды

    Қызылордада кәсіпкерлік басқармасының бұрынғы басшысы 9 айға сотталды

    Қызылорда қалалық соты облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Д.Әбсаттаровқа қатысты үкім шығарды.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, ол бизнес өкілдеріне ұлының оқуына 1,4 млн теңге сомасында ақы төлеу және құны 6,8 млн теңге дизель отынын беру қажеттігі туралы заңсыз нұсқаулар беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

    Сот Дінмұхаммед Әбсаттаровқа 9 айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Оның өмірбақи мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

     

  • Сыбағаға жалған құжат жасап, субсидия алған үш адам 5 жылға сотталды

    Сыбағаға жалған құжат жасап, субсидия алған үш адам 5 жылға сотталды

    Сыбағаға жалған құжат жасап, субсидия алған үш адам 5 жылға сотталды

    Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалынан несие алу кезіндегі алаяқтық фактілерін Қаржылық мониторинг агенттігі анықтады.

    Тергеу барысында 4 шаруа қожалығының өкілдері жалған құжаттарды пайдалана отырып, асыл тұқымды ІҚМ сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидиялар мен кредиттік қаражатты қолды қылған үш азамат анықталды.
    Құқыққа қайшы әрекеттермен мемлекетке жалпы сомасы 1 млрд теңгеге жуық ірі мөлшерде залал келтірілді.
    Сотқа дейінгі тергеу барысында залал өтелді.

    «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін сот үкімімен үш адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушылардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктері мемлекет пайдасына тәркіленді»,- делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

    Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау аясында Қаржылық мониторинг агенттігі АӨК саласын дамытуға бөлінетін субсидиялар мен кредиттік қаражаттардың орынды жұмсалуына тұрақты түрде мониторинг жүргізуде. Бұл жұмыс адал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған.

    Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «АФМ Insider

  • Түркістанда қазынашылық департаменті 8 млн теңге жымқырған

    Түркістанда қазынашылық департаменті 8 млн теңге жымқырған

    Түркістан облысының прокуратурасы қазынашылық департаментінің қызметінде заң бұзушылықтарды анықтады.

    Тексеру нәтижесінде жұмысшылардың еңбек құқықтарын бұзу, жеке қаржыландыру жоспарын негізсіз қолдау, үнемделген қаражатты басқа бюджеттік бағдарламаларға аудару секілді фактілер анықталды.

    Департаменттің лауазымды тұлғалары «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ есепшілерімен сөзбайласу арқылы қызметкерлердің санын негізсіз ұлғайтып, 8 млн жуық теңгені иемденген.

    Сондай-ақ аталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсыныс енгізді.

  • Маңғыстауда 60 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

    Маңғыстауда 60 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

    Маңғыстау облысында 60 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген. Олар бір емес, бірнеше жылдар бойы оқушыларға сабақ беріп келген. Жалған құжат жасатып, айлық алған 60 мұғалімнің барлығы жұмыстан қуылды. Облыстың білім басқармасы жалған ұстаздарды жұмыстан қуып шектелмеді. Сотқа берді. Осылайша, айлыққа төленген қаражатты мемлекет бюджетіне қайтарып алмақ. Ал, Маңғыстау өңірінде 60 мұғалімнің жалған құжатпен жұмыс істеп жатқанын облыстың білім басқармасы тексеру кезінде анықтаған. Әрі білім ордасына хат жолдап, дипломдарды тексерген.

    «2023-2024 оқу жылдарында тексеру жүргізілді. Заңбұзушылықтың басым көпшілігі Мұнайлы ауданынан және Жаңаөзен қаласынан шықты. Мұнайлда 26, Жаңаөзенде 13 жағдайдан тіркелді», — Маңғыстау облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Бақтыгүл Өмірбекова.

  • 708 млн теңге жымқырған «Балқаш Жылу» серіктесінің бұрынғы орынбасары мен бас есепшісі сотталды

    708 млн теңге жымқырған «Балқаш Жылу» серіктесінің бұрынғы орынбасары мен бас есепшісі сотталды

    708 млн теңге жымқырған «Балқаш Жылу» серіктесінің бұрынғы орынбасары мен бас есепшісі сотталды

    «Балқаш Жылу» серіктестігі директорының бұрынғы орынбасары және бас есепшісі сотталды. Сот үкімімен орынбасар 5 жыл 5 айға, ал есепшісі 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар бюджеттің 708 млн теңгенің жымқырған. Тергеу барысында күдіктілер 144 млн теңгені ақшалай қайтарды. Сондай-ақ, сотталғандардан 3 бөлмелі пәтер мен Lexus автокөлігі тәркіленді.

    «Сотталған азаматтар 2020 жылғы маусым мен 2023 жылғы қаңтар аралығында Балқаш ЖЭО мен Балқаш қаласын жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және жұмысын үздіксіз қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражатын іс жүзінде қандай да бір азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалмаған жалған кәсіпорындардың шоттарына негізсіз аудару жолымен ұрлаған», — делінген ҚР Қаржылық мониторингі агенттігінің ресми хабарламасында.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    «Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «АФМ Insider» телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі» — делінген аталған ведомствоның хабарламасында.